«Дені  саудың — жаны  сау» атты ұйымдастырылған спорттық ойыны

0
10901
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Білім  беру  саласы:  « Денсаулық»
Бөлімі:  « Дене  шынықтыру»
Тақырыбы:  «Дені  саудың-  жаны  сау»
(Спорттық  ойын-сауық)

Білімдік  мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Берілген жан — жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру. Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, Дене мүшелеріне массаж жасату. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар: гимнастикалық төсеніштер, денсаулық туралы нақыл сөздер, гимнастикалық  доптар.

Тәрбиеші: Құрметті балалар! Бүгінгі «Дені саудың — жаны сау» атты  іс шараға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді. Шеңбер құрып тұра қалады.

Шаттық    ШЕҢБЕРІ 

Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жылынган жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық

Тәрбиеші: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!

— Ал балалар қолдарынды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру

Жүру түрлерін аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, қаздарша, жай жүру, жүгіру.

Жүріп келе жатып 3 қатарға бөліну.
1). Басқа
Тік тұру, қол желкеде, басты 1 — ші оңға, 2 — ші бастапқы қалыпқа келу, 3 — ші солға,
2) Тілге
1. Ауызды ашып, тілді шығару.
3). Мойынға
Тік тұрып, қол белде, мойынды оңнан солға қарай айналдыру.(4 рет)
4). Қолға
Тік тұру, қол төменде, аяқ қосулы.
1. Қолды алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Қайта алға созу.
5). Отыру, аяқты қосу.
Қол тізе үстінде.
1. Қолды аяқ ұшына тигізу.
2. Қайтадан тигізу.
6) Демалу жаттығуы.

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Тәрбиеші:— Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
Балалар: — Денсаулыққа.
Тәрбиеші: — Дені сау адам — бақытты адам.
— олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
— Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.

Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Доп.

Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. «Дені саудың- жаны сау» 

Тәрбиеші:. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек. Ал сендер күн тәртібін сақтайсындар ма?
Ал енді біз көм қимыл-қозғалыстар жасадық

Ал енді жалпы дамыту жаттығу: «Жалқаубек» аэробикасы
1. Б.қ. «Дымбілмес» Аяқты алшақ қойып, қолдарды белге ұстап, екі иықты кезек кезек көтеріп, түсіру.
2. Б.қ. Ат болу. Екі аяқты кезек-кезек алға созып иілу.
3. Б.қ. «Велосипед». Жатып, аяқтарын қимылдату.
4. Б.қ. «Сағат». Орнымыздан тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа созып жаттығулар жасау.
«Спорт — біздің досымыз»
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт — біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған — дей отыра

Табанды шынықтыру массажы:

Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек.

Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.

— Жарайсыңдар балалар!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау — саламат болайық.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы

Медицина орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК

 Тәрбиеші: Б.К.Жасимбекова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ