Сыни тұрғыдан ойлау деген не?

0
2112
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Сыни тұрғыдан ойлау деген не?

Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек»

А.Байтұрсынұлы

Заман талабына сай, білім беру үрдісінде тәрбиеші де бала да жеке тұлға болып қарастырылды. Жеке тұлғаға жету үшін тәрбиеші әр баланың қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптастырады. Демек, тәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан- жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу- ең басты мәселелердің бірі. Бұның өзі балалардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарыныны ашу, тәрбиешілер қауымына зор міндеттер жүктейді.Бұрын оқу үрдісінде тәрбиеші басты рөл атқарған болса, қазір баланың белсенділік көрсететін кезі туды.

Оқу қызметі тәрбиешінің емес, баланың іс- әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш-ол білім.Білім беру-оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процессі. Әр тәрбиеші бүгінгі заманауи технологияларды өзі ұйымдастырылған оқу қызметінде ,тәрбие шараларында, ата-аналарымен жұмыс барысында, әріптестері арасында тиімді қолданып,жүзеге асырғысы келетіні анық.

Сондай жаңа технологиялардың бірі – Баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Мұндағы негізгі мақсат: балалардың жүрегіне жол салу,материалға деген қызығушылығын арттыру, балалардың зейінін аудара отырып,білімділікке баулу. Сыни тұрғысынан ойлау жобасының әдістемелерін ұйымдастыру әрі қолдану-балалардың үйретілген материалға деген үнемі белсенді түрде қатынасып,өз ойларын ашық әрі еркін жеткізетінін, ойлау қабілеттерінің жоғары дамитынын көрсету. Сыни ойлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану әр сабақтың мақсат мазмұнын дәл ашып көрсетеді,тәрбиешіге балалардың жеке қасиеттерін танып білуге мүмкіндік береді.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларды талдағанда негізінен ойлау арқылы жазып түсіндіретінін білеміз, ал мектепке дейінгі бүлдіршіндер өздігінен жаза алмайтынын ескерсек,бұл жастағыларға тек қана мағынаға сәйкес суреттер қойып түсіндіруіміз шарт.Осындай әдіс- тәсілдерді қолданғанда ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сыни ойлау стратегиясы балалардың қарапайым тапсырмаларды меңгеріп қана қоймай, қызығушылықпен орындауға жол ашады. Бала ойлауына тән оперциялары болып салтыстыру, талдау,жіктеу және қорыту болып табылады. Дәл осы операцияларды қолдану қабілеті арқылы мектепке дейінгі балалардың сыни ойлау қабілеті анықталады.

Салыстыру
  • Баланың осы санатты толыққанды қолдана білуі үшін, әртүрліден бірегейлікке, бірдейден әртүрлілікті көру дағдысына үйрету қажет. Бүлдіршіндерді 2 жасынан бастап заттарды біркелкі белгілеріне қарай сәйкестендіру, салыстыруға және талдауға үйретеміз, мысалы: түстері,пішіндері,дәміне қарай олар салыстырады.

Талдау

  • Бұл сыни ойлау операциясы мектеп жасына дейінгі баланың 5-6 жасы кезінде қолжетімдіболады. 3-4 жасар бала «тәрелка», «қасық», «стакан» деген сөздерді тамаша пайдалана алады, бірақ егер сіз бұл заттардың тобын бір сөзбен атауды өтінсеңіз ол оны атай алмайды.
  • Дегенмен, сөздік қорының және байланыстырып сөйлеуінің толығуы мөлшеріне қарай қорыту түсініктері мектеп жасына дейінгі балаларға қолжетімді болады.

Жіктеу

  • Осы ойлау әрекетінің тәсілін игеру – балаға осы немесе басқа заттардың, түсініктердің, құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.
  • Бүлдіршін қарастырған заттар тобына тән бір белгіні бөліп айту, яғни, көрнекті белгісін айту арқылы жіктеу жасай алады.
  • Мысалы, ойыншықтарды жасалған материалына қарай жіктеуге болады – бұл ойыншықтар, ол қатты немесе жұмсақ деп т.б.
Қорыту
  • Бұл сыни ойлау операциясы мектеп жасына дейінгі баланың 5-6 жасы кезінде қолжетімдіболады. 3-4 жасар бала «тәрелка», «қасық», «стакан» деген сөздерді тамаша пайдалана алады, бірақ егер сіз бұл заттардың тобын бір сөзбен атауды өтінсеңіз ол оны атай алмайды.
  • Дегенмен, сөздік қорының және байланыстырып сөйлеуінің толығуы мөлшеріне қарай қорыту түсініктері мектеп жасына дейінгі балаларға қолжетімді болады.

Сондай-ақ даму ерекшеліктері:балалардың зейіні,ұғыну ерекшеліктері, жеке тұлғаның даму ерекшеліктері, қиялдың, қабылдаудың әртүрлі болатындығын тағы да дәлелдеп берді. Жұмысты жүйелілеу арқылы көп нәрселерге қол жеткізуге болады:

Балалардың шығармашылығы,оқу қызметіне деген қызығушылықтары артады;

— Педагогтармен балалар арасында жылы қатынастар орналасады;

— Балалар бір-бірін бағалауды үйренеді,бірін-бірі тыңдауға дағдыланады;

— Балалар есінде өткен тақырыптар ұзақ түрде түсіне отырып сақталады;

-Көп сөйлемейтін балалардың белсенділігі артады,мінездері ашыла түседі;

Қазақтың көрнекті зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешекте өз заманына лайық қылып шығару»-деген сөзін әрдайым естен шығармауымыз қажет. Мұны бүгінгі күн бәрімізден талап етіп отыр.

Бала- білімге өзі жетеді, ойланушы, ізденуші, өз ойын дәлелдеуші.

Тәрбиеші- бағыт беруші, әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Осы орайда өзім балалармен жұмыс жасаған кезде мынадай ойындарды үнемі қолданып отырамын

«Не артық? »

Баланың алдына бірнеше суретті түсіріп, оған түсінікті заттарды көрсетіңіз, балалар лотосының карталарын пайдалана отырып , өзіңізге суреттер жасай аласыз. Мысалы, суреттер төменде бейнеленген заттар. Алма, кәмпиттер және кітаптар. Бала бұл элементтерді талдап, дұрыс жіктеуі керек. Алма және кәмпиттер жеуге болады, бірақ кітап жеуге болмайды . Осылайша, осы жерде кітап суреті артық болады. Осыны бала өзі тауып айту керек.

СӨЗДІК – қорын дамыту

4-5 жасында мектепке дейінгі балаларда ойлаудың келесі түрі — ауызша — логикалық белсенді түрде дами бастайды. Фактыларды ғана емес, сонымен қатар ауызша нысанда толық талдау жасауға мүмкіндік беру қабілеті дамыған ауызша-логикалық ойлауды көрсетеді. Мысалы, егер үш-төрт жастағы бала «Мысық деген не?» деп сұраса, ол: «Мысық — Мяу», және ол ү тұрады» деп жауап береді. Бес-алты жастағы бала бұл сұраққа жауап береді, мысалы: «Мысық — тышқандарды ұстап, сүтті жақсы көретін жануар». Мұндай жауап баланың көзге көрінетін қабілетін көрсетеді — мектеп жасына дейінгі балаларда ойлауды дамытатын маңызды қозғалтқыш болып табылатын ең маңызды ойлау әрекеттерінің бірі.

Нәтижесінде: бала ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.

Қорытындылай келе бұл стратегияларды қолдана отырып балалар да педагог та үнемі ізденіс үстінде жаңаны тануға ұмтылып отырады. Шығармашылық белсенділіктері шыңдала түседі. Болашақ мектеп оқушысын балабақшада тәрбиелеуде сыни тұрғыда ойландыратын осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып жасаған жұмыстың әрқашан нәтижелі болуы мүмкін деп ойлаймын.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ