Денеге қалай күтім жасаймыз? (Сабақ жоспары)

0
5155
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

 

Пәні: жаратылыстану Күні:   Сынып:
Сабақтың тақырыбы Денеге қалай күтім жасаймыз?
Сабақтың мақсаты 2.2.3.4 — денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның  рөлін түсіну.
Оқу мақсаттары

2.2.3.4 — денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның  рөлін анықтау;

2.2.3.5 — тіс күтімінің денсаулық  сақтаудағы маңызын анықтау;

2.1.2.4 — бақылау жүргізудің жоспарын құру;

Сабақ  нәтижесі

 

Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.      

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерийлері Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
АКТ қолдану дағдылары Бейнетаспа, слайд.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, А3, маркерлер, топтық тапсырмалар, тіс макеті, құрт, дәрігер киімі, кері байланыс.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, қазақ тілі, музыка.
Тілдік құзыреттілік Гигиена – гигиена – hyqiene; тазалық – чистота – purity; тіс – зуб – tooth.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы: Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Біздің күлкіміз көңілді,

Жеткізсін жылу мен шаттықты.

Бөліскен жақсы ғой өмірде,

Қуаныш, мейірім, бақытты.

(оқушылар қолдарындағы күлегештері парталас досына сыйлау)

Шаттық шеңбері

 

 

Өткенді пысықтау

6 минут

Үйге ізденіс тапсырмалары берілген болатын. Кәнекей, балалар, кім дайындап келді?

Оқушылар шығармашылығы: тәжірибе көрсету арқылы, кітапша жасау, слайд арқылы қорғау.

 
  Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның  рөлін түсіну.  

Сабақтың ортасы

7 минут

 

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту.

Интербелсенді тақтадан бейнетаспа көрсету.

-Бейнетаспа не жайында?

-Кір-қожалақ қыздың әрекеті қандай?

-Бейнетаспада дене тазалығы,денеге күтім жасау туралы болды ма?

 Тазалық – чистота – purity;

1-топ      Бет күтімі

2-топ      Шаш күтімі

3-топ      Қол күтімі

4-топ      Тіс күтімі

Топ ережесін еске түсіру.

Білу және түсіну.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Құрылған басқатырғыштарды тақтағы ілу және оны талдай отырып, оқушылармен бірлесе топтарға ат қою.

Гигиена – гигиена – hyqiene;

Жеке гигиена — ол дене тазалығы. Дене тазалығын сақтау дегеніміз – үнемі жуыну, суға түсу, аяқты, басты, қолды жуып жүру, тырнақ алу, тіс тазалау. Тамақ ішерде, даладан келгенде қолды сабындап жууды, ұйықтар алдында тісті тазалап жууды және жуынуды естен шығармау керек.

Бейнетаспа

 

 

 

 

Басқатырғыш құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

Топтық тапсырма

8 минут

Жарнама құрастыру. Өздеріңнің сүйіп көретін бағдарламаларың балапан телеарнасынан өздеріңнің жарнамаларыңды жариялаңдар.

1-топ – бет күтіміне арналған жақпа май.

2-топ – шашқа арналған сусабын.

3-топ – қол күтіміне арналған жақпа май.

4-топ – тіс пастасы.

Әр топқа дене күтіміне арналған заттарын жарнамалауға беру

Сергіту сәті

2 минут

 

Интербелсенді тақтадан ағылшын тілінде сергіту сәтін жасау. Интербелсен-ді тақта

Сабақтың аяқталуы

Бекіту

10 минут

 

 

 

 

 

Топтық тапсырма

Оқушы назарын келесі бейнетаспаға аудару.

Тіс – зуб – tooth.

Күрек тіс – тамақты тістеп, үзетін алдыңғы тістер. Оның қасындағы үшкір тістер ит тіс деп аталады.Олар тамақты бөлшектеп, ұсақтайды. Жалпақ, дөңес тістер азу тіс деп аталады. Олар тамақты майдалап шайнайды.

Есіңде сақта! Тістің пішіні мен көлемі олардың қызметіне байланысты. Денеге күтім жасағандай, оларға да күтім жасау керек.

1-топ – Дәрігер киімін беру. Сұрақтар: тіс не үшін ауырады, тіс тазалайтын таяқшаның тіске зияны қандай, қандай дәрумендер пайдалы және құрттың пайдасы жайлы айту.

2-топ – Тіс макетін беру. Суретпен жұмыс. Тіс атаулары: күрек тіс, ит тіс, азу тістерінің орнымен және атқаратын қызметімн сәйкестендіру.

3-топ – Тазалыққа судың маңызы бар ма?  Қима суреттердің ішінен сусыз тазалық болмайтынын бейнелеп тұрған суреттерді таңдап, қорғау.

4-топ – Жеке гигиена ережесі. Дене тазалығы мен тіс күтіміне арналған тазалық және жеке гигиенаның ережесін құру. Қима сөздерді пайдалану.

Бейнетаспа

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топқа арналған тапсырма-ларын беру

 

 

 

Бағалау

 

 

 

Кері байланыс

2 минут

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар өздеріне баға беру.

Құрт құрамында кальций көп. Ол сүйекті нығайтады. Құртты, қатты көгөніс пен жемістерді жеу тісті бүлінуден сақтайды.

Олай болса, тістерің мықты болсын!

Қолдарындағы күлегештерін тақтадағы «Түсінген жоқпын», «Түсіндім бірақ сұрақтарым бар» және «Толық түсіндім» қалталарының біріне салу.

Құрт беру

 

 

 

Рефлекция.

 

Үйге тапсырма: Ізденіс тапсырмалары. Дене күтіміне, тазалығына, жеке гигиенаға байланысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер кітапшасын жасау.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ