«Шал мен теңіз» повесінің ерекшелігі

0
15559

Білгенге маржан. По­вес­тің идея­сы жа­зу­шы­ның ой­ын­да ер­те­рек­те ту­ын­дай­ды. 1936 жы­лы  «Эс­ку­айр» жур­нал­ында Ка­баньяс де­ген шал­дың ұс­та­ған мар­лин ба­лы­ғы оны ашық  те­ңіз­ге сүй­реп алып кет­кен­ді­гін, екі күн­нен кей­ін құтқарушылардың оны ал­пыс миль  қа­шық­тық­та тау­ып ал­ған­ды­ғын жа­за­ды.

Алып ба­лық­тың бас жа­ғы қай­ық­қа та­ңу­лы тұрады, ал жар­ты­сы­нан кө­бін аку­ла­лар ша­бу­ыл жа­сап, жеп ке­те­ді. Қал­ға­ны­ның өзі се­гіз жүз фунт сал­мақ тар­та­ды. Шал по­вес­те су­рет­тел­ген­дей, Голь­фст­рим­де кішкен­тай қа­й­ық­та аку­ла­лар­дан багор, гар­пун, ес­кек­пен кү­ні-тү­ні қор­ға­на­ды. Құт­қа­рушы­лар оны тау­ып ал­ған­да, ба­лық­тан ай­ыры­лып қал­ға­ны­на өкі­ніп, ба­ла­ша жы­лай­ды. Де­ген­мен жа­зу­шы шы­ғар­ма­шы­лы­ғын зерт­теу­ші­лер Сан­тьяго­ның про­то­ти­пі

30 жыл бойы Хе­мин­гуэй­дің ка­пи­та­ны бол­ған Гре­го­рио Фуэн­тос де­ген бол­жам ай­тады. Гре­го­рио Фуэн­тос өзі бас­қар­ған «Пи­лар» ке­месін Ку­ба үкі­ме­ті­не сый­ға тар­та­ды.

Кеме қа­зір жа­зу­шы тұр­ған үй­дің ма­ңын­да тұр. Сан­тьяго­ның про­то­ти­пі жа­зу­шы­ның өз ата­сы да бо­луы мүм­кін, се­бе­бі ата­сы оған  аң­шы­лық­тың қыр-сы­рын әб­ден үй­рет­кен бо­ла­тын. Ата­сы ол үшін ер­жү­рек, қай­рат­ты, на­ғыз ер-аза­мат­қа лай­ық­ты тұл­ға еді.
1952 жы­лы по­вес­ть ба­сыл­ған­нан кей­ін­гі сұх­ба­тын­да Хе­мин­гуэй оқи­ға кей­іп­керле­рі тұ­ра­тын де­рев­ня­ның әр­бір тұр­ғы­нын бей­не­лей­ті­н үл­кен шы­ғар­ма жа­зу­ға да
бо­ла­тын­ын, алай­да мұ­ны бас­қа қа­лам­гер­лер жа­зып тас­та­ған­ды­қтан, тек шал мен
ба­ла ту­ра­лы қа­лам тарт­қан­ды­ғын ай­та­ды.

Міне, қызық! Эр­нест Хе­мин­гуэй жұрт­тың ал­ды­на шы­ғып сөй­леу­ді жә­не қол­таң­ба бе­ру­ді ұнатпа­ған екен. Бір оқыр­ман сүй­ік­ті жа­зу­шы­сы­нан қол­таң­ба алу үшін со­ңын­да үш ай жү­ріп­ті.

Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі 1952 жылы жазылған. Повестің басты кейіпкерлері – балықшы шал мен бала.

Шал балық аулаудың қыр-сырын  әбден меңгергенімен, соңғы кездері жолы бола бермейді: сексен төрт күн бойына  бірде-бір балықсыз оралады. Дегенмен бала осы кәсіпті тек содан үйренгісі келеді  әрі оған жаны ашиды. Балықтан келген сайын алдынан шығып, жәрдемдеседі.

Оның кәрі жүзіне аянышпен қарайды. «Қарттың қайығының үстіндe шиыршықталып жататын, өн бoйына кeнeп жамау жапсырылған қырық құрақ жeлкeн –  бeйнe тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып eлeстeйтін көзгe».  Бала бес жасынан шалмен бірге балыққа шыққандықтан, оған бауыр басып  кеткен еді. Онымен әңгімелесіп, арасында кофе, сыра әпереді. Жалпы повесте  үнемі жазушы баланың қамқорлығын көрсетіп отырады.

«…– Ал тамақтаналық. Жуынып алуым да кeрeк eді-ау. «Қайда барып
жуынбақсың?» дeп oйлады бала. Құдық бұл арадан eкі квартал жырақ жeрдe.

«Қарияға су әзірлeп, сабын мeн жақсы oрамал да дайындап қoюым кeрeк eкeн. Eртeрeк нeгe oйламадым мұны? Бұған жаңа көйлeк тe, қыстық күртe дe кeрeк,  аяғына бір аяқкиім жәнe үстінe жамылатын бір көрпe кeрeк».

« …Бала дүниежүзіндегі ең жақсы адамды да шал деп есептейді:
– «Ал дүниeжүзіндeгі eң жақсы балықшы сeнсің.
– Жoқ-ә. Мeнeн дe асқан балықшылар бар, көбімeн жoлдас бoлғанмын.
– Oй, тәйір-ай! – дeді бала. – Дүниeдe жақсы кісілeр, сoндай тамаша балықшылар аз eмeс шығар. Бірақ сeндeй адам eш жeрдe жoқ».

Бала ертеңгісін тұрып, шалды балық аулауға шығарып салады. Жазушы  шалдың балық аңдыған сәтін, оның балықшыларға тән ырым-тыйымдарды сақтауын нанымды сипаттау арқылы өзінің де кәнігі балықшы екенін білдіреді.  Жападан-жалғыз теңізде балық аулаған адамның қандай күйде болатынын  қаламгер шебер суреттейді. Шал үнемі қасында серік болатын баланы аңсайды,  өйткені бала болса да оған әжептәуір демеу еді.

Шал өмірбақи теңізде балық аулаумен айналысқан, сондықтан ауа райын  да болжай білетін. «Дауыл бoларда oның аспандағы бeлгілeрін тeңіздe жүргeн  кісі бірнeшe күн бұрын-ақ көруінe бoлады. Ал бұл бeлгілeрді құрлықтағы адамдар көрe алмайды, – дeп oйлады шал, – өйткeні oлар нe нәрсeгe көз тoқтатып  қарау кeрeктігін білмeйді. Жәнe дe құрлықта тұрып қараған кeздe, аспандағы  бұлттың түрі мүлдe басқаша бoлып көрінeді. Бірақ қазір, бұл уақытта дауыл сoға қoймайды». Бұл күні қармағы қайығынан екі есе үлкен балықты қабады.

Шал жалғыз болғандықтан, әр нәрсені ойлап, қиялы әр саққа жүгіреді. Қолы сіресіп, ұйып қалғанда немесе ашып ауырғанда өзін-өзі қайраумен болады.  Жазушы осындай детальдар арқылы оқиғаны шынайы суреттеп, оқырманды  үйіріп әкетіп, оқиға додасына салып жібереді. Ишара, астарлау тәсілімен бір сөзбен бірнеше мазмұнды береді. Кішкентай, тозығы жеткен ескі қайық мінген шалға жолшыбай судағы ең қауіпті жыртқыш – акула сан мәрте жолығады, кейде тіпті үйірімен де шабуыл жасайды.

Бірақ ол қобалжымай, үрейге берілмей, ақыл-есін, күшін жинап, қолындағы бар қаруы таусылғанша қорғанады. Ол: «… адам күйрeу үшін жаралмаған. Адамды құртуға бoлар, ал жeңугe  бoлмайды», – дейді. Расында да, үш тәуліктен соң ұстаған балығы акулаларға  жем болса да, шал аман-есен үйіне оралады.

Оның ештеңесіз, құр қол келгеніне қарамастан, үш күн ашық теңізде акулалармен шайқасып, аман-есен оралуы  үлкен жеңіс еді. Бала бұдан былай балықшы кәсібінің бүге-шігесін толық  меңгеру үшін, тек шалмен бірге шығуға бел байлайды. Бұл шалдың үмітін,  құлшынысын оятып, ол да балаға бар білгенін үйретуге келісім береді. Шал –
батыл, күрескер, рухани жағынан күшті, өмір майданында шыныққан адам.
Шал образы арқылы жазушы оқырманға қиындыққа мойымай, күресіп, оны
жеңе білу керек деген ой тастайды.

Шал мен баланы жазушы бекер алмаған: бала – болашақтың, шал – өткеннің символы (антитеза) бір-бірін толықтырып, бірлесе отырып, ғұмыр кешеді.

Повесте шалдың аты (Сантьяго) мен баланың аты (Манолин) көп айтылмайды. Бұл да қаламгердің өзіндік тәсілі. Өмір алмасып, жалғаса береді, ескінің орнын  жаңа басады. Сондықтан Эрнест Хемингуэйдің бұл шығармасы тәмсіл әңгімеге көбірек ұқсайды. Шал теңізде жүргенде құстармен, өзі аулаған балықпен  сөйлеседі, ұстағанына кешірім сұрайды. Шалдың осындай ойлары арқылы  жазушы адамдардың табиғатпен үйлесімділікте өмір сүре алатынын астарлап жеткізеді: табиғаттан керегіңді ғана мөлшермен ал, босқа құртпа дегенге  саяды. Қазіргі антропогендік факторлар өршіп тұрған кезде бұл идея повесть құндылығын өзектендіре түседі.

Повестің тағы бір ерекшелігі – жазушының шығарманы аяқтамай, оны
оқырман еншісіне қалдыруы.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:

  1. Эрнест Миллер Хемингуэйдің өмірі мен қанатты сөздері

  2. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

  3. Талас­бек Әсем­құ­лов­ туралы естеліктер

  4. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

  5. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  6. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ