Дәстүрлі VI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді

0
2409

2018 жыл 6-9 ақпан аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Әлеуметтік медиа —  төзімділік және цифрлық диалог құралы» VI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді. Қысқы мектеп журналистер мен журналистика саласына қызығушылығы бар жастардың басын қосатын қайталанбас жиын. 
2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналисткиа
факультеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио
күініне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді. Қысқы мектеп Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде өткізу дәстүріне берік. Қысқы мектеп білім алушы жастар мен практик журанлистер арасындағы медиа диалог алаңына айналды.

Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның: «Диалог, төзімділік және
бейбітшілік» тақырыбын қолдайды.
Модульдар:
1) Әлеуметтік медиа және цифрлық сауаттылық;
2) Әлеуметтік медиа және төзімділік;
3) Әлеуметтік медиа және лингвокоммуникация;
4) Әлеуметтік медиа және цифрлық диалог.

Қысқы мектеп жұмысына Франция, Жаңа Зеландия, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан,
Қарақалпақстан, Қырғызстан және Қазақстан өңірлерінен дәріскерлер, журналистер,
студенттер, оқытушы–профессорлар қатысады деп күтілуде.

Серіктестер:
Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы;
ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы;
Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты;
Жаңа Жібек Жолы БҰҰ Моделі;
Алтай Мемлекеттік университеті, Ресей;
Алматы технологиялық университеті АҚ;
«Қазақ университеті» баспа үйі.
Ақпараттық қолдаушылар:
«Қазақстан» РТРК;
«Қазконтент» Акционерлік қоғамы;
«SKILLS ACADEMY» ЖШС мекемесі, Martebe.kz ақпараттық білім порталы;
Bugin.kz тәуелсіуз авторлар платформасы;
Massaget.kz жастар порталы;
Алтай мемлекеттік университетінің «Планета радиосы»;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТРК.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті
«Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.
Байланыс: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Сұлтанбаева Гүлмира
Серікбайқызы, +77373773338-1351, моб: +77073777049 ; Қысқы мектепке қатысу туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілген байланыс номерлері арқылы аласыз.
e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz , winterschoolkz@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ