Дұрыс тамақтану мәдениеті (тәрбие сағаты)

0
6245
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Дұрыс тамақтану мәдениеті

Тәрбие сағатының мақсаты: Тамақтану мәдениетін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Қойылған сұраққа толық жауап беруге үйрету, ауызекі сөйлеуде белсенділікке тәрбиелеу,сөздік қорларын дамыту, адам денсаулығын сақтау мен нығайту үшін үстел басында өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларының маңыздылығы жайлы талқылау.

Проблемалық сұрақ:Үстел басындағы мәдени мінез-құлық ережесі денсаулыққа қалай әсер етеді?

Балалар өз ойларын айтады.

Слайд. Суретпен жұмыс

Балалар үстел басында өзін ұстау ережелерін айтады:

*Үстел басына отырғанда қол таза болуы керек.

*Тaмақты шайнағанда сөйлеуге болмайды.

*Тамақты ауызды толдырып асап жеуге болмайды.

*Тамақты ауызды жауып,дыбысын шығармай шайнау керек

*Тамақ бөліктері мен нан қоқымын жеңімен сүртуге болмайды.

Педагог ақпараты:

*Әр халықтың тағамға,нанға деген қарым-қатынасы,өз көзқарасы бар .

*Ортада тұрған тамақты тек өз алдыңнан же.Тартылып басқаның алдындағыны алуға болмайды.

*Нанды үстел үстіне төңкеріп қойма.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.дұрысы:нанды оң қолмен ұстап,сол қолмен үзеді.Үзген наныңды тауысып жеу керек.

Нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінесің?

1.Тамақ бар жерде ауру жоқ

2.Тамақтан аттама

3.Жаманнан жарты қасық ас қалады

4.Дастарқанды сыйла

Педагог ақпараты: Әдетте тағамды үйде анамыз дайындайды.Аналар өз жақындарына қамқорлықпен қарап,тағамды тек пайдалы азық-түліктен дайындайды.Анаңың еңбегін ескер , алдыңа салынған тағамды тауысып жеп,алғыс айтуды ұмытпа.Қандай сөзді айтасыңдар?«Рақмет!Барлығы дәмді болды!»Бұл аналар мен әжелер үшін ең жақсы мақтау.

Суретпен жұмыс:

Балалар дастарқан әзірлеу сурет қарайды.Тапсырманы орындайды.

Қорытынды:

-Бүгінгі сабақта қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?Сендерге не ұнады.?

Педагог балаларға сабақ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

-Егер сендер дұрыс тамақтану мәдениетін сақтау туралы түсінбесеңдер, онда баспалдықтың ең төменгі сатысына адамның суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына адамның суретін салыңдар. Ал, егер өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, адамның суретін баспалдықтың 2 немесе 3-сатысына салыңдар, нақты қайсысына екенін әркім өзі шешеді.

-Кім адамды баспалдақтың қай сатысына салды?

Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

Ақсубаева Раушан Жұмағалиқызы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы,
Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ