«Білім іздеген —  Алпамыс» балабақшаға арналған ашық сабақ

0
2808
Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы: «Білім іздеген —  Алпамыс»

Мақсаты:Алпамыс батыр және ертегі кейіпкерлері арқылы қуыршақ театрын кейіптеу. Жұмбақтар жасыру,  тапсырмалар беру,  1- ден 5-ке дейін тура және кері санау, сандарды ретімен орналастыру арқылы білімдерін бекіту.

Ойлау қабілеттерін, қиялын, тапқырлық, қабілеттерін дамыту. Білімге қызығушылықтарын арттыру. Төзімділікке, тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген қорытынды сабақ.

Әдіс – тәсілдері:ертегі терапиясы, сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар, үстел – үсті жұмысы.

Көрнекіліктері:қуыршақ театры, пернетақта, слайд.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері.

Армысың алтын күн!

Армысың Жер ана!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Бүгінгі күн сәтті болсын!

Барлық балалар бақытты болсын!

-Балалар мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер сұраққа дұрыс әрі толық жауап беруге тырысыңдар.

— Балалар біз қандай елде тұрамыз?

— Елордамыз қай қала?

— Балабақшамыз қалай аталады?

— Тобымыз қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар балалар бізідің тобымыз «Алпамыс» тобы. «Алпамыс» кім болған?

— Неліктен біздің тобымыз батыр атымен аталады?

— Иә, Алпамыс батыр ержүрек, елін жаудан қорғаған, мықты, ақылды батыр болған.

(Сурет көрсету. Батырдың суреті)

-Сендер де өскенде елдеріңді қорғайтын батыр, ақылды азамат боласыңдар.

Ерте, ерте,ертеде Алпамыс батыр сендер сияқты бала болыпты. Достарының ортасында ақылды, дара болыпты. Ол бірде ойланып отырғанда, мені бәрі мықты, батыр дейді. Менің күшіме білімім сайкеле ме деп ойланыпты. Көп білуге құмартып, білім іздеп жолға шығыпты.

Білім іздеген бала жолдың қиындығына шыдайды.

Бір кезде алдынан Жалмауыз кемпір шығады.
  • Ха, ха, ха Жол болсын батырым. Қайдан келесің?
  • Алпамыс батыр: — білім іздеп келемін. Маған кедергі жасама – дейді.
  • Ендеше менің тапсырмамды орындасаң жолың ашық. Мен саған жұмбақтар жасырамын. Жауабын табуға тырыс.

Жұмбақтар:

1 Өзі қу, жүрген жері айғай шу.  (түлкі)

    2 Қалың майдан маймаңдап,

Қорбаң-қорбаң жүреді.

Көктем мезгілі келгенде,

Тұрды орнынан айғайлап.         (Аю)

    3 Далада жүр шапқылап,

Керемет тым сақ құлақ.

Көлеңкесінен қашатын,

Жануар екен ол қорқақ.   (ҚояН)

Слайдқа түлкі, аю, қоянның суреттері шығады.

-Балалар түлкі, аю, қоян бұлар нелер?

-Бұлар қандай жануарлар?

-Дала жануарлары.

Келесі жұмбақтарымды тыңда.

1 Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.   (Түйе)

2 Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ,

Мінсең көлік,

Сүті дәрі

Еті тамақ.     (Жылқы)

3 Иір екі мүйізі бар,

Мөңіреген дыбысы бар.

Төрт түліктің бірі

Ол қандай жануар?         (Сиыр)

  • Балалар бұлар қандай жануарлар?
  • Үй жануарлары.
Мыстан кемпір:- Қап әттеген-ай. Мына балаларды ай  Келесі жұмбақтарымды тыңда.

1 Құстар жайлы.

Тақылдатып мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді.

Зиянкесті жазалап.    Тоқылдақ

Иілген сұлу мойыны бар,

Су бетінде жүзеді.

Атуға оны болмайды,

Ол қандай құс, кім біледі?     Аққу

 

Құйрығы айыр, бауыры ақ,

Жылдам ұшатын

Мыстан кемпір: — ой, ой жолым болмады – ау.

Алпамыс: — рахмет сендерге, балалар.
  • Мыстан кемпірден құтылған Алпамыс алға қарай жүре береді. Жолдың қиындығына да шыдай біледі.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш.

Бойға жинап күш,

Бес жасқа біз толамыз.

Мықты бала боламыз,

Елімізді қорғайтын Батыр бала боламыз!

Бір кезде айналасын  дүрсілдеткен? дыбыс шығады.

-Бұл кім болды екен?

— Жалғыз көзім болса да,  алыстан  сені байқадым. Бүгін дәмді ас жейтін болдым.

— Жалғыз көзді дәу, жолыма кедергі жасама.

Дәу: — Жарайды. Мен жейтін азық іздеп келе жатқанда, алдымнан түрлі азық- түліктер шықты. Осы азық – түліктердің қайсысы пайдалы, қайсысы пайдасыз екенін ажыратып, қоржындарыма салып бер. Дұрыс тапсаң жолың ашық, таппасаң өзіңді жеймін.

  • Балалар бұл Алпамыс балаға таныс емес. Қәне көмектесейік.

Тапсырма. «пайдалы және пайдасыз азық – түліктерді ажырату»

Дәу:- Жолың болсын, Алпамыс.

Алпамыс алға қарай жүре береді.  (айдаһардың дыбысы естілсе) Алдынан Қаһарын төгіп, аузынан от шашқан  үш басты айдаһар кездеседі.

  • Сенбісің Алпамыс батыр – бала? Бұл жерден еш адам аман – есен құтылмаған. Сен де бізден құтылмассың.
Алпамыс батыр: — айдаһарлар жолыма бөгет болмаңдар. Мен білім іздеп келемін.

Алтын қазынаң болмаса, білімнің қажеті қанша?

Алпамыс: — Білім – байлықтан да қымбат. Білімді болсаң, кез – келген алтын сандықтың кілтін де табасың.

  • Ендеше бізде бір алтын сандық бар. Сол сандықты аша алмай отырмыз. Себебі сандықтың тапсырмасы бар. Алтын сандықтың тапсырмасын біз орындай алмадық. Сен тапсырманы дұрыс орындасаң, алтын сандық ашылады. Орындай алмасаң жолың жабылады.

Алтын сандық тапсырмасы: «пішіндерге ұқсас затты тап»

  • Алдымен балалар, геометриялық пішіндерді еске түсіріп, қайталап алайық.

Геом. Пішіндерді қайталау.

Сұрақтар беру.

  • Бұлар қандай геометриялық пішіндер?
  • Түстері қандай?

Қимылды ойын «Пішіндерге ұқсас заттарды заттарды тап»

Тәрбиеші;-Алпамыс бала ұзақ жолда келе жатады. Алдынан Самұрық құсы кездеседі.

-Самұрық неге көңілсізсің?

— Көңілсіз болмай қайтейін. Қатты жел тұрып, ұядағы жұмыртқаларым шашылып қалды. Соларды ретімен орналастырып және санай алмай отырмын.

Тәрбиеші: — Қане балалар көмектесіп жіберейік.

Балаларға жұмыртқаларды сандық ретімен орналастырту. Тура және кері санату.

Жерге түсіп қалған  жұмыртқаларды Самұрық құсы ұясына орналастыру.

  • Балалар енді осы жұмыртқаларды  үстел үстінде 1-ден 5-ке дейін ретімен орналастырайық.
Үстел үсті жұмысы. «Сандарды ретімен орналастыр»

Самұрық құсы: — Рахмет саған. Алпамыс және сенің достарыңа. Кел менің қанатыма жайғас. Мен сені «Самұрық» құсы деп аталатын балабақшаға алып барамын. Ол жақтан білімнің бастауын алып, көп нәрсені үйренесің.

Самұрық құсы Алпамысты қанатына мінгізіп, балаларға алып келеді.

  • Сәлеметсіңбе Алпамыс. Біздің тобымызға қош келдің! Енді бізбен бірге білім әлемінде бірге бол.

Балаларға сұрақтар беру.

  • Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Қандай кейіпкерлер болды?
  • Самұрық құсына қандай көмектер бердіңдер?

Сабақты қорытындылау. Балаларды мақтап, марапаттау.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ