Талас­бек Әсем­құ­лов­ туралы естеліктер

0
1253
Freepik.com

Адам – жол­дан тай­ған пе­ріш­те. Кей­бір ді­ни әф­са­на­лар­да осы­лай ай­ты­ла­ды.
Эдем ба­ғын­да жүр­ген Адам Ата мен Хауа Ана­ның жер­ге қа­лай қуыл­ға­нын ел­дің бә­рі бі­ле­ді. Сол Адам Ата мен Хауа та­ным мен бі­лім­нен шо­шып ке­тіп, қақ­па­сы­на қай­тып кел­ген­де қол­да­рын­да от-сем­сер­ле­рі бар пе­ріш­те­лер жол­да­рын кес-кес­теп тұ­рып­ты. Се­бе­бі Адам ұж­мақ­тан ке­тіп, есеюі ке­рек. Ұж­мақ си­яқ­ты жы­лы ұяны қи­май, ал шынды­ғын­да, ер­кін­дік­тен қор­қып қай­тып кел­ген Адам­ға пе­ріш­те­лер де, Жа­рат­қан ие­нің өзі де қар­сы.

Талас­бек Әсем­құ­лов

Өнер­ді мұ­рат тұ­та оты­рып, бар бол­мы­сын, бү­кіл са­на­лы ғұ­мы­рын шын мә­ні­сінде ұл­ты­на қалт­қы­сыз қыз­мет ету­ге ар­нап өт­кен тұл­ға­лар са­нау­лы. Сол са­нау­лылар­дың бі­рі – Талас­бек Әсем­құ­лов. Өнер­ді өзі­нің да­ра жо­лы етіп таң­да­ған тұл­ға. Жа­зу­шы, сын­шы, ау­дар­ма­шы, ки­нод­ра­ма­тург, мә­де­ни­ет­та­ну­шы, өнер­та­ну­шы, үл­кен мек­теп көр­ген күй­ші-дом­бы­ра­шы, ұлт­тық өнер­дің та­мыр­шы­сы, ой­шыл, білім­дар.

Әлия Бө­пе­жа­но­ва

Білгенге маржан. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың на­ға­шы ата­сы Жү­ніс­бай Стам­ба­ев дәу­лес­кер (шебер) күй­ші бол­ған. Ол өзі­не із­ба­сар шә­кі­рт­ті ұзақ із­деп, тап­пай қи­нал­ған екен. Бір  кү­ні оған жие­ні­нің шә­кірт бо­ла­ты­ны ту­ра­лы аян бе­ре­ді. Ж.Стам­ба­ев Талас­бек­ті
туа са­лы­сы­мен бауы­ры­на ба­сып, тәр­бие­леп өсі­ре­ді. Талас­бек на­ға­шы ата­сы­нан
тек күй тар­ту­ды ға­на емес, дом­бы­ра жа­сау­ды да үй­ре­ніп, кей­ін Ах­мет­жан, Төл­тай
сын­ды ше­бер­лер­ден өне­рін шың­дай тү­се­ді. Оның жа­са­ған дом­бы­ра­сы Мә­де­ни­ет
Еше­кеев, Сы­ма­тай Үм­бет­ба­ев, Әді­лет Му­син, Жә­ні­бек Кәр­ме­нов тә­різ­ді өнер саңлақ­та­ры­на бұйы­рып­ты.

***                                              ***

Талас­бек Әсем­құ­лов – Санкт-Пе­тер­бург­те­гі Сал­ты­ков-Щед­рин атын­да­ғы мем­лекет­тік кі­тап­ха­на­ның құ­пия қол­жаз­ба­лар бө­лі­мі­не кі­ре ал­ған (Л.Н.Гу­ми­лев­тің кө­ме­гі­мен)
жан­дар­дың бі­рі. Кі­тап­ха­на­ға кез кел­ген­ге рұқ­сат етіл­мейт­ін­ді­гі өз ал­ды­на, бұл жер­де
ақ­па­рат­ты су­рет­ке тү­сі­ру­ге де, түр­тіп жа­зып алу­ға да қа­таң тый­ым са­лын­ған. Қа­лам­гер
құн­ды мә­лі­мет­тер­ді кө­кі­ре­гі­не түй­іп шы­ғып, көп­те­ген ең­бек­те­рі­не ар­қау еткен.

***                                                    ***

Ме­нің ар­ма­ным Талас­бек Әсем­құ­лов­пен сұх­бат­та­су, сұх­бат алу еді. Ен­ді ол ар­ман
күй­ін­ше қа­ла бе­ре­ді. Талас­бек­тің ма­қа­ла­ла­рын әр қа­зақ оқу ке­рек, мек­теп оқу­лы­ғына пән ре­тін­де ен­гі­зі­лу ке­рек деп ой­лай­мын. Се­бе­бі оның шы­ғар­ма­ла­ры – қа­зақ болмы­сы­на қой­ыла­тын ан­ти­ви­рус. Талас­бек­тің сы­ни ма­қа­ла­ла­ры мен про­за­сын оқып
өс­кен ба­ла­ның са­на­сын бо­ла­шақ­та еш­қан­дай те­ріс ағым­да­ғы дін де, жа­һан­дық даму өр­ке­ние­ті де жау­лай ал­май­ды!

Ме­нің­ше, Талас­бек Әсем­құ­лов сы­нын­дай сы­ни шы­ғар­ма­лар қа­зақ әде­бие­тін­де
бұ­рын жа­зыл­ма­ған. Сон­дық­тан мен қа­зақ сы­нын Талас­бек Әсем­құ­лов­қа дей­ін жә­не
одан кей­ін деп қа­рас­ты­ра­мын.

Тұр­сын­бек Ба­шар

Таласбек Әсемқұлов – қазақ күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан таңғажайып тұлға.
Оның әрбір күйдің шығу тарихы мен аңыздарын жетік білетіндігі әрі шебер орындаушылығы мені үнемі тәнті етуші еді. Ал домбыраның түрлері мен таралуы, домбыра құлағын бұрау тәсілдері мен қағыстары, сол қолдың ішек басудағы тербелісі, тиектің орны, аспаптың әрбір ұсақ бөлігінің тіпті әрбір перненің ұмытылып кеткен атау­ларын жетік білетіндігі таңғалдыратын.

Түркі саз жүйесінің Еуропалық музыкант үшін мүл­дем құпия екендігін Шығыс музыкасының өлшемдері арқылы ғылыми тұрғыда дә­лел­деп те берген болатын. Қазақтың байырғы мәдениеті мен көне музыка­лық  тер­ми­но­ло­гия­сын өте жетік білетін мұн­дай адам­ды мен қайтып кездестірмедім.

Секен Тұрысбек

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:

  1. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

  2. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

  3. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  4. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

  5. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  6. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  7. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  8. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  9. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  10. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ