Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)

0
1100
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақты, таза да әдемі болуға тәрбиелеу, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар,
гүлдер, шарлар.

Жоспары:

І. Таныстыру (Әр топ ұран,төсбелгі, атымен таныстырады)
ІІ. Сауалғы сұрақтар
ІІІ. Ол кім? Бұл не?
IV. Жарнама
V. Кім тапқыр?
VI. Ұшқыр ой
VII. Қыз қуу ойыны

Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! Салауатты өмір салтын қалыптастыру
мақсатында ұйымдастырылып отырған «Денсаулығым бақытым» тақырыбындағы танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Лұқман хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған
екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш жігерін халқына өз еліне ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Сайыс 7 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшыларымызбен танысып
алайық. Әр кезең соңында топтардың жұмыстары бағаланады. Бағалау 5 балдық жүйе
бойынша «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұяттырақ»- деген екен Сократ. Олай болса, сайыскерлерімізге сәт сапар.

І. Таныстыру (Әр топ ұран, төсбелгі, атымен таныстырады)

ІІ. Сауалғы сұрақтар (қарсы топ жауап беруге болады)
І-топқа:

1. Елбасы қай жылды «Денсаулық жылы» деп жариялады? (2002)
2.Тазалық кепілі саналатын табиғи сұйықтық? (су)
3. Көз қызметі қалыпты көру үшін қай дәрумен жеткілікті болуы керек? (А)
4.Тазалық сақтау туралы ғылымды қалай атайды? (гигиена)
5.Жүрек ауруларын зерттейтін ғылым саласы? (кардиология)

ІІ-топқа:
1.Салауаттылықпен өмір сүруге, денсаулықты сақтай білуге бағытталған бағдарлама
(Қазақстанның — 2030 стратегиялық бағдарламасы)
2.Қан тоқтату үшін пайдаланылатын бейметалл дәрі (йод)
3.Сүті өкпе ауруына ем «дала кемесі» атанған жануар? (түйе)
4.Құрқұлақ ауруы қай дәруменнің жетіспеуінен болады? (С)
5.Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы қалай аталады? (диетология)

III- топқа:
1. Сүті өкпе ауруына ем «дала кемесі» атанған жануар.(Түйе)
2. Адам денесіне қан айдап тұратын дене мүшесі.(Жүрек)
3. Ұйқы кезіндегі елес. (Түс)
4. Оңт.Қазақстанда өсетін дәрілік жусанның түрі.(дәрмене)
5. Алматы маңында шаңғы теуіп демалатын орталық.(Шымбұлақ.)

ІІІ. Ол кім? Бұл не?
І-топқа:
1.Тірі ағзалардың ауруларға қарсыласуын түсіндіретін иммунитет теориясын және фагоцитоз құбылысын, сондай-ақ адамдардың қартаюы мен өлу мәселесін зерттеген орыс ғалымы. Ол кім? (И.М.Мечников)

2.Пішіні конус тәрізді,кеуде қуысының сол жағында орналасқан, массасы 250-300 гр. Бұл не? (жүрек)

ІІ-топқа:
1.Ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы.Денсаулықтың
нығаюына әсер етеді, ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарылатады.Бұл не? (дәрумендер)
2.Дәрумендер тіршілікке қажетті заттар «вито»-өмір, «амин»-қажетті деген латын сөзінен тұрады.Осы терминді 1912 жылы поляк ғалымы енгізді. Ол кім? (Функ Казимир)

III-топқа:
1.Эволюция теориясын ашқан. Ол кім? (Ч.Дарвин, Ж.Б.Ламарк)
2. Латынша «у» деген мағынаны білдіреді. Ол не? (вирус)

IV. Жарнама (оқушылар шығармашылығы)

«Денсаулық» тобы: «Зиянды заттардың зардабы» туралы жарнама жасады. «Өмір» тобы: «Балдың емдік қасиеті» туралы жарнамалайды.

«Бақыт» тобы: «Тазалық» туралы

V. Кім тапқыр?

І –топқа:
1.Бұл ауру кезінде оң жақ бүйректен шаншу байқалады.Науқас құсады,дене қызуы
көтеріледі. Аяқ астынан ауырады.Іш қол тигізбейді. Тұрып жүруге халі келсе де бойын жаза алмай еңкейіп, кіндігінің оң жағын қолымен басып қозғалады. Жүрегі айниды. Бұл ауру қалай аталады? (соқыр ішек)

2.Қанның қызыл түйіршігі эритроциттердің бірігіп қалуы,белгілері қан ұйып,ұсақ тамырлар бітеліп қалады,бұл аурулардың салдарынан адам өліп кетуі де мүмкін. Бұл ауру қалай аталады? (агглютинация)

ІІ-топқа:
1.Адам ағзасына «Кох» таяқшалары енуінен пайда болатын инфекциялық
жұқпалы ауру.Белгілері: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде
қуысының ауруы,тәбеттің,салмақтың,жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, бұл ауру қалай аталады? (туберкулез)

2.Қан қысымының 150 мм сынап бағанасына артуы. Белгісі: аурудың ұйқысы қашады, басы айналады, тамаққа тәбеті болмай мазасызданады бұл ауру қалай аталады? (гипертония)

III-топқа
1.Адам ылғи шөлдеп жүреді, кіші дәреті көбірек бөлінеді. Асқа тәбеті болмайды, әлсіздік байқалады, денесі қышиды, аузы құрғайды құсады, аузынан ацетон иісі сезіледі. Бұл ауру қалай аталады. (Қант диабеті).

2.Баланың әкесі мен шешесі бір-бірімен туыс адамдар болса, онда балада қандай ауру түрі пайда болады.(Цитиноз)

VI.Ұшқыр ой
Шарты: әр топтағы оқушыларға бір-бірден әріптер таратылады,сұраққа оқушылар жеке-жеке жауап береді,мүмкіндігінше тақырыпқа сай болу керек.

Барлық топқа:
1.Аурудың алдын алу үшін не істеуге болады?
2.Дәрумендердің қандай пайдасы бар?
3.Сенің басты мақсатың не?

VII. «Қыз қуу» ойыны
Шарты: Үш топ денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтып жарысады.

Қорытынды: Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуі сені бақытты өмір» етеді деген нақыл сөз бар екен.Сол айтқандай дені сау,құрыш білекті,батыл жүректі,салауатты өмір салтын сақтай алатын жас ұрпақ болып өсіңіздер!

Назарларыңызға рахмет, қош сау болыңыздар!

«Қан мен мінез»
Адамның қан тобына байланысты мінезін анықтауға болады.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ