Нарында туған батыр ұл (Махамбетке арнау)

0
2009

Махамбет Өтемісұлына арнау

Қазақтың туды батыры Нарында
Ерекшелік болды бір қарымында.
Маxамбеттің ғажайып xас ерлігі,
Руx тұнған жырының сарынында.

Асқақ ақын, ержүрек батыр едің,
Еске алып бүгін сені жатыр елің.
Таңданып, табынудан жалықпадым,
От жалынды жырыңды оқып едім.

Бар қазағым нәр алды от жырыңнан,
Мен осының бәрінен бір сыр ұғам,
Ақындық пен батырлық тұнып тұрған
Жүзіп іштім жырыңның тұнығынан.

 

Сансызбай Бану

Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы

№4 орта мектеп оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ