«Жұлдыздар мен аңыздар» тақырыбында ашық сабақ

0
2782
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

 

Сыныбы: 5  
Сабақ тақырыбы: Жұлдыздар мен аңыздар.
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5Т\А1. Болжау. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Тыңдалым мен оқылымды  ұштастыра  отырып, мәтінді  толықтырады.

Көптеген оқушылар: Мәтіндегі сөздерге  талдау жасайды, орфографиялық, орофоэпиялық ерекшеліктерін ажыратады.

Кейбір оқушылар:  Тыңдалым мен оқылымды  ұштастыра  отырып , үндестік заңы мен емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма  орындайды.

Сабақтың түрі: Бекіту  сабағы
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынасында, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың өз ғаламшарымызға  деген құрмет сезімін түсінуі  арқылы жүзеге асырылады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында  көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, география, математика
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы, видеокөрсетілім
Бағалау критерийлері:

Сөздерді орфографиялық нормаға  сай   дұрыс жазу ережелерін біледі.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып жазба  жұмысынада  сөздерді  дұрыс жазады.

Дескрипторлар:

Тыңдалым бойынша  мәтіндегі  сөздерді  толықтырады.

Сөздерді орфографиялық норма  бойыша дұрыс жазады.

Сөздердің айтылуы  мен жазылуындағы  айырмашылықтарды  ажырата  алады.

Үндестік заңы туралы ережелерді  біледі.

Үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерді  сақтап, жазба  жұмысын орйындайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология: шоқжұлдыз,түнгі  аспан , ежелгі  жұлдызшылар, жұлдыз санаушылар т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша,  мәтіндегі тірек сөздер мыналар:…………………………………….. .

Мәтіндегі тірек сөздер  ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ……. деп ат қойдым, себебі мәтінде………………………. туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдану.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер

 Сабақ басы

5 минут

 

Қызығушылықты ояту

«Сөздер эстафетасы»

Топта  параққа  тақырып бойынша   меңгерген сөздік қордан сөздерді  кезек – кезек жазады.

Уақыт аяқталған соң, топтар  парақтармен алмасып, қателер, қайталанған  сөздер, тақырыпқа  сәйкес  келетін, келмейтін сөздерді  сараптап, пікір айтады.

 

Сабақтағы  оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен  таныстырылады.

 

 А4 парағы

 

 

 

 

 

 

Сабақ ортасы

32 минут

 

 

 

 

Мағынаны  тану  кезеңі

Тыңдалым

Оқушылар мәтінді  тыңдайды, тыңдап отырып, клоуз — тест  тапсырмасын орындайды.

тапсырма:  Ж

Мәтіндегі  бос орындарға тиісті  сөздерді  жазып шығыңыз.

Ғарыш әлемінің құпиясы  көп. Оны  адамзат әлі  _______________ зерттеп болған жоқ. Ежелгі  уақыттан бері  адамдар ____________ ______________  назар сала  қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы  жұлдыздардың орналасуының жердегі  өмірге  ықпалы  бар деп есептеген.

Бұрын _____________   кеменің жолын жұлдыздар бойынша  анықтаған.   ________________     жұлдызы  басты  бағдар болған.

Ежелгі  Қытай  астрономдары  ____________  аспанды  қарай  отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша  болашақты  болжауға болатынына  ____________.  Қытай  императоры  жұлдыз жорамалмен салыстыра  отырып, елді  _____________ .

Түнгі  аспан ежелгі  жұлдыз зерттеушілерді  өзіне  тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың,  жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға  атау  берген. Шоқжұлдыз деп  қандай  да  бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. ____________________  жұлдызды  аспанда  жөн сілтеуге  көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай  да  бір аңыз – хикая немесе миф байланысты  болған.

Қажетті  сөздер: толығымен, жұлдызды  аспанға,  теңізшілер, Темірқазық, түнгі,    сенген, басқарған, шоқжұлдыздар

«Айырбас» ТЖ

Оқушылар топта  сағат тілімен айналдыра  отырып, барлық жұмыстарды өзара  тексеріп шығады.

С. Оқушылар тескеру  нәтижесі  бойынша  мәтінді  қандай  сөздермен толықтырғанын және  сол сөздердің орфографиялық нормаға  сай  дұрыс жазылуын ортаға  салады, қателер болса   талдайды. 

«Дастархан»  ТЖ

2-тапсырма

Берілген сөздерді  орфоэпиялық нормаға  сәйкес (айтылуы бойынша)шеңберге  айналдырып отырып  жазып шығыңыздар. Тапсырманы  орындауға  3 минут уақыт беріледі.

 

Мысалы: жұлдызды – жұлдұзды

Түнгі – түңгі

Теңізшілер – теңішшілер

Т.б.

Уақыт аяқталған соң,  жұмыстарын тақтаға  іліп, бірнеше  жауап нұсқалары  тыңдалады.

Грамматикалық  анықтама:  Үндестік заңы

Оқушылар таратпа  материал бойынша   үндестік  заңы,   дыбыс үндестігінің түрлерімен танысады. Негізгі  ақпараттар анықталады.

3-тапсырма:

Жоғарыдағы  сөздердің  үндестік заңының қандай  түріне  байланысты  өзгеріске  ұшырағанын  анықтап,  шеңбердегі  сөздердің үстіне  жазып шығыңыздар.

Жазылым

Тапсырма:

«Аспан әлемінің құпиялары» тақырыбындағы   бүгінгі  мәтіндегі  ойды  аяқтап, қорытынды  бөлігін   жазып шығыңыз. Ілгерінді, кейінді  ықпал түрлерін қолданыңыз. Буын үндестігін сақтаңыз және  буын үндестігіне  бағынбайтын сөздерді  де  қолдануға  тырысыңыз.

«Автор орындығы»

Бірнеше   жұмыстар автор орындығында  оқылады және  талданады.

Сабақ соңында  оқушылар бағалау  парағы  бойынша өзін – өзі  бағалайды.

 

 

 

Мәтін, таратпа  материал

 

 

бейнематериал

 

 

 

http://e-history.kz/kz/contents/view/555

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Графикалық органайзер, шаблон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа  материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұсқаулық, таратпа  материал, слайд

Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия

1.Сәтті  шыққаны …

2.Келесі  қадамда  нені  ескеру  керек?

Оқушылар сабақ бойынша  пікір айтып,  жетістіктер мен  жіберілген кемшіліктерді  сараптап, келесі  қадамды  айқындап, сабақты қорытындылайды.

 

 

 

Тойбекова Раушан

Алматы қаласы, Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім


ПІКІР ҚАЛДЫРУ