Бруцеллёз (мальта қызбасы).

0
1979
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады.

ЖОСПАР 

Кіріспе

1.Бруцеллёз (мальта қызбасы).

Пайдаланылған әдебиет

 

К і р і с п е

Індетке қарсы күрес жүргізетін бөлім Республика көлемінде кездесетін жұқпалы аурулар мен паразит ауруларын болдырмау, алдын алу, сақтандыру және оған қарсы күрес жоспарын жасап, олардың орындалуын, аурулардан тазарту мумкіншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдай жасап, осы аурулардан тазарту мумкуншіліктерін іске асырады. Бірінші мал дәрігерлік есепке талдау жасап, осы аурулардан өлім-жетімге ұшарамауын қадағалайды. Сонымен қатар облыстардағы мал дәрігерлік қызмет салаларының дәрі-дәрмек, зарарсыздандыру заттарымен, биологиялық препараттармен қамтамасыз етілуін қадағалайды.

Малдың бруцеллез індетіне қарсы бөлім Республика көлемінде мал арасында бруцеллез ауруының  пайда болу жолдарын тексеру, таралуын анықтайды, олармен жоспарлы түрде /шарушылықтардың мал өсіру бағатына сәйкес/, курес жүргізілу шараларын белгілейді. Малы сау шаруашылақтарды осы аурулардан сақтандыру және ауру тараған шаруашылықтарды одан арылту мүмкіншіліктерін жан жақты жоспарын жасап, дер кезінде орындалуын қадағалайды. Облыстағы індеттерге қарсы күресетін арнаулы экспедициялардың жұмыстарына басшылық етеді.

Қазақстан бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қыщмет салалары заман талабына сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі күрес қосып, келеді. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданындағы Жалпактал аулының және оған қарасты мал дәрігерлік учаскелер бар. Соның ішінде бруцелезге қарсы құрылған аудандық экспедицияда 12 мал дәрігері қызмет жасайды. Бұл аудан аймағанда жыл сайын тіркеліп отыр. Сондықтан бруцеллезді болдырмау үшін аудандық аумақтақ басқармабар күшін салады.

Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бул ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі.

Әдебиетке шолу

Конопаткин А.А-ның /1984 / мәліметіне сүйенсек бруцеллез /brucellosis/-аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы ауруы.

Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде.

Қоздырғыш. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, /0,6-1,5*0,5-0,7 мкм/. Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді.

Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады, киімде – 14 кун, ірімшік,май, тұздалган теріде – 67 кун, тұздалған етте – 3 айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта – 4 айға дейін өміршендігін сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке тускен кун саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид  (1%) ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк – 2 сағатта өлтіреді.

Індеттік ерекшілктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.

Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда  2-3 жыл сакаталып, оқтын-оқтын сутпен бөлініп тұрады.

Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың шуымен  не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.

Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мумкін. 2-3 жыл өткен  соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды аралстыру індетті өршетіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.

Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, сотының нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.

И.А. Тарасовтың (1937) мәліметі бойынша Br. Melitensis – жоғары вирусенттіштамының 50 мың бруцелласының 10-ы қойларда тек лимфа туіндерінің аймақтық инфекциялануын тудырды, ал 100 мың доза-генерализденген инфекциялануын тудырды. Бұдан мынадай қорытынды жасалды: салыстармалы түрде қойлар бруцеллез инфекциясына төзімді және олардың кілегеі қабығы мен тері арқылы зарарлануы үшін бруцеллалардың көп мөлшері керек.

Елеміздің әр түрлі мекемелерінде бруцеллалардың вируленті штаммдарын титрлеген кезде Br.melitensis штаммынын конъюктиваішілік және тері астына егіп жұктырудағы салыстырмалы шамамен орташа көрсеткішінің 25 тен 100 мың микроб денесі екенін анықтады (М.М. Иванов, Е.С. Орлов) Бұл жағдайда белгілі уақыттан ке»ін қанда спецификалық антидене тудыратын, аз уакытты бактериена және жануар ағзасының бөлек органдары мен ұлпаларына қоздырғыштың енуін тудыратын бруцелла дозасы айтылған.

Қайдағы сияқты сиырда да Br. Abortus-қа төзімділік бар. Бұл жануар үшін орташа зарарлану дозасы көздің кілегейлі қабығына ендірілген 10 нан 100 млн. Микробды денеге жетеді. (М.М. Иванов,Е.С. Орлов және басқалары). Қолдан зарарлаған кезде қыздыргыш дозасымен инкубациялық кезеңнің ұзақтығы анықталады. Бірақ ол үшін группадағы жануарлардың  массасы мен жасы бірдей болулары керек.

Латентті микроблоздың қалпы, яғни ағзада қоздырғыш тіршілік ете тұра, ана органдарын зарарламауы, адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялық ауруларының біліну қалпы екенін естен шығармау қажет.

(А.Зильбер, 1958)

А.Триленко (1956),Плане (Plomet, 1971) және басқа авторлар көрсетуінше, инфекция көзі болып қалыпты бұзалау кезіндегі бруцелла бөлетін сиырлар да жатады.

Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық бруцеллезге әкеліп соғуы мүмкін.

Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллез – бұл адамдар мен малдардың, бруцелла –төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 75 күнге, жерде — 3 айға, қойдың жүнінде — 3-4 айға, сүтте — 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.

Қалай жұқтыруға болады

Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар.Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады.

Адамдар осындай малдармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін(сүт, ірімшік, май т.б.) қолданғанда, тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда, мал сойғанда) жұқтырады.

Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.
Жіті бруцеллез қалай өтеді

Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, ауру біртіндеп басталады. Қызу 37°-тан 39-40°-қа дейін көтеріліп 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді.Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындары ауырады.
Созылмалы бруцеллез

Созылмалы бруцеллез белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді түрінде қалыпты жағдайдағы адамда аздап қызу көтеріледі. Аурудың жағдайы ауру белгілері байқалғанда күрт төмендейді. Бұндай жағдайда сүйену-қозғалу аппараты зақымданады, соның нәтижесінде, бірнеше буын, негізінде ірі буындар және омыртқа (бел-сегізкөз). Буындары мен омыртқасы қозғалысы шектеліп, ауырсынып жүреді. Жүйке жүйесі, (радикулит), жыныстық жүйе бұзылады (еркектерде белсіздік, әйелдерде бедеулік).
Созылмалы белсенді емес бруцеллез- асқынусыз айлап, жылдап жүре беретін ауру.

Бруцеллездің салдары

Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындарда түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер қал

Болжам:

Бруцеллезбен ауырғанда өлімге әкеп соқтыратын жағдайлар аз. Ауру жиі жағдайда асқыну нәтижесінде, ауру салдарынан (буын қозғалысының шектелуі) еңбекке жарамсыз болып қалуы мүмкін.Ми зақымданғанда еңбекке жарамдылық төмендейді.

Бруцеллезді қалай анықтауға болады

Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.
Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллездің алдын алу – бұл ауылшаруашылығы малдарының бруцеллезімен күресу және оларды күтіп-баптаудың ережелерін сақтау. Бруцеллез ауруы қаупі бар адамдарды (сауыншы, табыншы, ет комбинаты жұмысшылары) бруцеллезге қарсы егу.

Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарарсыздандыру: сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3ай ұстау.
Мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланып, 20 хлор әгімен, 5 сабынкреозол қоспасымен, 2 формальдегид ерітіндісімен зарарсыздандырылуы керек.

Барлық мал күтетін адамдар жеке бас тазалығын сақтап және жылына 1рет алдын алу тексеруінен өтулері керек.

Аурудың таралуына не себеп?

Көбіне бруцеллез мал уақытында етке тапсырылмайды. Сол себептен ауру өзге малға жұғып, бруцеллездің жойылмай етек алуына соқтырады. Малы ауру ауылдың тұрғыны өз күшімен малын қалаға әкеп тапсыра алмасы анық. Облыстағы көп ауданның ішіндегі Сырым ауданы екінші жыл қатарынан тұрғындардың бруцеллезге шыққан малын облыс орталығындағы ет өңдейтін кәсіпорындарына жеткізу үшін аудандық бюджеттен  бір млн. теңге қаражат пен көлік бөлген.  Ал өзге аудан басшыларына мұндай көмек көрсету жөнінде облыстық инспекция тарапынан ескерту хат жолданғанымен, еш нәтиже жоқ. Бұл – бір.

Екіншіден, ірі қара малдың қаны тек облыс орталығындағы ветзертханада ИФА тәсілімен тескеріледі. Аудандарда ветеринарлық зертхана болғанымен, ешқайсында ондай сараптама жасайтын құрылғы жоқ және зертханалардың дені ескі, жаңа модульді зертхана салу жайы 2008 жылдары қозғалғанымен, дағдарысқа байланысты қағаз жүзінде қалды. Сондай-ақ, 2006 жылдары құс тұмауына қатысты кейбір аудандарға «Хондо» аппараты алынғанымен, одан бергі уақытта қажетті құрал-жабдық, арнайы техника алуға бюджеттен көк тиын да қаралмаған. Сондықтан Жәнібек, Қазталов, Бөкейорда, Жаңақала аудандары облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, мал қанының сараптамасы орталықтан шығып барғанша 3-5 күн өтеді. Осы уақыт аралығында ауру мал қасындағы малға яки қожайынға ауру таратады. Ауылдықтар осы сараптама келгенше, малының бруцеллез екеніне өлсе де, сенбейді. Үшіншіден,кейбір тұрғындар ауру малдың баспағын қыстық соғымға не тұқымдыққа қалдырады. Талап бойынша 45 күннің ішінде қан зерттеуі оң нәтиже берген малдың еміп тұрған баспағы анасынан айырылуы керек. Мұны көпшілік ескере бермейді. Ал қойдан ауру шыққанда, қошқар не қозы болсын, бәрібір, сойылып, өртелуі тиіс. Бруцелла қоздырғышы сиырдан гөрі қойдан адамға жылдам жұғатын аса жұқпалы ауру деседі мамандар.

Төртіншіден, ауылдық жерлерде мал санағы нақты жүргізілмейді. Ауыл тұрғындары соғымға соятынын немесе күзде сататын малын санаққа қоспайды. Сол себепті бруцеллезге малдың барлығы бірдей  тексерілмейді. Ал бруцеллез мал өзге малдан оқшаулануы тиіс. Бұл жағы ескеріле бермейді. Ауылдарда ауырған мал өзгесімен бірге жайылады, бірге қамалады. Содан соң бұл жайында және аурудың адамға жұққан кездегі салдары жайында ауылда түсінік жұмыстары жүргізілмейді.

Бесіншіден, малды бірдейлендіру жұмыстары өз дәрежесінде атқарылмайды. 2004 жылы аумақтық инспекция басшылығымен бастамасында біркелкі жүрген бұл шаруа артынша жергілікті атқару органдарына берілді де, қожырай бастады. Бірақ биылдан бастап малды бірдейлендіру жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, орталықтандырылады. Сырғалауға жұмсалған шығын заңды, жеке тұлғалардың есебінен кері қайтарылады. Бұл мәселеге салғырт қарауға болмайды, өйткені ол қан алғанда және одан кейін ауру малды шатыстырмай, дәл тауып, қайыра қан алуға көмектеседі. Алтыншыдан, әр қожайын ауру мал ұстаған қорасын залалсыздандыруы қажет. Бұл жағы көп ескеріле бермейді. Содан соң, көкейтестісі, қазір ауылдық жерлерде мал мамандарының орта жасы 40-45-терде. Жас маман ауылға бармайды. Өйткені оларға мұғалім, дәрігерлерге жасалатын қамқорлық жасалмайды, тұрғын үй бөлінбейді. Ауылға баратын жас мамандарға мемлекеттік қолдау-көмек Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жасалады, бірақ, нақ ауылға қажет, дәл осы министрліктің «төл» баласы мал мамандары, ветеринарлар неге екені белгісіз сырт қалған. Малдың жайын түзейтін мамандарға мемлекеттік қамқорлық жасалмайынша, жас мал мамандарының ауылға бет бұруы қиын.

Ауылдағы ағайынның ИФА тәсіліне өкпесі қара қазандай. Бар малды әдейілеп ауруға шығарып жатқандай көреді. «Ал шын мәнісінде олай емес, — деді өз әңгімесінде бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспектор Асылжан Хайретдинов. – Бұрын мал ауруы зертханада  дәрігер-серологтың үш реакция жасауы арқылы жүргізілетін. Ал иммундық-ферменттік анализдың барлығын робот атқарады. Сондықтан нақ аурудың өзінде, тіпті бастапқы сатыда қоза бастаған кезінде анықтайды. Бұрынғы тәсіл әбден ауру күшіне мінген кезінде ғана анықтап беретін. Сондықтан да мал арасын тазартуға  ИФА тәсілі қолданылады. Тек біз емес, бірқатар елдер, соның ішінде ауыл шаруашылығы мықты дамыған Канада да осы тәсілдің көмегімен малын тазартып алған.»

Жануарлардың бруцеллезімен күресудің жалпы ережелері

  • Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:
    1) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
    2) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
    3) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
  • Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.

Ұйымдастыру-шаруашылық шараларға малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитариялық білімдерді насихаттау.

  • Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және зоналарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты туындайтын жеке бөліктері жөнінде осы Ереже бойынша жүргізіледі.
  • Арнайы шараларға осы нұсқауға сәйкес жүргізілетін иммунопрофилактика және диагностикалық зерттеулер мәселелері кіреді.
  • Мал бруцеллезімен күресу жүргізілген індеттанулық талдау нәтижелері бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес пункттерге жатқызылған жануарлар табынының (отарының) белгіленген аумағында жүргізіледі. Соңғысының құрамына індет ошағы және қауіп төнген зона кіреді.
  • Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
  • Бруцеллезбен ауырған мал немесе уақытша оқшаулау мақсатында организмдерінен бруцеллалар белсенді бөлініп жатқан (мысалы шарана суымен, шумен, жыныс жолдарының бөлінулерімен) зақымданған жануарлар тобы орын тепкен қоралар және шектелген аумақ індет ошағының мәйегі болып саналады.
  • Індет ошағы орналасқан елді мекеннің (ауылдың, селоның, поселоктің) немесе шаруашылықтың (жеке қожалықтың, ұжымның) аумағы аурудан таза емес пункт болып есептеледі.
  • Індет ошағының сыртында орналасқан, аурудан таза емес пункттің аумағы, қауіп төнген зона болып есептеледі.

Аумақтың және жануарлардың статусын анықтау

  • Аумақтар бруцеллез статусына байланысты класстарға бөлінеді: таза; А, В және С.
  • Таза класс: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже бермесе.
  • Класс А: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже берген мал 0,25 проценттен аспаса;
  • Класс В: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже берген мал 1,5 проценттен аспаса.
  • Класс С: аудандық әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90 процентін ресми диагностикалық тестілермен тексергенде оң нәтиже берген мал 1,5 проценттен асып кетсе.
  • Жануарлар статусына байланысты сау, шартты түрде сау, ауру және ауруға күдікті тудыратын болып жеке немесе топтарға бөлінеді:
    1) сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестілер бойынша теріс нәтиже берген және аумақтың таза класында немесе аумақтың А және В кластарында бруцеллезден таза табындарда орналасқан;
    2) шартты түрде сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестілер бойынша теріс нәтиже; бірақ соңғы екі айда ауру малдармен жанасқан немесе аумақтың А және В кластары аумағында бруцеллезден таза емес табында орналасқан немесе аумақтың С класындағы барлық табындарда орналасқан;
    3) бруцеллезге күдікті жануарлар: бруцеллезге ресми диагностикалық тестілер бойынша күдікті нәтиже немесе басқа диагностикалық әдістерге оң нәтиже берген;
    4) бруцеллезбен ауырған жануарлар: бруцеллезге ресми тестілер бойынша оң нәтиже береді. А класы аумағында иммунологиялық тестілерге оң нәтиже берген жағдайда, вакцинамен егілгендігі ескерілмеу керек, ал бактериологиялық зерттеулер оң нәтиже бергенде, бруцелланың эпизоотологиялық және вакциналық штаммдарын жіктеу қажет.
  • Бруцеллез ауруы бойынша табынды таза, зақымданған және күдіктіге жатқызады:
    1) таза табын — ресми тестілер бойынша соңғы 12 айда және басқа тестілер бойынша соңғы 2 айда бруцеллезге оң нәтиже бермеген табын;
    2) зақымданған табын — ресми тестілер бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген мал бар немесе эпидемиологиялық жағдай онда инфекция қоздырушысының бастауы барлығын дәлелдеген табын;
    3) күдікті табын — ресми тестілер бойынша бруцеллезге күдікті нәтиже берген мал бар немесе басқа тестілер бойынша оң нәтиже берген табын.
  • Эпизоотологиялық жағдайға байланысты профилактикалық, аралық және сауықтыру шаралардың жоспарлары жасалынады:
    1) профилактикалық іс шаралар жоспары — бруцеллезден таза ауылдық округтегі шаруашылық субъектісіне дайындалады.
    2) аралық іс-шаралар жоспары — ауру шыға қалған жағдайда, уақытша іс-шаралар жоспары жасалынады, бірінші рет диагноз қойылатындықтан, бір жетіден — бір ай аралығына есептелінеді, онда малдың барлық басына және аурудың шыққан санын есепке алады, бұл жоспар бойынша, бруцеллездің нақты статусын анықтайды.
    3) сауықтыру іс шараларының жоспары. Таза класс індет ошағы аумағында бруцеллез шыққанда барлық мал басын ауыстыру жолымен сауықтыру жоспары дайындалады. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары жүйелі диагностикалық тексерулер жолымен сауықтыруға рұқсат берулері мүмкін.

Жануарлар бруцеллезінің диагностикасы

  • Жануарларды және олардың биологиялық материалдарын қолданыстағы бруцеллезді диагностикалау нұсқамасына сәйкес жүргізеді.
  • Бруцеллезге жаппай тексеру үшін әлбетте әртүрлі серологиялық әдістерді қолданады, олардың ішінде ресми тестілердің нәтижелері ең дұрысы деп саналады. Бруцеллездің диагностикасы үшін ресми тестілер болып комплементі байланыстыру реакциясы (КБР) және иммуно-ферменттік анализ (ИФА) табылады.
  • Әртүрлі жануарларға зерттеулер жүргізіледі:

1) ірі қара мал, марал, зебу және басқалар мына серологиялық реакциялармен: агглютинация реакциясы (АР), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), роз бенгал сынамасы (РБС), Сайдулдин реакциясы (СР), иммуноферменттік анализ (ИФА), ал іш тасталған төлді бруцеллездің антигенін табу үшін биологиялық сынама қойып бактериологиялық зерттеулер жүргізіп тексереді;
2) қой, ешкі, бұғыны — мына серологиялық әдістермен тексереді: АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы, бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);
3) шошқаны мына серологиялық әдістермен тексереді: КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы; бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);
4) жылқыны мына серологиялық әдістермен тексереді: пробиркідегі АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы; бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);
5) түйені мына серологиялық әдістермен тексереді: АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы, бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);
6) иттерді және жануарлардың басқа түрлерін мына серологиялық әдістермен тексереді: АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы; бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы).

  • Ұсақ малды B. ovis қоздыратын ауруға күдіктенгенде КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясымен тексереді. Іш тасталған төлді биологиялық сынама қою арқылы бактериологиялық зерттеулер жүргізу немесе бруцеллез антигенін анықтау мақсатында иммуно-ферменттік анализ — ИФА әдісімен тексереді.
  • Жануарларды бруцеллезге 15-30 күннен кейін серологиялық әдістермен қайтадан тексереді.
  • Сиырларды (қашарларды), інгенді буаздығына қарамастан, бірақ туғанынан 14 күннен кейін, аналық қойды және мегежінді төлдегенінен 1 айдан кейін, сондай-ақ ұсақ малдың төлдерінен басқа, жас малдарды 4-6 айлығынан бастап тексереді.

Пайдаланылған әдебиет

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”,II-том
  2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: «Демалыс», «Қазақстан», 1994— 506 бет.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ