Тарих философиясы және К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы

0
8663
Freepik.com

Тақырыбы: Тарих философиясы

Жоспары:

1.Тарих философиялық ойлаудың пәні ретінде

2.К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы

3.О. Шпенглер мен А. Тойнбидің тарих философиясы

1. Тарих философиясы — («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.

Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие:

біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау;

екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.

Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды.

Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана емес, тарихи процестің мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен пайым-даудың тақырыбына айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас.

Өзгермелі заман, қарқынды әлеуметтік құрылымдар, көшпелі мәде-ниеттер контекстіндегі адам пән ретіндегі тарих философиясының негізгі мазмұны болып табылады. Адамзат тарихына қатысты философиялық көзқарастардың дамуы көптеген ғасырлар бойына – Конфуций мен ЛаоЦзы, Платон мен Аристотель кезеңдерінен бастап өріс алды.

Философиялық ілімнің арнайы бөлімі ретіндегі тарих философиясының бастапқы нүктесі ретінде Гегельдің «Тарих философиясы бойынша дәрістері» саналады.

Гегель ХІХ ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында бірінші болып философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи процестің парасаттылығы тұжырымдамасын – тарих барысына алғаш тарихи берілген бағаны әзірледі.

Еуропада тарих философиясына қызығушылық Француздық Ағарту дәуірінде пайда болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп, дүниежүзілік тарих туралы философиялық пікірлер жиынтығын олардың қажеттілігі мен заңдылығының арнайы философиялық-теориялық негіз-демесінсіз қамтып келді.

Деректерді білу ретіндегі сипаттау тарихы мен та-рихи процестің теориялық қайта құрылуы арасындағы айырмашылықтардың дәлелдемесін Ж.-Ж.Руссо берді. Бірақ оған дейін Д.Вико «жаңа ғылыммен» зерделенетін «мәңгілік мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық тарихынан бөліп ажыратты.

Материалистік негізде тарих философиясын К.Маркс жетілдірді. ХХ ғасырда білімнің бұл саласына үлкен үлес қосқандардың қатарында К.Ясперсті, А. Тойнби мен У. Ростоуды атауға болады.

Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуы-ның сапалық өзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салы-стырмалы дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады:

• тарихтың мәні мен бағытталуы;

• қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері;

• тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері;

• тарихи процесс ілгерілеуі.

Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс өзін уақыт аралығында – тарих арқылы танытады 3

2. Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып келгендігін айта кету керек, дегенмен, бұл Фихтенің қосқан үлесі деп айтуға болмайды, сірә, бұл экзистенциализм өкілдерінің қазіргі философияға қосқан үлесі болса керек.

К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды.

Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс бүгінде кеңінен танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)» ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие болады.

Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам түрі қалыптаса бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Парсыда, Палестина мен Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп атайды.

3. ХІХ ғ. аяғында – ХХ ғ. басында тарих барысын ұғынуға қатысты жаңа өркениеттік тәсіл пайда болады. Ол О.Шпенглер, кейінірек А.Тойнбидің және т.б. еңбектерінде қалыптастырылады. Освальд Шпенглер (1880-1936 жж.) өзінің атақты танымалдығымен өзінің бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазылған «Еуропаның құлдырауы» еңбегінің бірінші томына қарыздар.

Дәл осы еңбектен тарихты дискретті ұғыну дәстүрі бастау алады. Ол дүниежүзілік тарихты тұтас, шексіз ағымды процес ретінде санамағанын былай қойғанда, оны өздігінен белгісіз процесс деп санаған. Ол көршілес әрі кезектес болып келетін түрлі жергілікті мәдениеттердің жиынтығы ретінде ұғынылады.

Бұл мәдениеттер өз дамуында қатал, дегенмен ұғылатын заңдылықтарға бағынып, қалыптасу, даму, өркендеу және құлдырау кезеңдерінен өтеді, бұл тарихи циклдердің тұжырымдамасын құрайды. Сонымен қатар, Шпенглер әрбір мәдениетті тірі ағза ретінде қарастырады, ал мәдениеттердің әрқайсысы жеке «рухқа» ие. Мұндай тұжырымдама тарихтың биологиялық философиясы деп аталып кеткен.

Мәдениеттің өмір сүру уақытын Шпенглер 1000 жыл деп бағалайды, себебі оны мәдениет биологиясының әмбебап константасы ретінде қарастырады. Дүниежүзілік тарих небары 8 ұлы мәдениетті біледі.

Олардың барлығы жеке өркендеу дәуірінен өтті, өтуде немесе болашақта өтеді, және олардың барлығы да өркениет, тоқырау, сүйектену (окостенение) дәуірлеріне, сондай-ақ, қандай да болмасын ұлы рух туындыларын тудыру (өнер; ғылым, дін, философия) мүмкін болмайтын дәуірге тұрақтамай кетпейді. Өркениет кезеңінде мәдениет тек техника мен ұйымдастыруды ғана іске асыруға қабілетті болады, бұл оған өзінікін арттыруға мүмкіндік береді.

Шпенглер өзі ойлап тапқан ілім мен әдіс жаратылыс ғылымдары тәрізді дәл болатындығына, өткеннен келген историографиялық материалды таңдау үшін ғана емес, еуропалық мәдениеттің бүгінгі жағдайын талдау үшін де, тіпті одан бетер, болашаққа дәл болжам жасау үшін де қолданылатындығына сенген. Осыған сүйене отырып, Шпенглер өзін қапаландыратын еуропалық мәдениеттің қазіргі жағдайына талдау жасауға әрекеттенеді.

Жаңа және тың жаңа дәуірдің техникалық дамуының барлық жетістіктері оған еуропалық мәдениеттің өркениет фазасына өткендігі туралы ой салады. Ал бұл – құлдырау фазасы, одан кейін ыдырау басталады, кітаптың атауы да осыдан алынған болса керек – «Еуропаның құлдырауы».

Арнольд Дж. Тойнби (1889-1997 жж.) ХХ ғасыр тарихында болған ірі философтардың бірі, ол мәдениеттер мен өркениеттердің генезисіне, дамуы мен құлдырауына арналған он екі томдық іргелі «A Study of History» еңбегінің авторы. Ол өзіне дүниежүзілік тарихтың өркениетті тудыруға да, оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды.

Өркениеттердің мәңгілік еместігі ХХ ғасырдың басындаақ күмән тудырған жоқ. Тойнби өз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның түсінуіне тұрарлық) тақырыптық өрісін анықтау әрекеттерінен бастайды, содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, Тойнби мемлекеттің ұлттық тарихының көптеген оқиғалары Англияның мыңдаған әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің тарихынан бөлек ұғынуға келмейтіндігін көрсетеді.

Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігіретінде Англия мен оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері ретінде кіре алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «өркениет» ретінде, ал нақтырақ айтқанда – «христиандық Батыс өркениеті» немесе жай «батыс өркениеті» деп анықтайды.

Өркениеттер генезисінің үш негізгі құраушылары ретінде, Тойнбиге сүйенсек, әмбебап мемлекет, ғаламдық шіркеу және тайпалардың қозғалысы болып табылады. Бұл құраушылардың болуы өркениеттің болғандығы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, өркениеттер өздігінен пайда бола алмайды; оның дамуы басталуы үшін, ерекше тарихи жағдай қажет етіледі. Осы тәрізді жағдайды Тойнби «Үндеу-және-Жауап» жағдайы түрінде белгілейді. Ал өркениет генезисінің барлық үш негізгі құраушысы бола тұра, Үндеу болмаған жағдайда, Жауап та болмайды, бұл өркениеттің де болмайтынын білдіреді.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. «Тарих саясатты жасайды» -деп тұжырымдаған, алғаш рет саяси философияға көңіл аударған кім?
A. Руссо
B. Платон
C. Макиавелли
D. Гоббс
Е. Бруно

2. Батыс еуропалық тарих философиясын бастаған:
A A. . Т.Гоббс
B. Ф.Вольтер
C. Д.Дидро
D. Ж.Ж.Руссо
E. Ж.О. Ламетри.

3. «Адамзат тарихы адамзаттың прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы» деп тұжырымдаған
A A. . Д.Дидро
B. Ж.Ж.Руссо
C. Гассенди
D. Ф.Вольтер
E. Ш.Л.Монтескье

4.Тарихты марксистік тұрғыда түсіну:
A. идеялар прогрестің қозғаушысы болады
B. өндірістік заттың факторлары, ақырында қоғамның, мәдениетің және т.б. даму дәрежесіне себепші болады
C. қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы
D. қоғамдық болмыс қоғамдық санаға себепші болады
E. қоғамның дамуы ұлы тұлғаларға тәуелсіз

5.Осьтік уақыт ұғымын кім енгізді?
А.Тойнби
О.Шпенглер
К.Ясперс
Г.Гегель
Ф.Вольтер

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Өнер философиясы (сабақ жоспары)
  2. Еркіндік философиясы (сабақ жоспары)
  3. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі
  4. Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл
  5. Онтология болмыс туралы ілім
  6. Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы
  7. Қоғам философиялық ұғым ретінде


ПІКІР ҚАЛДЫРУ