Дарынды балалармен жұмыстың ерекшелігі

0
3947

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген  білімі қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп әлемдік деңнейге көтеретін оның саналы да дарынды, талапты ұрпағы.

Елімізде білім берудің өзіндік  ұлттық үлгісі қалыптасып жатқаны белгілі. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім парадигмасының өзгеруі  «Білетін адам» «өмір сүруге дайын адам», «әрекетшіл адам» парадинмасымен ауыстыруды қажет етеді.

Біздің басты мақсатымыз – алған білімнің  негізінде өмірге өз көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын, өмірде бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.  

Қазіргі оқу үрдісінде  жеке тұлғаны қалыптастыру  қлсымша біліммен қамтамасыз  етудің рөлі маңызды. Оның мақсаты оқушылардың  шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын  ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады.  Сабақтан тыс уақытта -6-18 жасқа дейінгі жас жеткіншектерді шығармашылық тұрғыдан  өнерге баулып, заманауи техниканы меңгеруге үйретіп, салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа бейім оқушыларға  қосымша білім беріп, кәсіптің бір түріне бағдарлау, оны кеңінен насихаттау үшін түрлі жарыстарға көрмелерге, конкурстарға дайындайды. Дарынды және талантты  білім алушылардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады.

№249 мектеп-лицейде қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастыру мақсатында  үйірме, секция, клубтық және де басқа бірлестіктерге жинақталған балалармен төмендегідей жұмыс жүргізді.

Қазіргі таңда  106 үйірме жұмыс жасауда.  Үйірме жұмыстарының жоспарлары бекітіліп, мектеп басшысының  бұйрығ шығарылған . Үйірме жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, жүйелі жұмыс жасауға ықпал жасады.  Үйірмелерге бейіміне қарай 1381 оқушы тартылған. Барлық үйірмелер пәніне сәйкес 5 бағытта жұмыс жасайтын 10 топқа жинақталған. Олар жаратылыстану- математикалық бағытындағы эко-биологиялық  «Семирамида», «Инфо» ақпарат орталықтары және «Пифагор» математикалық мектебі, лингвистикалық бағытта жұмыс жасайтын «Тіл өнер» және «Happy English» бірлестіктері, шығармашылық –эстетикалық бағытындағы «Өнер» студиясы, саламаттылық туризм, өлкетану бағытындағы «Өлкетану», «Сұңқар» спорт  клубтары және құқықтық тәрбие беру бағытындағы «Жас заңгер» мен «Дебат» клубы. Әрбір үйірмеге оқушылар аптасына 2 рет кестеге сай келеді. Сонымен қатар дарынды балаларды қорғау «Таланттар академиясы» және «Спорт және өнер» орталығы жұмыс жасайды.

Психологтардың  зерттеуіне дарынсыз бала болмайды  десек те, қазіргі таңда мектептегі 1428 оқушының 5,1 % аса дарынды туа біткен қабілеті болса, 63 % жүре пайда қабілетінің пайда болуы  еңбектің нәтижесі екені анық. Ал қалғаны 32% әлі де өздерінің жұлдызды сәттерін тосып жатқан балалар.

«Барлық бала талантты» деген ұранмен қаруланған «Спорт және өнер» орталығындағы 5 үйірменің осы мақсатқа жету жолында жасаған жұмыстарына тоқталып өтсем.

Сонымен қатар үйірме мүшелерінің жетістігі Польша мемлекетінің Торунь қаласының халықаралық графикалық суреттер бенналиесінің қорытындысымен арнайы дипломмен марапатталды.

Қосымша білім беру маманы  М.Тикеева, үйірме жетекшісі Есмаханов Қуаныш пен шәкірті Нұғман Нұржан облыстық теледидардың «Жаңа күн » бағдарламасына қатысып, насихатталды.

Облыстық «ЭХСПО-2017» бауқау-көрмесінде Өтеген Дінмұхаммед ІІ орынды иеленді, ал «Муза» вокал үйірмесінің мүшелері республикалық, халықаралық «Ақ көгершін», «Жырлайды жүрек» байқауларының жеңімпаздары.

Көркем-анимация үйірмесінің мүшелері Есекеева Ақнұрдың жетекшілігімен Аманша Арайлым аудандық «Үздік анимациялық фильм» байқауында І орын иеленді.

Нұрайым Бекаралдың «Түлкі мен қоян неге араздасты» ертегісінің желісі бойынша тұңғыш рет анимациялық  мультфильм жасалды. Облыстық теледидар мен республикалық телеарнасынан көрсетілді.

2013-2014   жыл Аламты қаласында өткен Ш.Аймановтың 100 жылдығына арналған балалар фестивалінде 4 оқушы жүлдегер атанды.

«Жігер» индоор-хоккей үйірмесіне 2013-2014 оқу жылында тұңғыш рет үйірме мүшелерінің  «Жігер» командасы Республикалық Б.Момышұлы атындағы турнирге қатысып ІІ орын, Тереңөзек кентінде өткен турнирге қатысып ІІІ орын иеленді.

«Эврика» робот техника үйірмесінің жұмысының нәтижесін енді көреміз .Ал «Таланттар академиясы  дарынды тұлғаның қандай боларын тәжірибе жүзінде дәлердеп, насихаттау үшін «Лицей феномені» атағына сай жыл сайын тағайындалды.

Әр балаға психологтың көмегімен  қабілет деңгейі зерттеліп, диагностика  жасалып, дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Үйірме жұмыстары  алдымен кең тынысты шараларды  жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан оқушылардың  ынта-ықыласын толық қанағаттандырып жүр деуге негіз бар. Біздегі үйірме  жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізіледі. Үйірме  жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеріледі. Үйірме жетекшісі оқушылардың талаптар мен сұраныстарын  қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдырады. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады.  Бұл әрине жетекшінің шығармашлық әрекетіне байланысты, нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын  тәрбиелеуге, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Өз тәжірибемде дарынды балалар осындай сабақ барысында да ерекше тапқырлығымен, ізденісімен  көзге түсіп отырады. Мұндай балалардың дарындылық жақтарын зерттеген мұғалім кейіннен басқа балалардың қасиеттерін бірден ажыраты алатындай болады. Бұл келесі ерекшеліктер:
Дарынды балалар әр уақытта кимыл-қозғалыста болып, бір нәрсеге қызығып отырады.  Олар басқаларға қарағанда , көп жұмыс жасап, сабақтан тыс та жұмыстармен айналысады. Сырттай  қарағанда олардың белсенділігі барлық пәнге жетпейтіндей көрінеді. Оларға ерекше бақылау қажет,  тым шаршатып алмай , белгілі бағдармен жұмыс істетіп отыру керек. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында, олардың өзіне деген сенімсіздігін тудырмау қажет.

  1. Дарынды балалар алдына қойған  мақсатына тезірек жтеуге ұмтылады. Бұл ерекшелігімен  олар мұғалімнің жақтыртпаушылығын тудыруы мүмкін, себебі, олар  барлығынан қосымша ақпарат белгілері келеді.
  2. Олар нақты  жетістіктерге жеткілері келеді.
  3. Өз ерекшеліктеріне байланысты, олар басқалармен салыстырғанда өзіндік жұмыс тармен айналыса алады. Бұл әсіресе эксперимент жүргізуде, ұйымдастырушылық шараларда анық көрінеді.
  4. Олар қоршаған ортасына сәйкес сын көзбен қарай алады және заттар мен құбылыстарды  нақты түсінуге жетуге тырысады. Қатарластарына бұл түсініктер жеткілікті болса да, жалпы түсініктер  оларды қанағаттандырмайды.
  5. Олар көптеген  сұрақтар қойып, оларға толық жауап күтеді. Сабақта зерттеушілік әдісі қолданғанда, сабақ оларды ерекше қызықтырады. Оған қарағанда басқа оқушылар жақсы құралған, дайын материалды оқуды ұнатады.
  6. Өз заман жаңалықтарын жақсы білгендіктен , олар тез арада керекті деген мағлұматтарды бірден ажырата алады. Өз қатарластарымен салыстырғанда , олар индуктивті  және дедуктивті түрде ойлап, логикалық операцияларды жүргізе білу және жүйелеу арқылы өздерінің білім деңгейін көтере алады.

Өз бетінше ізденуді  оқушылардың өзіндік жұмысын тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалім оқытуда ең жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын.

Бұл жұмыстардың жемісті болуына , бізде барлық жағдай мен мүмкіндік жасалған. Тек қана Т.Айбергеновтың сөзімен айтсам «Жанам деген жүрекке от беретін» жақсы маман бола білу керек.

Мектеп қабырғасында жүрген сондай дарындылардың жарыққа шығуы үшін бірнеше шарт орындалу тиіс:

Олар:

Қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жеткізу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз  — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын  жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интелектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейге көтеруге болады.

Сонда ғана төмендегідей нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын.  

  • Сабақтан тыс уақытта шығармашылықты, әлеуметті маңызы бар әрекетпен  айналысқан балалар санының артады;
  • Балалар мен жеткіншектер арасында  құқық бұзушылық санының төмендейді;
  • Өткізілетін іс-шалалардың , акциялардың, фестивалдердің, конкурстардың, спорт жарыстары  сапасының артады;
  • Балалардың сабақтан  тыс әрекетін ұйымдастыруда ата-аналардың  ынталылығы мен себептері артады;

Баланың кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауына, қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл әр баланың келешекте кірпіш боп қаланып, кетігін табар тұлға бола алады.
Бізден тәлім алып келешегінің кірпішін қалаған , яғни кәсібін таңдаған түлектеріміз де жоқ емес. Олардың қатарында  Түгелбай Алмагүл, Нұғман Нұржан, Молдабай Еркебұлан сынды дизайнерлік мамандықты таңдаған оқушыларымыз бар.

Тұлға тәрбиелеу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам  шығару деген сөз. Қалса өзін асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген  сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстық тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеще білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің  керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.

Мұқағалиша айтсам «Бықсып жанған қоламта емес, артымызда шоқ қалсын, Болашақтың ошағында біз тұтатқан от жансын!»

Тикеева Мафруза

Қазалы ауданы №249 мектеп-лицей


ПІКІР ҚАЛДЫРУ