Жаңа жылда жарқыраймыз! сценарий

0
2161
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Жаңа жылда жарқыраймыз!

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Көрнекілігі: Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген зал,әдемі киінген балалар,ертегі кейіпкерлерінің киімін киген балалар.

Жүру барысы: Балалар жұптасып билеп кіреді.

Армысыздар, ата-аналар,ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер!

Бүгінгі «Алтын сақа» тобында ұйымдастырылған «Қош келдің,Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық ертеңгілікке қош келдіңіздер! Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа Жыл әрбір отбасыға жаңа нұр,жаңа шуақ,табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін дейміз!

Жаңа жылдық құттықтау балабақша меңгерушісіне беріледі.

Хор: «Құтты болсын,Жаңа жыл!»

Ертегі қойылымы: «Аю мен маса»

Ертегіден соң ортаға бір бала шығады:

1бала: Жаңа жылда жол болсын! 2 бала: Әрбір үйде той болсын! 3 бала: Берекелі жыл болсын! 4 бала: Ақ дастарқан мол болсын! Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды Шырша шамы жағылсын Жаңа жылдың құрметіне Ақ тілектер ағылсын!

1 бала: Аяз ата келе ме? Бізге сыйлық бере ме? 2 бала: Әрине, ата келеді, Бізге көп сыйлық береді.

Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін Тұнып тұрған күлкімін Бұлғаң, бұлғаң құйрығым Текке өтпейді бір күнім Аяз ата мұнда келмейді, Сендерге сыйлық бермейді.

Балалар: Қалайша?

Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,Сендерді таба алмай,Үйіне қайтып жетіпті.

Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?

Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді,бізге сыйлық береді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.Мұның артында бір шикілік бар сияқты, Ерасыл, Дамир екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін біліңдер. Екеуі: Жарайды, біз кеттік. (түлкінің соңына түседі) (Сықырлаған қардың дыбысы естіледі) Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың сықырын естідіңдер ме? Балалар: Иә, естіп тұрмыз. Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық, Бәріміз бірге дауыстап,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Балалар: Аяз ата, Ақшақар! (Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады).

Хор: «Шырша жыры»

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым, Амансың ба, қыздарым Қандай әсем жүздерің Қандай мөлдір көздерің Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым.

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,жоғалтып алдым. Енді не істесем екен? (Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала, түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді). Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып қапшығымды ұрлаған сен екенсің ғой.Түлкінің мұнысы дұрыс па, балалар? Балалар: Жоқ. Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын,Өнерге ден қоямын,Аяз атам мені кешірсе,Сыйлығына тоямын. Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет. Түлкі: Достарым менің, келіңдер,Бірге билеп көріңдер.

«Түлкілер биі» орындалады.

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен! Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық,Аяз атаға арнаған,Тақпақтарымызды айтайық.

Арсен Амантұрлы: Құтты болсын,Жаңа жыл барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Абдоллах: Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп Әдемі тілектерге қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Әсет: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа орап алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн, Қанаттана кең әлемге тарайды.

Мейірбек: Праздник есть среди зимы
Для больших и детворы.
Этот праздник — Новый год,
Пусть он счастье всем несет.
Айару: Раз, два, три, четыре, пять,
Будем все мы танцевать.
Ведь сегодня новый год,
Дедушка Мороз придет.

Дамира: Новый год! Новый год!
Его ждали мы весь год.
Ярко огоньки сверкают,
Нашу елку украшают.

Ерасыл.Н:Дедушка Мороз большой,
С доброй, ласковой душой,
В Новый год поздравит всех
И подарит детям смех!

Ерасыл.А: Good day ,good day, Good day to you. Good day, Father Frost, We are glad to see you.

Арсен Айтқали: This is the season When children ski And Father Frost brings The bright New Year Tree

Іңкәр: New things to see, New things to hear, New things to do In this glad New Year!

Самғат: Айнала қоршап шыршаны Шашылар шашу жыр әні Мынау әсем шыршаға Қош келдіңдер,балалар!

Айжұлдыз: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың Көргендер де,көрмегенде арманда, Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Би: «Орыс биі» Айжұлдыз,Дамира,Даяна,Іңкәр,Айару,Гүлім Би: «Ертегілер» Дамир,Ақниет,Ислам,Әлазиз,Ерасыл.Н Би: «Құстар» Айдана,Жаңылсын,Сайда Ән: «Шырша бардық» Бисен Гүлім. Ән: «Дождик» Атшыбай Іңкәр Ән: «Жаңбыр» Қаршыға Даяна Би: «Гномдар» Арсен,Арсен, Ерасыл.А,Самғат,Абдоллах,Мейірбек Би: «Шыршалар» Айжұлдыз,Дамира,Даяна,Іңкәр,Айару,Гүлім

Хор: «Jingle bells» Хор: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, сізге ұнадыма?

Аяз ата: Жарайсыңдар,балаларым!Мені бүгін бір қуантып алыс жолдан шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емеспе,қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал,енді біз жолға шығайық,басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал балаларым,сендер өсе беріңдер,аспандарың ашық болсын! Қош келесі жылға дейін кездескенше!(сыйлықтарын беріп,шығып кетеді).

Осымен, «Қош келдің,Жаңа жыл!»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Барлықтарыңызға келіп,тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын!

Каламбаева Айкен Кумисбаевна
Атырау облысы,Кызылкоға ауданы
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ