Ми туралы таңғажайып мәліметтер

0
976

Ми — адамның ойлау жүйесі мен сана сезімдерінің басқарушы  тетігі. Тіршілік басталғаннан бергі технологияның қарыштап дамыған кезеңіне дейінгі аралықта адамзат баласы өзінің осы  «барометірі» арқылы едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Зәулім үйлер салып, ғарышқа ұшты. Ал, ғалымдар әлі күнге дейін адамзатқа мол мүмкіндіктер сыйлаған осы ғаламаттың құлысын тынбай зерттеумен келеді. Әзірге қолда бар деректер мыналар:Кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бөліктері  нашар көрінеді. Сондықтан одан мидың анық бөліктерін байқау мүмкін емес.
Орташа алғанда ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы бөлігін алып жатады.
Ерлердің миы әйелдерге қарағанда көбірек, өйткені ерлер әйелдерге қарағанда ірілеу болып келеді.
Алайда дене мөлшерімен салыстыратын болсақ, әйелдердің миының ерлерге қарағанда сәл артығырақ екенін байқауға болады.
Бас сүйектегі миды үш жұқақ жарғақша — ми қабықтары қоршаған. Олар жұлын сұйықтығын қамтиды. Ми өзін соққылар мен шайқалудан сақтайтын осы сұйықтықта қалқып жүреді.

Мидың көпшілік бөлігі көз деңгейінен жоғары орналасады.
Ұйықтап жатқанымызда миды  демалады деу — қате пікір. Себебі, қатты ұйқы мен құс ұйқы арасында адамның миындағы толқындар өз пішінін өзгертіп отырады.
Мидың оннан тоғыз бөлігі — екі үлкен жарты шардан тұратын күмбез. Оның  ішінде ганглиялар деп аталатын шар тәрізды бөліктер орналасады.
Ми қабатындағы әрбір жердің сезім мүшелерінен келетін, не болмаса бұлшық еттерге бағытталған жүйке дабылдарымен қатысы болады.

Мида жүз миллионға жуық жүйке жасушасы болады.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ