Әдебиет теориясының негіздері

0
1347
Иллюстрация: Freepik.com

Қай­талау – ай­шық­тау (фи­гу­ра) түр­ле­рі­нің бі­рі. Қай­талау сөз әсе­рін  кү­шей­те оты­рып, оқыр­ман на­за­рын ай­ырық­ша ау­дар­ғы­сы кел­ген нәр­се­ні не құ­бы­лыс­ты бір­не­ше рет қай­талап, ай­тар ой­ды, ұқ­ты­рар сыр­ды ұғым­ға мұ­қи­ят сі­ңі­ре тү­су үшін қол­да­ны­ла­ды. Оның мы­на­дай түр­ле­рі бар: жай қайталау, ес­пе қай­талау, ана­фо­ра, эпи­фо­ра.

Жай қай­талау – бір сөз­дің өлең­нің әр жол­да­рын­да қай­тала­нуы.
Ес­пе қай­талау­да ой мен сыр түй­дек­теп, есе­ле­ніп ке­ле­ді де, ал­дың­ғы ұғым­ның ая­ғы кө­шіп, өлең­ге әсем әуез, әде­мі әсер да­ры­та­ды. Мы­са­лы,

Сыр сан­дық­ты ашып қа­ра, ашып қа­ра, сыр­ла­сым,
Сым пер­не­ні ба­сып қа­ра, ба­сып қа­ра, жыр­ла­сын. (С.Сей­фу­ллин)

Ана­фо­ра­да өлең­нің әр жо­лы не­ме­се әр­бір ой ұғы­мы бір сөз­ден баста­лып оты­ра­ды.

Ұйқыдан соң – Жапырақпын,
Жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқыдан соң – Құс­пын,
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған. (С.Мәуленов)

Эпи­фо­ра­да өлең­нің әр жо­лы­ның со­ңын­да­ғы не­ме­се әр­бір ой ағы­мы­ның аяқ жа­ғын­да­ғы бір сөз бір­не­ше мәр­те қай­тала­на­ды.

Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау. (Үмбетей жырау)

Ро­ман-хро­ни­ка де­ге­ні­міз – ро­ман-зерт­теу әрі ро­ман-ше­жі­ре. Оның та­ным­дық
мүм­кін­дік­те­рі мол… Ке­не­са­ры бас­та­ған ұлт-азат­ты­ғы кө­те­рі­лі­сі оқи­ға­ла­рын су­рет­теген­де нақ­ты­лы күн­тіз­бе­лік де­рек­тер­ге, ше­жі­ре­ге сүй­ене­ді. (Ш.Елеу­ке­нов. Ға­сыр­мен
сыр­ла­су, Ал­ма­ты: Елор­да, 2004. – (181, 197 б.). 442 б.

Три­ло­гия (грек. trі – үш, logos – сөз) – маз­мұн-ма­ғы­на­сы, сю­же­ті жа­ғы­нан бір-бі­рі­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та, не­гіз­гі кей­іп­кер­ле­рі ор­тақ ке­ле­тін, өза­ра жалғас­қан, тұ­тас үш бө­лім­ді ту­ын­ды.

Ди­ло­гия­ны да, три­ло­гия­ны да құ­рай­тын әр шы­ғар­ма­да ба­ян­да­ла­тын оқи­ға тия­нақ­та­лып, кө­бі­не­се, не­гіз­гі кей­іп­кер­дің өмі­рін­де­гі бел­гі­лі бір ке­зең­ді қам­ти­ды.  Сон­дық­тан бұл шы­ғар­ма­лар­дың әр­қай­сы­сы өзін­ше ата­лып, же­ке кі­тап бо­лып та  ба­сы­ла бе­ре­ді.Әр бө­лім­ніңже­ке ат­та­ры бол­ға­ны­мен де, оның сю­жет­тікже­лі­сін­де,  ком­по­зи­ция­лық құ­ры­лы­мын­да тұ­тас­тық бо­ла­ды. Ал­ғаш­қы бө­лім­де­гі ке­йіп­кер­лер  кей­ін­гі­ле­рін­де де әре­кет жа­сап, ав­тор­лық идеяны ашу­ға қыз­мет ете­ді.

Қар­сы­лық әде­бие­ті жал­пы ХХ ға­сыр­да Екін­ші дү­ниежү­зі­лік со­ғыс­қа  қар­сы­лық жағ­дай­ын­да пай­да бол­ған ан­ти­фа­шис­тік әде­би­ет ре­тін­де қа­расты­ры­ла­ды. Алай­да қа­зақ­стан­дық зерт­теу­ші­лер орыс бо­дан­ды­ғы­на қар­сы  «Зар за­ман әде­бие­тін», сон­дай-ақ ХХ ға­сыр­дың 20–30 жыл­да­ры қа­зақ әдебие­ті­нің сол ке­зең­де­гі көр­нек­ті өкіл­де­рі Жү­сіп­бек Ай­мау­ытұлы мен Мағ­жан  Жұ­ма­ба­ев­тың шы­ғар­ма­шы­лы­ғын да Қар­сы­лық әде­би­ет­ке жат­қы­за­ды.

Ри­то­ри­ка­лық сұ­рау (леп­ті сұ­рау) – ой­ды, се­зім­ді әсер­лі жет­кі­зу үшін  жа­уа­бы өзі­нен-өзі ай­қын нәр­се­ні әсер­лі леп­пен, сұ­рау тү­рін­де ай­ту. Өлең­де  қой­ыл­ған сұ­рақ­тың жа­уа­бын оқыр­ман өзі бі­ліп оты­ра­ды. Ри­то­ри­ка­лық сұ­рау­лы сөй­лем жау­ап­ты қа­жет ет­пей­ді.

Маз­мұн­дық-та­қы­рып­тық тал­дау – шы­ғар­ма­ны тұ­тас­тай ала оты­рып, тал­дау.

Ком­по­зи­ция (лат. compositio – құ­рас­ты­ру, қиыс­ты­ру) – әде­би шы­ғарма­ның құ­ры­лы­сы, оның үл­кен-кі­ші­лі бө­лім-бөл­шек­те­рі­нің бір-бі­рі­мен қи­сын­ды түр­де қию­лас­ты­рып, әр­түр­лі тә­сіл­мен бай­ла­ныс­ты­рыл­ған тұ­тас­тық бір­лі­гі. Көркем әңгіме, поэма, роман әр алуан сюжетке құрылады.

Сюжет дегеніміз:

– шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы,
күрес-тартыстары;

– шығармадағы оқиғаның дамуы. Оқиға белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір
оқиға себебі болса, екіншісі – оның нәтижесі.

Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы, өмірге түрлі көзқарас, түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады.  Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі мезгілдерде болғандығы көрсетіледі.

Әңгіме адамдар туралы болғандықтан, олардың сыртқы пішіні, кескіні,  мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, өмірде  адам қандай болса, көркем шығармада да біз тап сондай адамдарды  кездестіреміз. Сөйтіп, шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді  әр алуан бөлшектердің қалауын тауып, жазушы асқан шеберлікпен  қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Оқиғаның басталуы, өрбуi,
шешімі – барлығы бiртұтас композицияны құрайды.

Диас­по­ра – грек сө­зі­нен шық­қан, бел­гі­лі бір ха­лық­тың (эт­ни­ка­лық қау­ым­ның)
бі­раз бө­лі­гі­нің өз елі­нен тыс өңір­ге орын те­буін біл­ді­ре­тін ұғым.

Қа­зақ диас­по­ра­сы – Қа­зақ­станРес­пуб­ли­ка­сы­нан шет ай­мақ­тар­да тұ­ра­тын қа­зақ­тар.
Қа­зақ диас­по­ра­сы сырт­қы ше­ка­ра­лар­ды ке­сіп өтіп, әу­елі Қа­зақ­стан­нан Қы­тай­ға, Ор­та­лық Азия мем­ле­кет­те­рі­не, Ау­ғанс­тан мен Иран­ға, одан әрі бү­кіл дү­ниежү­зі­не та­ра­ған.

Ли­ри­ка­лық об­раз – сыр­шыл өлең-жыр­лар­да­ғы ақын­ның өз бей­не­сі, оның іш­кі бі­ті­мі, нә­зік сы­ры мен сыл­қым се­зі­мі­нен өрі­ліп жа­сал­ған өз­ге­ше кей­іп­кер.

Хро­но­топ – ме­кен­шақ (Б.Май­танов) – уа­қыт пен ке­ңіс­тік бел­гі­лері­нің нақ­ты­лы бір бү­тін­нің та­би­ға­ты­на лай­ық бір­лік­те кө­рі­нуі.

Мұн­да уа­қыт қоюла­нып, ты­ғыз­да­ла­ды, сы­ғы­лы­са­ды. Сөйт­іп, көр­кем­ді­гі­мен көз­ге тү­сетін­дей дә­ре­же­ге же­те­ді, ал ке­ңіс­тік бол­са, шо­ғыр­ла­на­ды, та­рих­тың, сю­жет­тің,
уа­қыт­тың қоз­ға­лы­сы­на ба­ғын­ды­ры­ла­ды. Уа­қыт таң­ба­сы ке­ңіс­тік­те бел­гі­ле­ніп
кө­рі­не­ді. Ал ке­ңіс­тік уа­қыт ар­қы­лы та­ны­лып, өл­ше­не­ді. Көр­кем хро­но­топ қатпар­лар­дың осы­лай қиы­сып, бел­гі­лер­дің осы­лай қо­сы­лып, тұ­тас­та­нуы­мен
си­пат­тала­ды (М.Бах­тин).

Си­му­лякр (simulacrum, simulo – бей­не­ле­ну, кө­рі­ну – өті­рік іс-әре­кет жа­сау) – әде­би­ет­те ұқ­сас­ты­ғы­нан ай­ырыл­ған, яғ­ни өзі­нің бұ­рын­ғы бет-бейне­сі­нен бас­қа­ша си­пат­тал­ған об­раз.

Көр­кем әде­би­ет­те­гі пси­хо­ло­гизм – көр­кем шы­ғар­ма­да адам­ның жан дү­ние­сін, іш­кі се­зі­мін те­рең ашып көр­се­ту­ге ай­рық­ша мән бе­ру.

Те­лег­раф­тық стиль – Эр­нест Хе­мин­гуэй­дің әлем әде­бие­ті­не әкел­ген  сти­лі. Ол зат­тар мен іс-әре­кет ту­ра­лы нақ­ты, қа­ра­пай­ым, тү­сі­нік­ті тіл­де  жаз­ды. Хе­мин­гуэй әр жа­зу­шы­ның же­ке өз сти­лі бо­луы ке­рек, об­раз­да­ры  бай, қа­нық, сөз­де­рі әрі қа­ра­пай­ым, әрі энер­гия­ға то­лы бо­луы ти­іс деп са­най­ды.

Дереккөз:

  1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
    Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова
  2. Әде­би­ет­та­ну тер­мин­дер сөз­ді­гі
  3. Қа­зақ әде­би ті­лі­нің сөз­ді­гі

 

Басқа да материал:

  1. Эрнест Миллер Хемингуэйдің өмірі мен қанатты сөздері

  2. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет

  3. Талас­бек Әсем­құ­лов­ туралы естеліктер

  4. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

  5. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  6. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ