«Ерте, ерте ертеде» атты ертегілер сайысы

0
7772
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Ерте, ерте ертеде»

1.Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, бүгінгі сайысымызға, ойынымызға қош келіпсіздер. Бүгінгі іс-шарамыз ерекше тамаша және де қызықты өтетініне сенімдіміз.

Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,-дей отырып, «Ертегі білесіз бе?» атты сайысына қош келдіңіздер!

2. Жүргізуші:

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

1. «Ерте,ерте,ертеде…» ертегінің атын тап

2. Үй тапсырмасы. ( Сахналық қойылым)

3.Әуенді тап.

4. «Мақал сөздің мәйегі» мақалдарды табу

5. Ойын «Көңілді айналмақ»

6. Қорытынды.

1.Жүргізуші:

әр кезең 10 балмен бағаланады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Білімдінің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейміз!

2. Жүргізуші:

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Ертегінің мынадай түрлері бар

Қиял — ғажайып;
Хайуанаттар туралы;
Шыншыл ертегі; (тұрмыс- салт ертегілер )

1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

І – бөлім: «Ерте,ерте,ертеде…»

1.Жүргізуші: құрметті қонақтар біз сіздерге ертегіден үзінді оқимыз,сіздер осы ертегінің атын табу керексіздер.

(ертегілерді оқу кезекпен)

«Алтын сақа» ертегісі

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:

— Ат басындай алтын берейін, қоя бер, — дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.

— Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, — дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:

— Енді не берейін? — дейді бай. Кемпір:

— Жалғыз балаңды бер, жіберейін, — дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді

«Ұр тоқпақ» ертегісі

Бір жерге келіп: – Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы: – Бұл Қазбайдың қойы,– дейді. Шал жаңағы қойшы баладан: – Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар?– дейді. Бала шалға: – Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!»–десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім, құс!»–десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі:

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісі

Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады. Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.

  — Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.

2.Жүргізуші: дұрыс, құрметті қонақтар.енді үй тапсырмасы. 2-ші бөлім

Сахналық қойылым. Әр топ өз дайындаған ертегілерін сахналап қояды.

1.Жүргізуші: рахмет, тамаша сахналық қойылым болды. Енді 3-ші тапсырма

Сайысымыздың ІІІ- кезеңі «Әуенді тап».Бұл сайыста экранда көрсетілген ұяшықтар ұсынылады, әр ұяшықтың астында жасырылған әуенді тыңдап табу керек

2.Жүргізуші: жақсы, бәрін тез таптыңыздар.

4-ші бөлім «Мақал сөздің мәйегі» мақалдарды табыңдар

1.Жүргізуші: құрметті қонақтар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Енді соңғы тапсырма ойын. Бәріміз ортаға шығамыз. Мына мата айналмақтың шетін ұстап музыка әуеніне билеп жүреміз. Музыка тоқтағанда астына кіру керек. Кім үлгермейді сол өз өнерін көрсетеді.

Қорытынды. Енді әр топ өзінің ұпай сандарын санаймыз кім жеңді екен. бәріңізге рахмет. Енді тәтті шай ішеміз.

Жеңімпаз топты анықтау марапаттау.

Арайлым Калмаганбетова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ