Эстафеталық жарыс «Алақай қыс келді»

0
2708
C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20180118_112945.jpg

Эстафеталық жарыс «Алақай қыс келді»

Мақсаты : Ата-аналар мен балалардың спортқа деген қызығушылығын ояту, жылдамдығын арттыру, ойын, қиялын дамыту.

Міндеті: Эстафеталық жарысқа қатысатын отбасылар өздерін таныстырып шығады. Ата –ана мен балалар біздің спорттық іс –шарамызға белсене ат салысу.

Біздің эстафеталық жарыс төрт кезеңнен тұрады.

  1. «Шаңғы тебу»

Жарысқа қатысатын 3 топтың балалары аяқтарына шаңғы киіп жарысады.

2. «Шелекке қарды дәлдеп салу»

Алдарында тұрған шелекке ата-анасы қарды домалақтап тұрады да баласына береді. Ал баласы қарды дәлдеп шелекке тигізу керек.

3. «Шанамен жарысу»

Балалар шанаға отырады, ал ата-анасы болса жіптен ұстап шанамен бірге жүгіреді.

4. «Аққала жасау»

Ата- анасы мен баласы біріге отырып аққала соғады.

  1. ші мен 2-ші орындар жүлделі сыйлықтармен марапатталады.

Құрметті ата-аналар мен балалар біздің жарысқа ат салысып қатысқандарыңызға рахмет! Біздің балабақшада әлі де осындай жарыстар болады. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20180118_114157.jpg

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20180118_112945.jpg

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы 
«Қызыларық» бөбекжай –балабақшасы» МКҚК
Джалбиева Айгуль Картайгановна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ