Туған жерге тағзым

0
1479

Асыл жерім, ауылым алтын бесік,
Есігіңе кіріп келіп, сәлем бердік.
Жусан иісі аңқыған көркем Жәпек
Өзіңді бір мақтаумен жаным әлек.

Туған жерім алтыннан қымбат болдың
Жанымнан жыр төгуге себеп болдың
Шап-шағын ауыл болып көрінгенмен
Мен үшін алып қамал шаһар болдың.

Маxаббатым жыр болып арналады
Ауылым Жәпек батыр аталады
Туған жерім өзіңе мың тағзым
Ұрағың өзіңменен мақтанады.

 

Сансызбай Бану

Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы

№4 орта мектеп оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ