«Дастарханға тамақ жасайық» балабақша ұйымдастырылыған оқу қызметі

0
7123
Дене шынықтыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Дастарханға тамақ жасайық» ыдыс-аяқ заттары

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Оқу іс-әрекетінің мақсаттары:

Білімділік: Балаларды ыдыс-аяқ заттарымен және олардың адам өміріндегі мәнімен таныстыру;

Дамытушылық: Олардың сапасы мен қасиеттері туралы түсінік беру. Балалардың

шығармашылық қаблеттерін дамыту, тапсырмаларды ұқыпты орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Белсенділікке, ұқыптылыққа, қамқорлыққа, әдемілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, дидактикалық ойындар, бой сергіту жаттығулары.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, сурет, музыка.

Көрнекіліктер: Ыдыс-аяқтар бейнеленген плакат, ойыншық ыдыстар, кесе салынған сурет, бояу, қыл қалам.

Сөздік жұмыс: тәрелке, қасық, шанышқы, кәстрөл, шәйнек.

Балалар, шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қанекей бәріміз,

«Сәлеметсіз бе,» дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

1.Сөздік жұмыс:

-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:Тәрелке, қасық, шанышқы, кесе, кәстрөл, шәйнек деген сөздерді айтамыз.

2.Плакат бойынша жұмыс. Ыдыс-аяқ түрлерімен таныстыру, аттарын атау.

-Балалар, ыдыс-аяқтар балшықтан жасалады.Сондықтан олар өте нәзік, сынып қалуы мүмкін.Ыдыс-аяқты абайлап ұстаған жөн, түсіріп алуға болмайды.

-Ыдыс-аяқтың тағы бір түрі болады.Ол ағаштан жасалынады.Мынау ағаш кесе, қасық.

-Балалар, тәрелке, қасық, шанышқы, кесе, шайнек, кәстрөлдерді бір сөзбен айтқанда ыдыс-аяқтар дейміз.

3.Сергіту сәті:

Апам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй ішін,

Жуамын ыдыс-аяқты.

Жылай қалса бөпемді,

Жұбатамын ойнатып.

4.Ережелермен таныстыру:

Ыдыс-аяқтарды үстелге қалай қою керек соны көрсету. Асқа отырар кезде ең алдымен қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ жеуге болмайды. Кір қолда көптеген микробтар болады. Ал сабын мен су оларды құрытады.

Суретпен жұмыс.Үстел басында отбасы отырған.

-Үй іші дастархан басына жайғасар кезде

жасы кішілер үлкен адамдар отырып

болғанша күте тұруы керек. Тамаққа

үлкен адамдардан бұрын кірісуге болмай-

ды. Асқа отырғанда, үйдегі үлкен адам

наннан бастап «бисмилла» деп дәм татады.

-Тамақ ішерде бәріне «ас дәмді болсын»

деп тілек білдіруі керек.

-Ал, тамақ ішіп болған соң бата береді.

«Ыдыс аққа толсын!

Ынтымақ ырыс келсін!

Бақ, береке болсын»

5.Бой сергіту.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенің дәмдісін,

Тәрелкеге салайық.

6.Практикалық жұмыс:

-Балалар естіп тұрсындарма, біреу есік

қағып тұр.

Әжей кіріп келеді. Балалар бізге қонаққа

әжей келіпті кәне әжейді үстел басына

шақырайышы. Әжейге дастархан жасап

берейік.

-Балалар, қонақтарда үстел басында

отырғанда әндетіп отырады. Бізде әжемізге ән

айтып берейікші.

Ән: «Әже»

Ойын: «Кесені орнектеу»

Балаларға кесенің суреті салынған қағаздар таратылады.

Балалар, кәне асқа, ыдысқа байланысты

Қандай өлең жолдарын білеміз.

Асты-шашпай төкпей іш,

Сораптамай аппен іш

Ақырын алып қолын

Шашпай же нанды да

Келген асты алдына

Тауысып іш қалдырма.

Дастарханның басында

Әдептен біз бас озбаймыз

Үлендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз

Нанды шашпа

Аяғымен баспа

Жерде жатса теріп ал

Торғайларға таста

Тамақ ішер кезде біз

Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені

Елемейміз білмейміз

Кісі келсе қонаққа

Етпен шайын қамдаймыз

Қымыз құйып қонаққа

Әңгімесін тыңдаймыз

Нан болса-ойнап күлеміз

Нан болса-еркін жүреміз

-Ойын: «Не артық»

Мында суреттердің арасынан артық суретті табуы керек.

Қорытынды:

Біз бүгін не жайында айттық?

Біз қандай ыдыс –яқтармен таныстық?

Үстел басында өз-өінді қалай ұстау керек?

Ал, енді қонақтармен қоштасайық.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ыдыстар туралы түсініктерін кенейтеді.

Талапты болуы: «Дастархан басында өзін-өзі ұстай білу» дағдылары болуы керек.

Қолынан келуі керек: Ыдыстарды ұқыпты, таза ұстау керектігін білді.

Айтжанова Алмагүл Сағындыққызы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
«Ақбота» бөбекжайы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ