Дін философиясы туралы түсінік

0
10796
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Дін философиясы

Жоспары:

1.Дін ұғымы

2.Буддизм әлемдік дін ретінде. Буддизм бағыттары: Хинаяна, Махаяна, ламаизм, тантризм.

3.Христиан дінінің дамуы, негiзгi бағыттары.

4.Ислам дiні, негiзгi ағымдары

1. Теологиялық анықтама. Теология (грек theos — қүдай және log — ілім, сөз, акыл,) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.

Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай — реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз — Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) — «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым — Қүдайдан келетін түсінік.

Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, олҚұдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім.

Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Қүдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Қүдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады.

Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, қүдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жогары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» — деп түсіндіреді.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады.

Мұндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің мақсаты.

Философтардың идеалистік топтары (олар да «рбір салаларға бөлініп кетеді), дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың көрнекті философы И.Кантқа (1724-1804) тоқталып өтейік.

Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды сынай отырып, Қүдайдың болмысын моральдық принциптерге теңейді. Қүдай туралы Кант былай дейді: … Қүдай күбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Қүдай туралы мәселе — діннің ісі. Біз Қүдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Қүдайдың барлығын дәлелдеуге даяр түрады.

Гегель (1770-1831): Қүдайді абсолюттік идеямен, абсолюттік рухпен теңеп: «барлық нәрсе соларді-шығып, соларға қайта оралады», — деді. Діни көзқарас төменгі сана, ал философия болса, биік сана деп түсіндіреді.

Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғамның өмірінің күрделі рухани қүбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:

— дін дегеніміз — жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;

— әлемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;

— рухани өндіріс аймағы;

— қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.

Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы. Дін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

2.Буддизм Суддхонаның баласы Сиддхартхи Гаутаманың ілімінен (б.д.д. 563-483 жж.) таралған дін деп есептеледі.Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дағдарысқа үшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды.

Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдердің басын біріктіруге талпынды. Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі — «азап шегу-шілік», ол төрт игілікті ақиқаттан түрады. Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады.

Екінші акиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен қүмарлығына байланысты болды. Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу. Төртінші акиқат, тілектер мен қүмарлыкты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету.

Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз. Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзкарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін-өзі үстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады.

Бұл ағымдар:

1) Үнді-буддизмі — Тхеравада, немесе оңтүстік жэне шығыс-оңтүстік буддизмі.

2) Дао-буддизмі — махаянанемесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.

3) Тантрикалық буддизм — ваджраянанемесе орта азиялық буддизм.

3.Христиан діні — екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді.

Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды. 313жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдады, міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христианшіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды.

1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып бөлінеді. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.

4. Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылык) — үшінші әлемдік, ең жас дін. Мұсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мүсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі. Ислам дінінің негізін салушы Ислам дінінің негізгі ағымдары суннизм және шиизм.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1.Дін бұл:
А. ақыл-ой негізіндегі дүниеге көзқарастың түрі
В. қиял негізіндегі дүниеге көзқарастың түрі
С. Әлеуметтік казусы
D. Тұлғаны әлеуметтік қажеттілігі
Е. сенім негізіндегі дүниеге көзқарастың түрі*

2.Әлемдік діндер:
А. анимизм, тотемизм, магия;
В. буддизм, христиандық, ислам; *
С. иудаизм, синтоизм, индуизм;
D. бахаизм, джайнизм;
Е. шаманизм, ата-баба культі.

3. Буддизмдегі негізгі ақиқат:
А. Өмір мәні қасірет *
В. Өмір мәні кармада
С. Қасірет себебі – аскетизм
D. Қасіреттен құтылу жолы – гедонизм
Е. Қасіреттен құтыл және азат бол

4. Христиан дінінің үлкен үш бағыты
А. Католик, Лютеран және Протестант
В. Православие,Несториан және Калвиндік С.Католик, Православие және Монофизиттік D. Ариан, Католик және Православие
Е. Православие, Католик және Протестанттық*

5.Ислам пайда болды:
А. б.з.б. 4 ғ. Үндістанда
В. б.з.б. 6 ғ. Қытайда
С. б.з. 1 ғ.Палестинада
D.б.з.б. 5 ғ. Византияда
Е.б.з. 7 ғ. Араб жерінде *

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ