Динозаврлар туралы деректер

0
9575
Айдаһарлар туралы мәліметтер

Ертегідегі қаһармандардың алдынан үнемі көсе-көлденең шығып, біздің үрейімізді алатын динозавлар туралы білмейтін адам кемде-кем шығар. Ал, олардың бұрындары жер бетінде тіршілік кешіп, жұмыртқа салғандығын  қазір  ғылымның өзі дәлелдеп отыр. Ендше, айдаҺарлар әлеміне бірге саяхаттап көрейік;

ДИНОЗАВЛАР НЕГЕ БІЗГЕ ДЕЙІН ҚҰРЫП БІТТІ?
— Олардың құрып кеткендігі жайында айтылған деректерге назар аударсақ, ол жерге астероид, метеорит  немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пікір шындыққа жанасады.
Жер тарихындағы бұл жануарлардың құрып кетуінің өзге де себептері бар, бірақ осыдан 65 миллион жыл бұрынғы динозаврлардың жойылуы апаттық жағдайдан болды. Соқтығысу салдарынан ауаға көтерілген тозаң бұлттар климатты өзгертті: өсімдіктер құрыды, жұмытқалары басылып шығарылмады, ал ересек жануларлар жер бетін мұздың басуы салдарынан аштық пен үсіктен қырылып қалды.

ДИНОЗАВРЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ ҚАНДАЙ БОЛҒАН?
— Өз ата-аналарынан аумаған кішкентай көшірмесі сияқты сүйкімді болған. Бауырымен жорғалаушылар сапына жатқызылатын айдаҺарлар жұмыртқа салған. Олардың ішіндегі маязавр сияқты кейбір түрлері өте қамқор ата-ана болған.  Олар ұя жасап, жұмыртқаларын өзге жыртқыштардан қорып, балалары аяқтанып кетпегенге шейін қастарынан бір елі тастамаған.

ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ ДИНОЗАВРЛАР ҚАЙСЫ?
— Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар «тираннозавр рекс» және «аллозавр» сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты айдаһарлар болған.

ОЛАР ҚАЛАЙ ЖЫРТҚЫШТАРДАН ҚОРҒАНДЫ?
— Иә, шөпқоректі динозаврларды қатерлі жыртқыштар аңдитын болған. Бұдан қорғану үшін олардың қалқандары, тікенектері және түйреуіш тәрізді құйрықтары көмекке келген. Сылбыр, өте баяу қозғалатын цератописандар немесе «мүйізтұмсық» динозаврларды азулы жыртқыштардан мойындарындағы үшкір жалдары мен мүйіздері қорғап қалды.

ҚАЙ ЖАНУАРЛАР ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН БОЛЫП ЕСЕПТЕЛДІ?
— Тарихи кезеңге дейін сейсмозавр және брахиозавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар қазіргі зәулім үйлер сияқты өте үлкен болған. Олар тобырмен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген, және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Қазірге дейін аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алғандығынан хабар береді. Қытайда сүйектері табылған  шөпқоректі мамехизаврдың 15 метрлік сойыны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің құйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Оның салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар — салмағы не бары 7 тонналық піл!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ