ҰБТ-да географиядан кездесуі мүмкін сұрақтар жауабымен

0
1593
Иллюстрация: Freepik.com

Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс: Гольфстрим

Картада мұхиттардың ең терең шұңғымалары белгіленетін белгі: цифр

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы асбест кен орны: Жітіқара

Алюминий зауыты орналасқан қала: Павлодар

Батыс Қазақстанның маманданған саласы: мұнай-химия

Глобуста меридианға кесе-көлденең орналасқан сызықтар: параллельдер

Азаматтың көпшілігі сөйлейтін тіл семьясы: үнді-еуропалық

Ірі қалаларлардың төңірегінде бірнеше қалалық елді мекендердің пайда болып шоғырлануы: Агломерация

АҚШ-тағы экономикалық аудандар саны: 4

Аспан денелерін бақылап, Ай мен Күннің тұтылуын есептеген ғалым: әл-Фараби

Кокстелетін көмір өндіруден алдыңғы орындағы ел: Қытай

Түркияның ең үлкен қаласы: Стамбұл

Оңтүстік бөлігін Копетдаг тау сілемдері алып жатқан Орта Азия елінің астанасы: Ашғабат

Қазақстандағы Алтай тауының бөліктері: Оңтүстік Алтай, Қалба, Батыс Алтай

Сауыр тауындағы көмір кен орны: Кендірлік

Сауыр тауының ең биік нүктесі: 3816 м

Қалпына келетін ресурстар: топырақ, су, орман

Қазақстанның шығыс шекарасындағы мемлекет: Қытай

Африкадағы Сахара шөлінің тұрғындары өсіретін дақыл: мақта

Аустралиядағы машина жасау өнеркәсібінің ірі орталықтары: Сидней, Мельбурн

Батыс Сібір жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: оңтүстігі

Атлант мұхитының ең таяз жері орналасқан қайраң: Доггер-Банка

Қазақстан Каспий теңізі арқылы байланыса алатын мемлекеттер: Әзірбайжан, Иран

Күкірт қышқылы алынатын ауыр металдар кендерінің орталықтары: Жезқазған, Балқаш, Өскемен

Қаратау жотасында кездесетін минералды ресурс: фосфорит.

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ