Елім менің! Зияткерлік ойыны

0
2385
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Елім менің! Зияткерлік ойыны

Мақсаты:а)Білімдік:Қазақ тіл білімі тараулары қарастыратын мәселелер туралы білім беру,әдеби көркем шығармалар туралы білімдерін кеңейту. ә)Тәрбиелік:Ұлттық салт-сана,әдет-ғұрыпты насихаттау,ел-жер туралы танымын дамыту,өз ұлтын сүюге тәрбиелеу. б)Топпен жұмыс жасау,ойлау,сөйлеу,шығармашылық дағдысын дамыту. Әдісі:топтық сайыс(зияткерлік ойын) Көрнекілігі:ұлттық бұйымдар,үлестірме тапсырмалар,музыкалық құралдар,интерактивті тақта т.б Барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі. Зияткерлік ойын өтетін жерді безендіру,қатысатын сыныптар.

Жүргізуші: -Балалар,құтты болсын тілің бүгін, Ашатын жан сарайын білімдінің. Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан, Тіліне зер салыңдар бұрынғының,-деп ақын ағаларымыз айтқандай,тіл-тарихы терең сыр.Тіл-халық тарихы,тіл-ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз.Ана тілі-атаңның,анаңның,туған халқыңның тілі.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығымен «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» болып 10 жылға жуық уақыттан бері аталып келеді.Бұл-мемлекеттің тілге деген айрықша қамқорлығының белгісі.Қазақстан ұлттық арнасында да осы жылдан бастап «Елім менің» тақырыбында әдеби-тарихи танымдық ойын ұйымдастырылып,ол көпшіліктің сүйіп көретін,асыға күтетін хабарына айналды.Тіл мерекесі қарсаңында мектебімізде өткізілгелі отырған «Елім менің!»тақырыбындағы зияткерлік ойын сайысына қош келдіңіздер!

Сайыс кезеңдері:

1«Сөз-өнер»

2. «Сөз-мағына»

3. «Сөз-тарих»

4. «Сөз-дәстүр»

5. «Сөз-әдебиет»

6. «Сөзден-сөз»

Сайысымыздың беташарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық.

1-айналым. «Сөз-өнер» 1-бөлім:Кино өнеріне қатысты сұрақ.

Жүргізуші:Қазақ әдебиеті-әлемдегі бай әдебиеттердің бірі.Оның үлкен бір саласы-ауыз әдебиеті.Ауыз әдебиетінің түрлері көп.Солардың бірі әрі бірегейі-батырлар жыры.«Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та,бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады.Батырлардың ойы мен арманы,ел мұңы халық тағдырымен ұштасып жатыр»(М.Ғабдуллин)

1.Орыс суретшісі Е.Сидоркиннің суретінде қазақтың қай батыры бейнеленген?

Жүргізуші: Лиро-эпостық жырлардың өлмейтін көркемдік қасиеті-қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес,ішкі сырын,жұмбағын,философиясын жинақтауында. Екі жастың арасындағы мөлдір махаббат сезімі аңызға айналып жырға арқау болса, біздің заманымызда мәңгілік кино өнерінің жауһар туындысына айналды.

2.Лиро-эпостық жырдың аты және киноны түсірген режиссер кім?

2-бөлім: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі»бойынша емле ережесі 1.Мүсәпірлік,зілмауырдай. 2.Мұқияттылық,пәтуасыздық.

Ән-жұмбақ (1 ұпай)

2-айналым. «Сөз-мағына» 1-бөлім:Тұрақты сөз тіркестеріне қатысты сұрақ. 1.Айрандай ұйып отыр(тату)

2.Нәр сызбады(аш)

3.Құрыққа сырық жалғады(өтірік-шыны аралас)

4.Күйе жақты(бәле жабу)

5.Түйе үстінен сирақ үйіткен(ебедейсіз)

6.Жұмыртқадан жүн қырыққан(сараң)

2-бөлім:Көнерген сөз мәнін табу.

1.Көп садақтың ішінде Көбе бұзар жебе бар (Махамбет)

а)киім в)сауыт с)қару

2.Күдеріден бау тағып, Сауыт киер күн қайда? (Махамбет)

а)тері в)мата с)темір

Ән-жұмбақ (1 ұпай)

3-айналым. «Сөз-тарих» Тарихи және әдеби аңыз кейіпкерлеріне қатысты сұрақтар

1-топ басшысы:

1.Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады? 2.Ж.Баласағұнның еңбегі?

3.Әл Фараби туған қала? 4.Лексика нені зерттейді? 5.Фоне сөзінің мағынасы? 6.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 7.Тәуелдік жалғауының мағынасы қандай? 8.-ар,-ер,-р ненің жұрнағы? 9.Шығармадағы табиғат көрінісін не деп атайды? 10.Тіл туралы мақал айт. 11.Халқына жерұйық іздеген аңыз кейіпкері? 12.Жедел өткен шақтың жұрнағы қандай? 13.Сұлтан Қожықовтың атақты киносы? 14.Жадағай,құдағай қандай сөздер? 15.Тұрмыс-салт жырларының бірі?

2-топ басшысы:

1.Қорқыт ата кітабы қайдан табылған? 2. «Құтты білік»дастанында неше кейіпкер бар? 3.Махмұт Қашқаридың сөздігі қалай аталады? 4.Сөз тіркесін зерттейтін тіл білімінің саласы? 5.Полисемия сөзінің мағынасы? 6.Орынбасар сөз табы деген не? 7.Қазақ тіліндегі барлық жұрнақты екіге ғана бөлеміз? 8.Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бар ма,оларды ата? 9.-ып,-іп,-п ненің жұрнағы? 10.Кейіптеу деген не? 11.Тіл туралы мақал айт. 12.Адамдарға мәңгілік өмір іздеген Сыр бойылық дана қарт? 13.Қалып етістіктерін ата? 14. «Менің атым Қожа»хикаятының авторы кім? 15.Белгілі бір аймаққа ғана түсінікті сөздер қалай аталады?

Ән-жұмбақ (1 ұпай)

4-айналым «Сөз-дәстүр» .Қазақы наным-сенім,салт-сана,әдет-ғұрып,тұрмыс-тіршілігіне қатысты сұрақтар.

1Аттың ер тұрманы қамшыға қатысты сұрақ.

2.Түйе малының басына тағатын жіпкеқатысты сұрақ.

3.Көгентүп (көгендік)бір-біріне жақын,туыс адамдардың баласына сый ретінде мал беруі (қозы,лақ,тай,ат тб)

4.Айдар-төбе шашын ұзын етіп өсіріп,моншақ араластыра өріп қою.Ер бала ғана.

Ән-жұмбақ (2 ұпай)

5-айналым «Сөз-әдебиет»

1-бөлім.1-топ. 1.Ұлан байтақ қазақ жерінің территориясына неше шет мемлекет сияды? 2.Төл теңге айналысқа қай жылдан бастап енгізілді? 3.Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

2-топ. 1.Қазақстан республикасымен шекаралас мемлекеттер? 2.Ел Астанасының туған күні қашан? 3.Мемлекеттік гимннің сөзін кімдер жазды?

2-бөлім.

1.«Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Хиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан,қызыл тіл,

Сөйлеймін десең,өзің біл.» (Абай «Сегіз аяқ»)

2. «Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.»(С.Торайғыров)

3. «Бала еңкейе беріп,кеспекті иығымен нығырақ тіреп қағып жіберді.Астына салған ломдар мен қада ағаштар шатыр-күтір етіп,біріне-бірі қағысып,бастары шошаңдасты да,отыз пұт тоң май құйған кеспек екі-үш қаққанда,желге ұшқан ебелектей домаланып,сарайдың есігіне барып та қалды.»

(Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан»хикаяты)

4. «-Алтын жатса-алмаймыз!Бір ме?

-Бір…

-Өтірік айтпаймыз!Екі ме?

-Екі…

-Алдау үшін өтірік айтса,кешіреді екен деме,алданбау үшін өтірік айтсаң,іркілме!»

(Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты»романынан үзінді)

5.Карта бойынша сұрақтар.

1.Қызылорда облысы.

2.Талдықорған облысы.

6-айналым «Сөзден-сөз»

1-топ: жаза,жазу,таза,азат,жұту,ұзау,қаза.

2-топ:сары,орыс,орда,саба,дара,арыс,адыр.

Қорытынды:

Тілім менің ғасырлардан аманат,

Аманатқа адам болсын қолғанат.

Ар-намысқа келтірмейік жаман ат,

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше,

Өз тіліңді өзгелерге бағалат!

Сексенбаева Балагүл Қарсақбайқызы

(№59 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі)

Мүшайрада ІІ орын иеленген өлең.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ