Бразилия. Аргентина

0
1604
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Бразилия — көлемі мен халқы жөнінде дүние жүзіндегі аса ірі елдердің бірі. Ол — Оңтүстік Америкадағы ең дамыған және бай елдердің бірі. Оның халқы — бразилиялықтардың — шыққан тегі аралас. Халықтың көбі португал тілінде сөйлейді.

ЖОСПАР

  1. Бразилия. Аргентина
  2. Табиғат жағдайлары.
  3. Халықтың шаруашылық әрекеті.
  4. Халықтың тұрмысы.
  5. Перу
  6. Табиғат жағдайлары
  7. Таулы бөлігі.
  8. Амазония.
  9. Шаруашылығы.
  10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

ЖЕКЕЛЕГЕН ЕЛДЕРДІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Бразилия.       Аргентина

Бразилия — көлемі мен халқы жөнінде дүние жүзіндегі аса ірі елдердің бірі. Ол — Оңтүстік Америкадағы ең дамыған және бай елдердің бірі. Оның халқы — бразилиялықтардың — шыққан тегі аралас. Халықтың көбі португал тілінде сөйлейді.

Табиғат жағдайлары. Бразилияның орасан зор территориясында табиғат өте алуан түрлі, бірақ барлық табиғат комплексін екі табиғи аймаққа — Амазония мен Бразилия таулы үстірттеріне біріктіруге болады.

Амазонияны толығымен космостан ғана көруге болады. Оның тегіс жер бетін суы мол өзендердің қалың торы тілімдеп, мәңгі жасыл, ну ормандар жапқан. Өте бағалы ағаштар биік жерлерде өседі. Осы ормандарда каучук ағашының шырыны, балауыз, жаңғақ жиналады, хош иісті және дәрі-дәрмек өсімдіктері дайындалады. Бірақ орасан зор орман байлығы нашар пайдаланылып отыр.

Амазония ормандарымен ғана бай емес, шөгінді жыныстардан мұнайдың, табиғи газдың, түсті металдардың қоры табылды. Өзендерде балық көп — Жердегі тұщы су балықтары түрлерінің үштен бірі осында.

Негізгі халқы үндістер, олар өздерінің бұрынғы ата-бабаларының тұрмыс-салтын сол күйінде дерлік сақтап отыр. Аңшылық және балық аулау, қарапайым егіншілік пен өсімдік жинау — міне, олардың айналысатын ісі. Аңшылар осы күнге дейін садақ пен жебені пайдаланады, әйелдер жерді ұшталған ағашпен қазады.

Амазония арқылы автомобиль жолының салынуы жері жоқ шаруалардың осында көшіп келуіне мүмкіндік берді. Оталған ормандардың орнында олар жер жыртып, мал өсіруде.

Бразилия таулы үстіртінің жер бедері алуан түрлі. Тегіс биіктеу жазықтармен қатар, аласа таулар да кездеседі. Таулы Үстірттің көтерілген учаскелері Атлант мұхиты тұсында күрт құлама жағаға айналады. Кристалл жыныстарда темір, марганец, түсті металл рудаларының мол қоры бар. Магманың жер қыртысының жарықтарына енуі алмаздың, сирек металдар рудаларының (мысалы, уран) түзілуіне жағдай жасады.

Өсімдіктердің әр түрлі болуы Бразилия таулы үстіртінің алуан түрлі климатына байланысты. Ұдайы ылғалды тропиктік ормандар мүхиттан алыстаған сайын саванналарға ауысады. Мұнда өзендерді бойлап, балауыз пальмалар өсетін галереялық ормандар созылып жатыр. Елдің оңтүстігінде қылқаң жапырақты мәңгі жасыл және аралас ормандар өседі. Мұнда Бразилия араукариясының мәңгі жасыл шіліктері кездеседі, олардың арасьшда парагвай шайы көзге түседі.

Таулы үстірт өзендерінде шоңғалдар мен сарқырамалар көп. Олардың зор әнергиялық қорлары бар,  мұнда әлектр станциялары салынған.

Халықтың шаруашылық әрекеті. Бразилия өнеркәсібі жақсы дамыған елдердің қатарына жатады.

Ел темір және марганец рудаларының, боксит пен басқа да қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алып отыр. Халықтың бір бөлігі шахталарда, кеніштер мен карьерлерде, мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істейді. Өндірілетін рудалардың жартысы шетел капиталистерінің қолында. Әскери өнеркәсіпке арналған шикізат негізінен АҚШ-қа шығарылады. Жағаға таяу орналасқан заводтарда металл қорытылады, автомобиль, трактор, өзен және теңіз кемелері, үшактар жасалады. Өнеркәсіптің кауырт дамуына байланысты елдін табигат жағдайлары нашарлап барады.  Ауа  мен суға  ластанған заттардың  шығарылуы  көбейе түсуде.

Соңғы уақытта елде табиғат қорғау жөнінде шаралар қолданылуда. Сирек кездесетін табиғат объектілері бар көптеген ұлттық парктер құрылды.

Ел халқының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Жарамды жерлер елдегі, оның ішінде шетелдегі ірі помещиктер мен капиталистердің қолында болды. Отарлық қалдықтар: жұмыспен өтеу, борыш кіріптарлығы сақталған; қол еңбегі кеңінен қолданылады. Ауылшаруашылық дақылдарының көп бөлігі (кофе, какао, мақта, қант құрағы) баска елдерге шығару үшін өсіріледі.

Халықтың тұрмысы. Португалдардың, үндістер мен негрлердің дәстүрлері мен салттарынан халықтың тұрмысын көруге болады. Португалдықтар Бразилияға өзінің тілі мен сәулет өнерін ала келді. Үндістерден үй-іші жиһазын — кілемшелер, гамак, қалта тоқу, мебель өру, сондай-ақ селолық жердегі үйлердің төбелерін жауып, қабырғасын тұрғызу дәстүрлерін үйренді. Бразилиялықтардың сүйікті көңіл көтеруі — карнавал мерекелері, мұнда африкалық өнердің ықпалы байқалады.

Елдің халқының басым бөлігі жағалауда немесе оған таяу орналасқан қалаларда тұрады. Оңтүстік Американың ең әдемі қалаларының бірі — елдің символы — Рио-де-Жанейро ыңғайлы қойнаудың жағасына орналасқан. Астанасы Бразилия қаласы — елдің орталығында орналасқан. Ол таяуда салын-ды және өзінің жоспарлануы мен сәулеті жағынан оны жасаушылардың ойы бойынша болашақтың қаласына ұқсас.

Бразилия халқының бір бөлігі аузы асқа жарымай, азап шегуде. Әсіресе үндістердің тұрмысы өте ауыр. Олардың тағдыры Бразилия тарихындағы қайғылы беттердің бірі. Португалдық отарлаудан бастап, осы күндерге деңін байырғы халықтың саны 20 есе қысқарды. Үндістердің кейбір тайпалары мүлдем құрып кетті.

Аргентина. Бұл Оңтүстік Американың көлемі жағынан екін-ші елі. Негізгі халқы — испан тілінде сөйлейтін Европадан қоныс аударғандардың ұрпақтары. Үндістердің үлесі онша көп емес. Елдің табиғаты алуан түрлі әрі бай. Аргентина — материктегі шаруашылығы жағынан дамыған елдердің бірі. Оның халқының басым бөлігі қалаларда тұрады. Астанасы — Буэнос-Айрес қаласы.

 Перу

Перу Республикасы көлемі бойынша материктегі үшінші ел. Ол үзақ уақыт бойы Европаның капиталистік елдері мен АҚШ-тың ықпалында болып келді, Перу помещиктері мен буржуазиясының мүддесі үшін ғана дамып келді. Елде жүмыссыздар көп, сауатсыздық әлі орасан зор, бес тұрғынның екеуі не оқи, не жаза білмейді. Тек соңғы онжылдықтарда ғана шаруашылық тәуелсіздікке жетіп, шетел капиталистерінің ықпалын шектеуге апаратын өзгерістер байқалып отыр.

Перудің халқын үндістер, испандар мен метистердің ұрпақтары құрайды. Елде екі мемлекеттік тіл — испан және кечуа тілі бар. Испан тілінде сөйлейтін перуліктер негізінен қа-лаларда, кечуа үндістері селолық аудандарда тұрады.

Перу — ең ежелгі цивилизация елі, ол Оңтүстік Амери-каның Археологиялық мүзейі деп орынды аталады.

Табиғат жағдайлары. Елдің табиғаты ғажайып алуан түрлі және әркелкі. Тынық мұхиттың бойымен Анд таулары ас-қақтап тұр, құнарлы аңгарлар қарлы тау шыңдарымен, ал Амазонияның ұшықиырсыз ормандары шөлдермен ұласып жатыр.   Табиғат   жағдайлары   бойынша   ел   үш   бөлікке   бөлінеді.

Жағалаулары. Бұл теңіз маңының жазығы мұхитты бойлай 1600 км енсіз (80 км-ден 180 км-ге дейін) алап болып созылып жатыр. Ол тропиктік шөл аймағында орналасқан. Жағалауды таудан ағатын өзендер тілімдейді, олар жауын жауатын және Андтағы қар мен мұздықтар еріген кезде ғана кемеріне толады. Өзендердің қүрғақ арналары мұхитқа апаратын ғажайып жолдар торабын еске түсіреді. Жағалаудағы өсімдіктер тым жұтаң — кактустар, қатты шөптер шоқтары ғана бар.

Халық өзен оазистеріне шоғырланған. Суармалы жерлерде қант құрағы мен мақта плантациялары жасалған.

Перу жағаларындағы Тынық мұхит суы балыққа бай. Соңғы жылдарда ел дүние жүзіндегі ең «балықты» елдердің біріне айналды.

Таулы бөлігі. Жағадағы шөлдерден әрі Анд таулары күрт бой көтереді. Тауларды өзен аңғарлары жекелеген жоталарға бөліп тастаған. Жоталар арасында жоғары биіктікте таулы үстірттер жатыр. Тау климаты алуан түрлі. Батыс жоталарда жауын-шашын аз, ал шығыс жоталарда ылғал мол. Таулы үстірттердің климаты биік таудың климатындай. Таулы үстірттердің оңтүстік-шығыс бөлігінде Титикака көлі орналасқан. Көл жағасында қамыс шілігі өседі, бұдан үндістер баспана тұрғызады, өздерінің сал қайықтарын тоқиды. Көлге жанасып жатқан құнарлы жерлерде ежелгі заманнан бері үндістер егіншілікпен айналысып келеді. Нақ осы жерде картоп алғаш рет өсіріле бастады.

Таулы үстірттерді шалғындар басқан, олар таудағы мәңгі қарға дейін үласын жатады. Жауын-шашын азая түеетін жерде шалғындар тау даласына ауысады. Бұл шалғындар мен далалар — ірі қара, қолда үйретілген лама, қой үшін тамаша жайылымдар. Мұнда ірі помещиктік шаруашылықтар құрылған. Үндістер деревняларда тұрады. Олардың шагын үйлері тастан салынады, жер едені бар және төбесі шөппен жабылады. Үй төңірегіндегі жер учаскесі тас ңабыргамен қоршалған.

Таулары пайдалы қазбаларға бай. Түсті металдар рудаларының қоры көзге түседі, олардың ішінде мыс кен орындары ерекше орын алып отыр. Пайдалы қазбаларды өндіру елдің өнеркәсібінде жетекші роль атқарады. Кеніштер жоғары биіктікте орналасқан, мұнда үндістер ауыр климат жағдайларында жұмыс істейді. Бұрын руда өндіру американ капиталистерінің иелігінде болатын, қазір ол тұтасымен дерлік мемлекеттің қолына көшті.

Амазония. Елдің бұл бөлігін ұшы-қиырсыз ормандар алып жатыр, ол арқылы суы мол Амазонка мен оның салалары баяу ағып жатыр. Өзендер орманда жол қызметін атңарады. Қатынас үшін бір өзеннен екіншісіне тартылған арнайы соқпақтар пайдаланылады. Амазонкада порт және елдің осы бөлігіндегі басты қала — Икитос тұр, оған өзен арңылы Атлант мұхитынан теңіз кемелері көтеріледі. Перудегі Амазонияны шаруашылық жағынан игеру енді ғана басталды. Әзірге ағаш, каучук, шайыр дайындалады.

Шаруашылығы. Перу — табиғаты бай ел, бірақ ол әзірге өте аз пайдаланылуда. Елде түсті металдар рудаларынан басқа, мұнай, фосфорит және басқа пайдалы қазбалар кен орындары бар. Өзендердің күші орасан зор және көп энергия бере алады. Тау арасындағы аңғарлар құнарлы топырағымен әйгілі, ал мұхит суы балықңа бай. Бірақ осы табиғат байлықтарын пайдаланудың көптеген қиындықтары бар. Жағалауда суару үшін су жетіспейді, алпығыс бөлігінде ылғал шектен тыс мол, құрғату керек. Тауда барлық жарамды жерді адам пайдаланады, бірақ топыракты өңдеудің артта қалған тәсілдері қолданылып отырғанда, ол тез құнарсызданады.

Халықтың көп бөлігі ауыл шаруашылығымен, кен және балық өнеркәсібімен айналысады. Түсті металдар балқыту дамып келеді. Қалалар, оның ішінде  елдің астанасы Лима да, негізінен мұхит жағалауларына орналасқан.

Перуде территориялардыңғ әсіресе табиғаты жағынан бай территориялардың шаруашылықтарын дамытуға нашар  жерлерді жақсарту, Андтың беткейіндегі өзендер суын Тынық мұхит жағаларына бұру жөніндегі жобалар жасалуда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Материктер мен мұхиттар географиясы В.А.Коринская, В.А.Щенев, И.В.Душина
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ