Эрнест Миллер Хемингуэйдің өмірі мен қанатты сөздері

0
1438

Бокс ме­ні жер­де жа­тып қал­мау­ға, бұ­қа тә­різ­ді үс­ті-үс­ті­не тез, аяу­сыз
ша­бу­ыл жа­сау­ға үй­рет­ті.

Эр­нест Хе­мин­гуэй

Хемин­гуэй бо­лат­тың бе­ті­не ой­ып жаз­ған­дай жа­за­ды. Шы­ғар­ма­ла­рын­да тала­нт­ты су­рет­ші­лер­дің қол­таң­ба­сы­на тән қа­си­ет бар. Қа­шан­да сұ­лу­лық­қа бой ұрып, өнер­ге  тән сәу­ле із­дей­ді. Ша­ғын бол­ға­ны­на қа­ра­мас­тан, бұл шы­ғар­ма­лар өнер тұр­ғы­сы­нан  со­ғыс ту­ра­лы жа­зыл­ған бү­гін­гі шы­ғар­ма­лар­дың қай-қай­сы­сы­нан да озып тұр.

Эд­мунд Уил­сон

Біл­ген­ге мар­жан. Эр­нест Хе­мин­гуэй­дің қа­нат­ты сөз­де­рі.

• На­ғыз ер­жү­рек адам­дар­ға дуэльге шы­ғу­дың қа­же­ті жоқ, бі­рақ мұ­ны көп­те­ген қорқақ мі­нез­ді­лер өз ер­жү­рек­ті­лі­гі­не сен­ді­ру үшін жа­сай­ды.

• Егер кім­де-кім эру­ди­ция­сы мен бі­лім­ді­лі­гін бас­қа­лар­дан ар­тық кө­ріп, мұ­рын шү­­
йір­се, ой­лау дә­ре­же­сі­нің тө­мен­гі дең­гей­де бол­ға­ны.

• Адамды құртуға болар, ал жеңуге болмайды.

• Жа­зу­шы айт­қы­сы кел­ген ой­ын айт­пай, жа­зуы ти­іс.

Бір жо­лы Хе­мин­гуэй бар бол­ға­ны ал­ты сөз­ден тұ­ра­тын, бұ­рын-соң­ды жа­зылма­ған ең әсер­лі әң­гі­ме құ­рау­ға бәс­те­се­ді. Нә­ти­же­сін­де ол бұл бәс­ті ұт­ты: «For sales:
baby shoes, never worn» – «Ба­ла­лар­дың жа­ңа, киіл­ме­ген аяқ­ки­ім­де­рі са­ты­ла­ды».

                                          ***********

Эрнест Миллер Хемингуэй (Ernest Miller Hemingway) 1899 жылы 21 шілде күні АҚШ-тың
Иллинойс штаты Чикаго маңындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келген.
Эрнест Хемингуэйдің әкесі дәрігер, анасы опера әншісі, зиялы қауымға сыйлы, білімді болған.  Концерттерде жиі-жиі ән салатын анасы Эрнест­тің де музыкант болғанын талап еткен екен. Ал  оған виолончель тарту мүлде ұнамаған.

Әкесі оны  төрт жасынан бастап, балық аулауға, аңшылыққа өзімен бірге алып жүреді. Ол 12-ге толғанда атасы оған мылтық сыйлайды. Содан бастап, ол аңшылыққа қатты құмар болады.

1913–1917 жылдары жас Хэмингуэйдің бос уақыты болмады, орта мектепте оқып, бокс, жеңіл  атлетика, су полосы және футбол сияқты спорт  түрлерімен де айналысады. Ағылшын тілінен үздік оқушының бірі болады, сондай-ақ Марселина деген әпкесімен бірге мектеп  оркестрінде ойнайды, журналистика курсына да қатысады. «Трапеция» деп аталатын мектеп газетіне әртүрлі мақала жазып тұрады. Мектепті бітіргеннен
кейін, ата-анасының наразылығына қарамастан, университетке түспей, Канзас-Ситидегі газетке жұмысқа кіреді.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталғанда Эрнест соғысқа сұранады. Бірақ  көзіндегі ақауға байланысты, өтініші орындалмайды. Хемингуэй өз еркімен Қызыл Крест автокөлігінің жүргізушісі ретінде Италия жерінде болып жатқан майданға келеді. Мұнда оған басқа еріктілермен бірге бомбаланған зауыт  қалдықтарын жинау міндеттеледі. Жазушы бұл туралы «Түстен кейінгі өлім»  (ағылш. «Death in the Afternoon») кітабында жазады.

1918 жылы 8 шілдеде Хемингуэй жаралы италиялық снайперді құтқару  барысында ауыр жарақаттанып, елге оралуға мәжбүр болады. Италия королі оны «Жауынгерлік айбыны үшін» және «Әскери крест» медальдарымен марапаттайды.

Хе­мин­гуэй әде­би­ор­та­да қа­лай та­ныл­ды?

Жазушы көпшілікке 1926 жылы жазылған «The Sun Also Rises» романы арқылы танылады. Бұл кітапта 1920 жылдардағы Франция мен Испания жастарының өмірі жайлы баяндалады. 1927 жылы «Men Without Women»  кітабы жазылса, «Death in the Afternoon» кітабы (1932 ж.) бестселлер болып,  Хемингуэйді «бірінші нөмірлі жазушы» етті. Келесі жылы «Winner Take  Nothing» атты әңгіме жинақтары шығады.  1937 жылы жазушы «To Have and Have Not» деген кітабын жазады. Бұл  кітап автордың АҚШ-тағы Ұлы Тоқырау кезеңіне берген бағасы еді.

Қа­лам­гер қан­дай со­ғыс­тар­ға қа­ты­са­ды?

Испанияда азамат соғысы басталған кезде Эрнест генерал Франкоға қарсы
күресіп жатқан республикалықтарды қолдап, оларға жәрдем жинау қорын ұйымдастырады. Осы кезде француз жазушысы әрі ұшқышы Антуан де СентЭкзюперимен танысады. 1940 жылы Хемингуэйдің соғыстан алған әсерінің
нәтижесінде «For Whom the Bell Tolls» романы туған еді. Роман идеясы адам
баласының жеке басының кез келген қиындығына төтеп бере алатын қауқары
бар деген ойға құрылған.

1941 жылы Эрнест Хемингуэй Балтимор қаласында кеме сатып алып, оған «Пилар» деген ат қояды. 1941–194жазушы3 жылдары кемесін техникамен жасақтап,  Куба жеріндегі нацистік тыңшыларға қарсы барлау жұмыстарын жүргізеді және Кариб теңізіндегі неміс сүңгуір қайықтарына қарсы күресте қолданады.

Содан кейін Эрнест өзінің журналистік жұмысын қайта бастап, Лондон қаласына тілші ретінде жұмыс істеуге кетеді. 1944 жылы Хемингуэй Германия және оккупацияланған Франция жеріне  жасалған әскери ұшу тапсырмаларына да белсене атсалысады. Кейін Нормандия жеріне одақтас елдердің әскері түсірілген кезде ол барлау жұмыстарына
қатысуға рұқсат алады. Эрнест 200 кісіден тұратын француз партизандарының
басшысы болып, Париж, Бельгия, Эльзас жерлерінде болған ұрыстарға қатысады.

Осы ерлік әрекеттері үшін Эрнест Хемингуэй Қола жұлдызбен марапатталады. Осылайша, Хемингуэй өмір мен өлім жағдайларымен үнемі бетпе-бет келіп, адам психологиясын терең зерттеп білген адам ретінде де, жазушы ретінде де шыңдалады.

1949 жылы жазушы Кубаға қайтып оралып, шығармашылық қызметін  жалғастырады. 1952 жылы оның «The Old Man and the Sea» повесі дүниеге  келеді. Мұнда сыртқы тылсым табиғат күшіне қарсы күрескен жалғыз, тек өз  қайраты мен төзіміне ғана сенген өмір тәжірибесі жоғары адам жайлы баяндалады.

1953 жылы Эрнест Хемингуэй осы кітабы үшін Пулитцеров сыйлығының иегері атанады. Сонымен қатар 1954 жылы жазушының әдебиет саласы бо­йынша Нобель сыйлығымен марапатталуына да осы шығарма мұрындық болады.

1956 жылы Хемингуэй өзінің 1920 жылдары Парижде өткізген өмірі туралы «A Moveable Feast» автобиографиялық кітабын бастайды. Кітап жазушы өмірден кеткеннен кейін шығады. Қазақ тіліне аударылған кітаптары: «Бесінші  Колонна», «Қош бол, майдан!», «Шал мен теңіз», «Килиманджаро – қарлы  тау», «Қызығы мол сол жылдар». Қаламгердің қысқа да нұсқа жазатын стилі  XX ғасыр әдебиетіне үлкен жаңалық әкелді.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:

  1. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

  2. Талас­бек Әсем­құ­лов­ туралы естеліктер

  3. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

  4. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  5. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  9. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  10. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  11. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ