Эйнштейннің кеңестері

0
2534

1. Ынталы болыңыз.
«Менің анау дейтіндей дарыным жоқ. Мен тек өте қызыққұмар адаммын».
Құмарлығыңызды не оятады? Мен бір адамдардың жетістікке жетуі мен кейбірінің жетпеуін зерделеуге құлшынып тұрам. Сондықтан жетістікке жетудің жолдарын зерттеуге көп жыл арнадым. Сіз неге құлшынасыз? Сіздің құмарлығыңыз сізді жетістікке қарай жетелейді.
2. Табандылықтың құны жоқ.
«Мұның барлығына мен шектен тыс ақылды болғандықтан ие болғам жоқ. Тек мәселені шешкендегі табандылығымның арқасында ғана қол жеткіздім».
Табандылығының арқасында тасбақа Нұх пайғамбардың кемесіне жетті. Өз мақсатыңызға жеткенше сіз табанды бола аласыз ба? Поштаның кереметі — ол жіберілген сәлемдемені түбінде діттеген жеріне жеткізетіндігінде дейді. Пошта сияқты бол. Қалайда мақсатыңа жет.
3. Осы сәтті бағала.
«Көлікті жүргізіп келе жатып қызбен сүйісіп отырған еркек шын мәнінде сүйіске бар ниетімен лден қоя алмайды».
Әкем ылғи айтатын, екі атқа мініп шабуға болмайды деп. Мен сөйлегенді жақсы көрем, сен қалауыңды жасайсың, бірақ қолыңнан келетін қалауды жасайсың. Бүгінмен өмір сүріп үйрен. Қазір істеп отырған ісіңе мұқият бол. Бар назарың сонда болсын.
Жинақталған зейін зор күш, ол сәтсіздіктен қашып, жетістікке жетуге септеседі.
4. Қиял шексіз.
«Қиял деген мен үшін бүкіл әлем. Бәрі. Ол өмірің қалай қарай өрбитінін көрсете алады. Қиял білімнен де артық».
Ал, сіз бүгіндікке қиялыңызды пайдаландыңыз ба? Эйнштейн қиял білімнен де артық депті. Қиял келешекті алдын ала көрсетіп отырады. Бірде Эйнштейн айтыпты: «Ақылдың шын көрінісі білім емес, қиял» деп. Күні бойы қиялыңызды қосатын кезіңіз көп пе? Ондай қуат қайнары туралы ұмытуға болмайды.
5. Қателік жасаңыз.
«Қателік жасамаған адам — ешқашан ешбір жаңа нәрсе істеп көрмеген адам».
Әсте, қателесуден қорықпаңыз. Қателік – құзға құлау емес. Қателік сізді байытады, ақылды, жылдам ете түседі, тек оларды дұрыс қабылдап үйренсеңіз, әрине. Бұрын айтқанымды қазір де қайталаймын – жетістікке жеткісі келген адамның қатесі үш есе көп болуы керек.
6. Бүгінмен өмір сүр.
«Мен ешқашан келешек туралы ойлап бас қатырмаймын, ол мен үшін – қазір және осы сәт».
Келешекке жетудің ең дұрыс жолы бүгінмен өмір сүру. Бүгін кеше мен ертеңді өзгерте алмайсың. Сондықтан қуат-күшіңді бүгінге сарқып жұмсағаның дұрыс. Сен бар ететін уақыт қана мәнді.
7. Мән беріп жүр.
«Танымал болудан гөрі беделді адам болуға тырысу керек».
Танымалдылыққа талпынып, уақытты зая кетірмеңіз. Уақытыңызды абырой-бедел жиюға жұмсаңыз. Беделді бола алсаңыз, жетістікке оңай жетесіз. Дарыныңыз бен қабілетіңіздің бәрін жайып салмас бұрын оларды өзіңізге табыс әкелуі үшін қалай қолдану керектігін біле жүріңіз.
Беделді болыңыз, сонда жетістік сізге өзі-ақ келеді.
8. Әр түрлі нәтиже күтпеңіз.
«Әр күн сайын бір нәрсені қайталай беріп, әр түрлі нәтиже күту — ессіздік».
Бір нәрсені қайталаудан әр түрлі нәтиже күте алмайсыз. Басқаша айтсақ, міндетіңізді біркелкі орындасаңыз, онда сырт көзге әр кезде басқаша болып көрінуі мүмкін емес. Өміріңізде бірдеңе өзгерткіңіз келсе, бірден алыңызда өзгертіңіз. Өмір өзгеру үшін бірдеңе өзгертуіңіз керек. Ойды өзгерту әрекетті өзгертеді. Сонда өмір қалай өзгергенін байқайсыз.
9.Білім тәжірибемен жинақталады.
«Ақпарат таза күйінде – білім емес. Мәліметтің қайнар көзі – тәжірибе».
Білім тәжірибемен жинақталады. Бір мәселені шешу үшін көп толғануыңыз мүмкін, бірақ ол тек оның пәлсапалық қырын түсінуге мүмкіндік береді. Мәнін түсіну үшін оны өзің сезінуің керек. Өзің жасауың тиіс. Қорытындысы қандай? Жаңа тәжірибе! Ары-бері айналсоқтап жүре бермей, екі білекті сыбанып, іске кірісіңіз. Бітті. Құны жоқ білімді сіңіретіндігіңізге шүбә жоқ.
10.Ережесін ұғыныңыз да жеңе беріңіз.
«Ойынның ережесін жаттап алыңыз. Сонда өзгелерден мың есе артық ойыншы боп шығасыз».
Қарапайым тілмен айтқанда, жасауға тұрарлық екі нәрсе бар. Біріншіден, ойнап отырған ойынның ережесін ұғыныңыз. Екіншіден, басқалар сияқты ойнамаңыз. Сонда жеңімпаз сіз боласыз!
Аударған Шынар Әбілдә


ПІКІР ҚАЛДЫРУ