«Дарабоз » сайысы (ашық сабақ)

0
2315
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сайыстың тақырыбы: «Дарабоз » сайысы

Сайыстың мақсаты: Еліміздің тарихы туралы  түсінік беру, өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап,  әрі қарай  жалғастыруға тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру

Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

Жүргізуші:  Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің  не  екенінін  дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты  ұрпақ   бойында  ұлттық сана  көрініс  тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне  деген  сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың  қалыпты  дамуы, өркениетке  ұмтылу жолындағы  нәтижелі  көрінісі болып саналмақ.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі  5-6 сынып оқушылараы арасында ұйымдастырылып отырған «Дарабоз» сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1) Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қаласова А.К

2) Мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары: Тілеумағанбетова Г.А

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

 Жеңістің мынау шыңына»,  деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық.

  1. Айтжанова Ақбота
  2. Сындарова Әлбина
  3. Шүйіншалина Ақтілек
  4. Наурызбай Ақниет
  5. Сағынтаев Мейіржан
  6. Сейтқазиева Жадыра
  7. Мұханбет Айдар
Шарттары:
  1. «Кім жылдам?» Сұрақтарға  жауап беру керек.
  2. «Аңдап айтып, анық сөйлеу»  Термин сөздердің мағынасын түсіндіру
  3. «Тарихи тұлғалар» Тарихи тұлғаны табу керек.
  4. «Сөз ойла, тез ойла»  Жасырылған сөзді табу керек.
  5. «Ойлан, тап!» Тарихи ескерткіштерді атау керек.
  6. «Өз тілің — бірлік үшін, Өзге тілің — тірлік үшін» жұмбақ шешу.

   Ағартушы ғалым Ы.Алтынсариннің «Бір аллаға сиынып, Кел балалар!» — дегендей, Бір аллаға сиынып, сайысымызды бастайық.Сайысымыздың бірінші бөлімі  «Кім жылдам?»  деп аталады. Мұнда әрбір сайыскер жылдам жауап беру керек. 15 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапты құрметті әділ қазылар алқасы 1 ұпайға теңестіреді.

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ? ( Тоқтар Әубәкіров)
  2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан, Қытай, Түрікменстан)
  3. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
  4. Сақтардың сусын дайындайтын тобы.(Хаомаварга)
  5. Исатайдың серігі болған ақын (Махамбет)
  6. Сақ тайпасындағы билеушінің атағы? (патша)
  7. Тәуке ханның заңдар жинағы? (Жеті жарғы) 
  8. Жібек матаны алғаш өндірген қай халық? (Қытай)
  9. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар? (Керей мен Жәнібек )
  10. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуірі)
  11. Ғұн мемлекетіндегі ру саны (24)
  12. Ұлы Отан соғысы басталды: (1941ж)
  13. Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)
  14. Мұсылмандар діні (Ислам)
  15. 30 тамыз қандай күн? (Конституция күні)

Сайысымыздың келесі кезеңі  «Аңдап айтып, анық сөйлеу»  Бөлімде сайыскерлеріміз тарихи термин сөздердің мағынасын түсіндіру керек. Әр сайыскеге 3 сөзден беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

  1. Кебеже— азық-түлік сақтауға арналған үлкен сандық.
  2. Мес— қымыз т.б. сусын құюға арналған ешкі терісінен жасалған ыдыс.
  3. Тасаттық— құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі.
  4. Түндік— шаңырақты жабатын киіз.
  5. Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.
  6. Демография –халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.
  7. Кесене— діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.
  8. Археология— заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелге кезеңін зерттейтін ғылым.
  9. Ретушь— тас өңдеу тәсілі. Тастан жасалған екі жағы да пайдаланылатын құрал.
  10. Геральдика – елтаңбаларды зерттейтін ғылым.

Сайысымыздың келесі кезеңі  «Тарихи тұлғалар» Бөлімде сайыскерлерміз тарихи тұлғаның кім екенін табуы керек.  Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Абылай (Әбілмансұр) хан — 1733—1737 жылдары  билік құрған  хан  Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан,  Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді.

Қабанбай Қожақұлұлы— Дарабоз есімді  батыр, талантты қолбасшы. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Әлия Молдағұлова — 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған,  1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальоны ның снайпері болған  1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. 10 тамыз 1845ж. қазіргі Семей облысынында дүниеге келген.

Қорқыт Ата –түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.

Н.Назарбаев – 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Ш.Уалиханов — Қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, аудармашы, тілші, саяхатшы. 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты, аға сұлтан отбасында дүниеге келген. 1847 жылы 12 жасар Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті.

Сайысымыздың келесі кезеңі  «Әріптер қозғалысы»  Жасырылған сөзді табу керек. Бөлімде сайыс керлерміз жасырылған сөзді табу керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

ТЕРБӘЙЕК-   Бәйтерек

ИХТАР —  Тарих

ШАПАТ-  Патша

ТИЛААТ-  Аттила

СЫРҒА —  Ғасыр

Сайысымыздың келесі кезеңі   «Ойлан, тап!» Бөлімде сайыс керлерміз Тарихи ескерткіштерді атау керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

АЛТЫН АДАМ, БӘЙТЕРЕК, ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ, ЖҰМБАҚТАС

Сайысымыздың келесі кезеңі  «Маржан сөз»  жұмбақ шешу.  Бөлімде сайыс керлерміз жұмбақты шешіп орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық жауап 3 ұпай. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1.Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып

Қарасаң  толып жатыр көзіңді ашып

Үйіме сәулеленіп түссе жарық

 Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып ( жұлдыз-звезда-star)

  1. Қыс жатады, жаз тұрады.

Жоқ болса да  қол аяқ қаз тұрады. ( қар-снег-snow)

  1. Жол үстінде қу қазық

    Мергеншіге жол азық ( қоян- заяц-rabbit)

  1. Алыстан қарасам аппақ,

      Татып қарасам тәтті ақ ( қант- сахар-shudar)

  1. Бұдан кір қорқады

    Судан бұл қорқады ( сабын- мыло-soap)

  1. Көкпеңбек еді көктемде

    Қызарады күзге жеткенде  ( алма- яблока- apple)

  1. Білімнен мол сый-асы

    Балғындардың ұясы ( мектеп- школа-scool)

  1. Өзі айлакер, өзі бір қу

    Жүрген жері айқай да шу ( түлкі- лиса- fox)

  1. Қанатым бар ұшпаймын

    Көл астында қыстаймын ( балық- рыба-fish)

  1. Бойын
    жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан ( сәбіз- морковь- carrot)

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Мектептің дарабозы деп жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті

Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші

Құттықтайық ал енді

Дарабоз болған ұланды

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы

Қуаныштан жанары

Шоқтай болып жанады,-дей отырып  сөз кезегін қазылар  алқасына беріледі.

Қазылар  алқасы ойынды қорытындылап,  жеңімпаздарды  анықтайды.

Осымен бүгінгі «Дарабоз» тарихи танымдық сайысымызды аяқтаймыз.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ