Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы

0
1554
Иллюстрация: Freepik.com

   Жалпы жай сөйлемдер құрлымына қарай, алдымен, екі салаға бөлінеді: синтаксистік  мүше-құрамды сөйлемдер, синтаксистік мүше-құрамды емес сөйлемдер.

Синтаксистік мүше-құрамды жай сөйлемдер айырым тұлғалы екі бас мүшенің ара қатынасында не арнаулы тұлғалы бір бас мүше арқылы қалыптасу құрылымы жағынан екі топқа жіктеледі: екі бас мүше-құрамды сөйлемдер, бір бас мүше-құрамды сөйлемдер.

Арнаулы тұлғалы бір бас мүше арқылы құрылатын сөйлемдер осы бір бас мүшесінің лексикалық-грамматикалық ерекшелігіне қарай екіге бөлінеді: бір бас мүшесі белгілі бір рай, шақ тұлғалы етістіктер арқылы не айырым тұлғалы етістіктерге модальдік сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер және бір бас мүшесі атау септік тұлғасындағы есімдер арқылы жасалған сөйлемдер.

Алдыңғы топ баяндауыш бас мүшесінің істі істеуші субъектіге не істің арналу иесіне байланысты мағыналық айырмашылығы жағынан үш түрлі болып келеді: белгісіз жақты сөйлем, жанама жақты сөйлем (жақсыз сөйлем), жалпылама жақты сөйлем. Ал соңғы топ атау септік тұлғалы бас мүшесінің лексикалық-грамматикалық жасалу ерекшелігі жағынан, соған сәйкес, айырым мазмұны жағынан екіге жіктеледі: жақсыз сөйлем (есім жақсыз) және атаулы сөйлем.

Синтаксистік мүше-құрамды емес сөйлемдер лексикалық-грамматикалық жасалу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:

1.Атаулы сөйлемдер

2.Арнаулы модальдік сөздерден құралған сөйлемдер

3.Одағайдан құралған сөйлемдер

Бұлардың ішінде тек арнаулы сөйлемдердің табиғаты біраз дәрежеде зерттелген. Ал, басқалары, жалпы синтаксистік мүше-құрамды емес сөйлем типтері, олардың мағыналық-грамматикалық ерекшеліктері арнайы зерттеу объектісі болған емес.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ