Электронды пошта дегеніміз не?

3
26053

Электрондық пошта — интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде коммуниканттар хабарды жеткізе алады. Ол үшін пернетақтадан тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі бір коммуникантқа (адресантқа) жіберу басты мәндет ретінде саналады. Осындай тәсіл арқылы белгілі бір коммуникант өзінің достарымен немесе әріптестерімен қарым-қатынас жасай алады. Электронды поштаның қарапайым поштадан басты артықшылығы – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығында. Мысалға дәстүрлі поштаның көмегімен жіберілген хабарламаның белгіленген мекен-жайға жетуі үшін бірнеше күн, кейде тіпті бірнеше апта қажет болса, электронды пошта – қажетті хабарламаны бірнеше минут (кейде тіпті бірнеше секунд) ішінде жеткізеді. Оның басты себебі – электронды поштаны тасымалдау үшін пошта қызметкерінің (почтальон) немесе қандай да бір жүк машинасының қажеті жоқ. Электронды поштаны жеткізу үшін телефон желілері мен спутниктік байланыстар қолданылады. Электронды пошта байлынысы анағұрлым сенімді байланыс құралы болып есептеледі. Әрине компьютерлерде де техникалық ақаулар болып, мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін. Бірақ мұндай жайттар практикада сирек кездеседі. Электронды поштаның көмегімен пайдаланушылар көлемі шағын хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар мәтіндік құжаттарды, суреттерді, программаларды жіберуіне мүмкіндігі бар. Жіберілгенсуреттерге немесе белгілі бір хабарламаларға басқа да коммуниканттар араласып, өз пікірлерін білдіре алады. Жалпы электронды поштадағы қарым-қатынас жүйесі ауызекі сөйлеу тілімен өте ұқсас болып келеді. Мұнда сөйлеу тіліне қатысты белгілер молынан ұшырасады. Бірақ ауызша сөйлеуден ерекшеленетін тұсы да жоқ емес. Жалпы интернет – коммуникациядағы жазба және ауызша сөздің (интонация, тон) паралингвистикалық құралдардың (сурет, фотосурет, шрифт, түс, графикалық символдар (смайликтер) және т.б.) жазбаша сипатына қарай бейімделуін көрсетеді. Сондықтан ауызша сөйлеуде қолданылатын паралингвистикалық құралдар мұнда қолданылмайды. Интернетте әріптер, сандар және тыныс белгілер паралингвистикалық амалдарды толық атқарады деп айтуға болады. Интернет тілінде бұлар смайлик немесе эмотикон деп те аталады.


3 ПІКІРЛЕР

  1. Электронды пошта деген жерге не жазуға болады?

  2. Электронды пошта деген жерге не жазуға болады? Інімнің телефоны электронный почта мен ғана ашылады😅😅

ПІКІР ҚАЛДЫРУ