Келді міне, алтын күз! (сценарий)

0
4839
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Келді міне, алтын күз!

(Ортаңғы топтарға арналған ертеңгілік)

Музыка ойнап тұрады.

Сахна сыртынан дауыс естіледі.

-Хабарландыру! Құрметті ата – аналар, қонақтар!

Тыныштықты сақтаңыздар.

Телефондарыңызды өшіріп,

Сахнаға назар аударыңыздар.

Алтын күз мерекесін, асыға күткен,

Тәп – тәтті біздің балапандарды

Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Балалар әуенмен сахнаға кіреді.

Екі қатарға тұрып, түрлі қимылдар жасап, билейді.

Жүргізуші: — Армысыздар  құрметті ата- аналар, қонақтар!

Бүгінгі  мерекеге қош келдіңдер балалар!

Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын табуға дайынсыңдарма?
  • Жиын – терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Жемістер мен көкөністер піседі,

Қызыл – сары жапырақтар түседі.

Берекелі, мереклі қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Балалар жауабы: «Күз» мезгілі.

  • Бәріміз бірге «Күз келгенде» әнін орындайық.

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қанекей қол соғып қарсы алайықшы.

Ортаға музыка әуенімен «Алтын күз» келеді.

  • Армысыздар балалар,

Күзгі бақтағы қонақтар,

Өздеріңе әкелдім.

Күздің сыйын көз тартар.

-Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар!

Балалар мен өздеріңе асығып жеттім.

Жаздан кейін кезек күттім. Мен туралы не білесіңдер, айта қойыңдаршы,  балалар.

Балалар ортаға алтын  күзге арнаған тақпақтарын айтуға шығады
  • бала.

Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз!

2 -бала

Түсіп жатыр аулада,

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келдің бе?

Сарғайыпты жапырақ.

3- бала

Жемісті мол теретін,

«Күз» дос екен біздермен,

Бәрін тауып беретін

«Жомарт» екен күз деген!

4-бала

Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша,

Би билеп бәріміз,

Қуанайық балаша!

Жүргізуші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Балалар сендер көкөністер мен жемістер жегенді жақсы көресіңдерме? Ендеше ертегі тамашалайық.

Ертегі «Тілазар баланың басынан кешкен оқиғасы»

Автор:— Ертеде бір ерке балақай болыпты. Ол дұрыс тамақ ішпейді екен.

Анасы: — балам тамағыңды жей қойшы.

Баласы: — Жемеймін. Тамақ жегім келмейді.

Анасы:- Балапаным, тамақ жесең үлкен болып өсесің. Ақылың көп болады.

Бала: — Жемеймін, кәмпит жегім келеді.

Анасы:- Енді қайтсем екен? Мен саған шырын әкеліп берейін. (анасы кетіп қалады)

Автор: — Осы кезде үй сыртынан өтіп бара жатқан Қасқыр ерке баланың еркелігін байқап қалады.

Қасқыр: — Аууу мына ерке бала анасын тыңдамайды екен. Маған осындай балалар керек еді. Мына баланы мен орманыма алып кетейін.

Автор: — Бала анасын тыңдамады. Анасы дайындаған асты ішпеді.

Қасқыр баланы алып кетеді.

Бала: — Анашым, құтқаршы. Жоқ бармаймын.

Осы кезде серуендеп келе жатқан күз ханшайымы алдарынан шығады.

Күз ханшайымы: — Қасқыр жібер балақайды. Оны қайда алып барасың?

Қасқыр: — Жібермеймін. Маған осындай тілазар, ерке балалар керек. Оны өзіммен орманға алып кетемін.

Күз ханшайымы: — Қасқыр баланы маған бере ғой. Бұл бала ақылды, анасын тыңдап, тамақты жақсы ішетін болады.

Қасқыр: — Жарайды,  жіберсем жіберейін. Анасын ренжітсе мен тағы да келемін. (Қасқыр кетіп қалады)

Алтын  күз:- балақай, тамақ жемей, тәттіні көп жесең тісің ауырады. Тісі ауырған баланы дәрігерге апарады. Кәмпиттің орнына жемістер мен көкөнісер жегенің дұрыс болады. Олардың құрамында дәрумендер мол. Уақытылы жеп отырсаң бойың өсіп, ақылың толысады. Ауырмайтын мықты бала боласың.

Күз ханшайымы қолындағы таяғымен сиқырлап:

  • Қайда менің көкөністерім мен жемістерім?

Балақайға бар ма ақыл – кеңестерің?

Көкөністер мен жемістер ортаға шығады.

Алма:

Мен алмамын, алмамын.

Мені жемей қалмағың,

Мені жесең балақай .

Мықты бала болғаның!

Алмұрт:

Алмұрт деген арумын,

А,С дәрумендерінің көзімін.

Мені жеген балалар,

Білімді бала бола алар.

Сәбіз

Мен сәбізбін, сәбізбін.

Адам бойын өсірем,

Аурудың көзін кетірем.

Бойшаң сұлу сәбізбін.

Күн көзімен жетілем.

Қарбыз.

Мен қарбызбын,

Шөлдесе шөлі қанатын.

Бүйрекке шипа табатын,

Адам үшін пайдалы.

Жоғары менің санатым.

Өрік

Мен өрікпін, өрікпін.

Дастарханға көрікпін,

Мені жесең балақай

Жүрегің жақсы соғады.

Өмірің ұзақ болады!

Бала қолын шапалақтап қуанады.

  • Рахмет, алтын күз. Маған жемістер мен көкөністердің кеңестері ұнады. Енді мен көкөністер мен жемістерді жуып жеймін. Тамақты да жейтін боламын. Сау болыңдар, балалар!
Алтын күз: — Қанекей жемістер мен көкөністер бәріміз би билеп жіберейік.

Жемістер мен көкөністер Алтын күзді ортаға алып би билейді.

Осы кезде найзағай ойнап, күн күркірейді.

Жүргізуші: — Бұл кім болды екен?  Біздің мерекеміздің шырқын бұзғысы келген? Мұндай ғажаайып мерекеде балаларды қорқытуға бола ма екен?

Қолына барабан ұстап, дүркіретіп бұлт келеді.

  • Мен бұлтпын ашулымын, қаҺарлымын,

Көңілді жүру ұнамайды.

Мерекені тойлау үшін,

Рұқсатты неге менен сұрамайды. (Балалар күледі)

Ах, қазір мен жаңбырымды төгемін.

Салқын суды сендерге қарай бүркемін. (су атқышпен су атады)

Алтын күздің жанына келеді.

  • Алтын күз, балалармен неге ойнайсың,

Менсіз мерекені неге тойлайсың?

Мына мен тұрғанда ойнауға, күлуге, билеуге болмайды,

Қазір күзді алып кетемін.

Найзағайды сендерге қалдырамын.

Алтын күз: — Бұлай жасауға болмайды, бұлт. Ашуланбашы. Балалардың қызықты мерекесін бұзбашы. Қазір бізге найзағай да, бұлтта керек емес.

— Балалар жаңбырдан бізді не қорғайды?

— Балалар: — «қолшатыр» деп жауап береді.

Қанекей «қолшатыр» ойынын ойнап жіберейік.

Ойын «қолшатыр»

Бұлт:- А, сендер менен қорықпайды екенсіңдер. Ендеше мен алтын күзді алып кетемін. (Бұлт алтын күзді алып кетеді)

Жүргізуші: — ой, балалар енді қайттік?

Музыкамен кірпі келеді.

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Неге көңілсізсіңдер? Мен жаз бойы саңырауқұлақ, алма, жапырақтарды қысқы азық қылып жинап аламын. Күз келгенде ұйқыға дайындаламын. Ой, ұйқым келіп тұрғаны. Қане достарым келіңдер. Балалардың көңілдерін көтеріп, би билеп берейік.

«Саңырауқұлақтар» биі.

Жүргізуші: — Бізге қонаққа келген Алтын күзді ашулы бұлт келіп, алып кетті.

Кірпі: — қамықпаңдар, балалар. Ендеше мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр. Бұлттың да ашуы тарқап, Алтын күзді босатар.

Ойын «кім жасырынды?»

Кірпі:- Рахмет балалар! Саңырауқұлақтарымды алып, ұйықтауға дайындалайын. Кездескенше сау болыңдар, балалар! (балалармен қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: — Балалар, бұлт бізге әлі ренжіп жүрген сияқты. Бәріміз бірге «бұлт пен жаңбыр» әнін айтайықшы.

Ән «Бұлт пен жаңбыр»

Бұлт Алтын күзді алып келеді.

Бұлт: — Ой балалар, мен сендерге Алтын күзді алып келдім. Мен босқа ашуланыппын. Жаңбырсыз күз, күз мезгілінсіз жаңбыр болмайды екен. Бәрінен де достық қымбат екен.(Бұлт пен алтын күз құшақтасады)

Қане балалар біз де құшақтасып, дос болайықшы бір – бірімізбен. (балаларда құшақтасады)

Алтын күз:- Балалар, біз бұлт екеуіміз сендерге сыйлық әкелдік.

Алтын күз қолындағы таяқшасын айналдырып;

-Сиқырлы таяқшам, сиқырла,

Балаларға сыйлығыңды дайында.

Сиқырлы таяқшам, сиқырла,

Балаларды қуантуға дайындал.

Бұлт себетті әкеліп береді. Себетті сиқырлап, орамалын ашып, себет толы жемістерді балаларға көрсетеді.

Алтын күз бен бұлт: — Балалар сендермен қоштасатын кез келді. Келесі күз мезгіліне дейін қош сау болып тұрыңдар. (балалармен қолштасып шығып кетеді)

Жүргізуші; — Осымен бүгінгі еретңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Аман – есен болыңыздар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ