«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

0
2187
Freepik.com

1. Тест тапсырмаларын орында.

Т.Молдағалиевтің өлеңіне жазылған әндер:
A) «Жезкиік»
B) «Шақырады көктем»
C) «Домбыра туралы баллада»
D) «Өзім туралы»
E) «Ертіс вальсі»
F) «Құстар қайтып барады»
G) «Өкінбе сен»

Т.Молдағалиев өлеңдерінің жанры:
А) Лирикалық жанр
В) Сатиралық жанр
С) Философиялық жанр
D) Рубаи
Е) Ақ өлең

Т.Молдағалиевтің алғашқы кітаптары арналған тақырып:
А) Махаббат
В) Туған жер
С) Соғыс жылдары
D) Спорт
Е) Тарих

«Бекторының қазынасы» шығармасындағы кейіпкерлер:
A) Ертөстік
B) Бекторы
C) Қайырболды
D) Ерназар
E) Сәрсен
F) Сағындық
G) Қамбар

Т.Әсемқұловтың АҚШ-та басылып шыққан шығармасы:
А) «Талтүс»
В) «Арылу»
С) «Шымдан»
D) «Кәрі ат»
Е) «Тәттімбет сері»

Т.Әсемқұлов жазған сценарийі үшін «Тұлпар» сыйлығын алған фильм:
А) «Біржан сал»
В) «Көкбалақтың өлімі»
С) «Алматы – Астана»
D) «Құнанбай»
Е) «Тұмар падиша»

Э.Хемингуэйдің шығармаларын қазақ тіліне аударған қаламгерлер:
A) Ә.Кекілбаев
B) А.Сүлейменов
C) Ш.Мұртаза
D) Қ.Қараманұлы
E) М.Мағауин
F) Н.Ғабдуллин
G) Н.Әбуталиев

Э.Хемингуэйдің ең қысқа әңгімесі … сөзден тұрды.А) 15
В) 8
С) 12
D) 6
Е) 9

2. Пікірлерді оқып, тапсырмаларды орында:
Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Халық мақалы

Сынның басты мақсаты – әдебиеттің қозғаушы күші болу. Көркем сыны
дамыған елдің әдебиеті ғана биік белеске көтеріле алады. Шығармашылық
адамы үшін өмірі сыналмай, тек қана мақтау ести беру өте қауіпті.

Амангелді Кеңшілікұлы

Сыншының міндеті – көркем дүниені сынау емес. Көркем дүниенің
ақ-қарасын айыру. Артығын айтып, кемін толықтыру.

Ерболат Әбікенұлы

1. Пікірдің көркем шығармаға қандай қатысы бар?
2. Пікірлерді бағдарға ала отырып, бөлімдегі үш шығарманы көркемдікэстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби сын жаз.
3. Бөлімді қамтып, «Әдебиеттегі сын-сарын» деген тақырыпқа презентация жаса.

Халықара­лық зер­ттеу­лер фор­ма­тын­дағы
тап­сырма үлгілері

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

Сынның өзін де сынайтын кез жеткен екен, жұрт көптен күткен еді. Сын  бар да, сынсымақ бар. Екеуін айыра білу керек. Сын тірлігі қашан да қара  қылды қақ жарған әділдік, терең білім, ұстаздық тәсіл, әкелік қамқорлық. Нағыз сын қисықты түзейді, сынсымақ түзудің өзін қисайтады. …Әдебиетшілер тобының бәрінің көксегені – нағыз сын. Бұл мақсатты орындағанда ең  ауыр салмақ баспасөз басында отырғандарға, редакцияларға түседі. Өйткені олар – әрі ұйымдастырушы, әрі сарапшы. Жақсы сынның шарапаты, жаман сынның кесапаты баспа бетінде мыңды, баспасыз бірен-саранды ғана шарпиды. Меніңше, жарияланған сын дәрежесі жоғары не төмен болуына, олардың  жеке авторларынан бұрын халық алдында редакторлар, редакциялар жауапты. Осы жауаптылық сезім күшейсе, сын да күшейеді. Зады, сын түзелмей,  мін түзелмейді.

Сынау оңай көрінгенмен, қиындап барады. Бұрынғы ауыр еңбектің көбін
ғылым-техника жеңілдетті, өнімді етті. Арман, қиялдардың талайы болмысқа айналды. Осылар адамның ойын да, құлық-мінезін де өзгертіп жатыр.
Миллион қолдар, ақыл-өнерлер жасаған дүниені, адамға тән алуан-алуан сыр,
сипаттарды жазушы жалғыз өзі әдебиетте қайта жасап шығады. Сол үшін
ылғи іздену, білім жинау керек. Бұл екеуі жеткілікті болған күнде шығарма
тағдырын талант шешеді.

Ғабиден Мұстафин

1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Зерттеу
В) Хат
С) Өмірбаян
D) Әңгіме
Е) Естелік

2. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген пікірге сәйкес келетін нақыл сөзді
тап:
А) Дос жылатып айтады
B) Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік
C) Сын шын болсын, шын сын болсын
D) Сырғақ – сыншыл
Е) Ақиқат – тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе

3. Мәтін не туралы?
А) Редакторлар
В) Баспагерлер
С) Сыншылар
D) Суретшілер
Е) Әдебиетшілер

4. Мәтінде айтылмаған ойды көрсет.
А) Сынсымақ қисықты түзейді
В) Ауыр еңбектің көбін ғылым-техника жеңілдетті
С) Редакторлар – сарапшылар.
D) Сынау оңай емес
Е) Шығарма тағдырын талант шешеді

5. «Нағыз сын қисықты түзетеді, сынсымақ түзудің өзін қисайтады» деген
пікірдің мәнін ашатын нұсқа:
А) Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ой
B) Тура биде туған жоқ
C) Ұзап кеткен кісінің қайтуы қиын
D) Иір ағаш тезге салмай, түзелмейді
Е) Інжудің құнын іздеген біледі

6. Пікірді оқып, тапсырмаларды орында.

Сынға шындап араласқан адамның теориялық жағынан өте мықты дайындығы болуы, салыстырып отыру үшін, ұлттық әдебиетпен қоса, әлемдік әдебиетті де терең білетін жан болуы керектігі күмән туғызбаса керек.

Сыншы жазушыдан гөрі таланттырақ болуы, интеллект жағынан да биік  тұруы шарт. Сонда ғана оның сыны қаламгерге ой салып, әдебиеттің дамуына,  қоғамдық, әдеби-эстетикалық ойдың өсуіне ықпал етеді.

Сыншының жазушы мен оқырманды байланыстыратын алтын көпір болмағы ләзім. Ал бүгінде жазушы мен оқырман арасындағы байланыс үзілген, үзілмеген күнде де, үзіліп түсуге шақ тұр.

Төреғали Тәшенов

1. Пікірге атау қой.
2. Т.Тәшеновтің пікіріне қандай баға берер едің?
3. Осы пікірмен танысқан оқырманның бірі «Қазір оқырманның көзі
ашық, пайдалы ақпарат көп, сыншысыз да қаламгерлерді, жақсы
шығармаларды тани алады» деген ойда. Бұл дұрыс па? Өз дәлелің
арқылы пікірге қатысты оң не қарсы көзқарасыңды білдір.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  2. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  5. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  6. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ