Е.Б. Бекмаханов атындағы дәстүрлі ІІ Республикалық Қазақстан тарихы олимпиадасының ережесі

3
1407

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмахановтың 105 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында  Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі ІІ республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға 6-11 сынып оқитын мектеп оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Олимпиада қазақ тілінде өтеді.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтеді. Қорытындысы: 10 наурыз күні анықталады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы кубок беріледі.

Е. Бекмахановтың 105 жылдығына орай өткізілетін олимпиадада Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 105 оқушы «Жас тарихшы» төсбелгісімен және 25 ұпай алған қатысушылар «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7700 978 59 22; +7775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Е.Б. Бекмаханов атындағы дәстүрлі ІІ Республикалық Қазақстан тарихы пәнінен қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

1.1.             Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада); 

1.2.             Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында 10 наурыз күні жарияланады. 

1.3.             Олимпиада 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі; 

1.4.             Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады; 

1.5.             Тапсырмалар ұйымдастырушылармен бекітіледі;

1.6.             Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады;

1.7.             Олимпиада барысында сыбайлас жемқорлыққа және заң бұзушылыққа жол берілмейді.

2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.             Қазақтаннан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың есімі мен тарихи мұрасын насихаттау;

2.2.             Оқушы жастардың тарихи санасын қалыптастыру;

2.3.             Мектеп оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша білім деңгейін тексеру;

2.4.             Зияткерлік байқауларға қатысуды ынталандыру;

2.5.             Үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау.

3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.             Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.

3.2.             Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.             Олимпиадаға қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен қатыстырылады;

3.4.             Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5.             Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Жалпы тестті бастағаннан кейінгі жалғастыру уақыты 24 сағат (1440 минут) ішінде;

3.6.              Тестті жауып алу немесе интернет үзіліп кету мәселелері орын алған жағдайда 24 сағат ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінен келген жерден жалғастыра алады;

3.7.             Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.8.             Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.9.             Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 

4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.             Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.             Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.3.             Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.4.             Қате енгізілген мәліметтер үшін (қала, мектеп атауы, жетекшінің аты-жөні т.б.) олимпиада ұйымдастыру комитеті жауап бермейді;

4.5.             Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.6.             Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.7.             Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Толық ақпарат сайттың «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада уақыт жағынан ең жоғары нәтиже көрсеткен 105 оқушыға  «Жас тарихшы» төсбелгісі беріледі (Төсбелгіге бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). 25 ұпай алған қатысушыларға «Үздік оқушы»дипломы беріледі. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 10 наурыз күніжарияланады.

Төсбелгі алу шарттары: ең жоғары ұпай жинау және уақыт жағынан тез өту.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Бір ұйымнан 50 қатысушы қатысып, 30 жүлделі орын шықса ұжымға «Үздік ұжым» кубогы және ұйымдастырушы координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» кубогына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» КУБОГЫ ЖӘНЕ АЛҒЫС ХАТ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.


Ескерту!
 «Үздік ұжым» кубогы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Каспи, терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ 

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе kaspi.kz, онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: Таңертеңгі 9:00 ден кешкі 18:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі – демалыс.

Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 (727)229 63 69; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87

3 ПІКІРЛЕР

  1. Осы олимпиаданы бір жыл бойы күттік десек те болады. Өткен жылы қатысып, «Үздік ұжым» иегері атанған едік. Биыл да қатысамыз

  2. Қалай қатысуға болады? Кешкі 6-ға дейін ғана жұмыс жасайсыздар ма?

  3. Сәлеметсіз бе! Олимпиада онлайн түрде qaztest.kz сайтында өтеді, (24 сағат) кез келген уақытта қатыссаңыз болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ