«Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» Отан қорғаушылар күніне сценарий

0
11789
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар»

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.Әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.

1-жүргізуші: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті.Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,абзал ағаларымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің мәні көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы

2-жүргізуші: Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігімен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»

1-жүргізуші: М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».

2-жүргізуші: М.Әуезов: « Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп,Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».

1-жүргізуші:ендігі кезекте «Сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Және де біздің батыл да қайсар жігіттеріміздің өз өлеңдерін елге тарту етпекші

Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз –

Бiз бүгiн өркен елдiң сарбазымыз.

Ант алып ар алдында сапқа тұрып,

Қорғаймыз туған жердiң ар-намысын.

Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,

Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.

Дұшпанға қатал болған, досқа берік,

Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.

Би «ризамын»

1-жүргізуші: Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

2-жүргізуші:

Ардақтайды сыйлы болған данасын,

Аялайды нәзік жанды анасын,

Елімнің қайсар рухты жігіттері

Әлі талай асқақтатар даласын.

Жақсылығын қашан-дағы асырған,

Достың кемшін тұсын ылғи жасырған.

Жігіттері менің текті елімнің

Жаралған ғой ұлы нәзік асылдан.

Қазағымның салт-дәстүрін сақтайды,

Үміт артқан ел сенімін ақтайды.

Халқымыздың қаһарман ұландары

Қашан болсын ар-намысын сатпайды!

1-жүргізуші: Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «ЕР АЗАМАТТАРДЫ» ерекше ардақтаған.

2-Жүргізуші:

Ал ақын ағамыз Мұхтар Шаханов:

…Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой әкелердің арқасы…

Немесе …

Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Әкелердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.

1-Жүргізуші:Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға ,жігерлеріңіз мұқалмасын асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!

Презентация «жас ұландар»

2-Жүргізуші: Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.

1-Жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!7 «В» сынып жігіттерін құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ