Ертең-ақ таң атады

0
1133
нашақорлық

Егде тартқан адам да, жасөспірім де шалдығып жатқан індет — суицид. Мына жарық дүниенің ауыртпашылығынан құтыла саламын деп, о дүинеде адам төзгісіз азаптың күтіп тұрғанын біле ме екен солар?! «Жүрек тоқтаса болды, бәрі керемет болады» деген қандай сылтау?! Өзін-өзі өлтірген адамның өзінің ата-анасына, дос-жарандарына, өмірге деген махабаты қайда?! Артында зар жылап қалатын әке-шешесіне қалай ғана жаны ашымайды?! Уақытша қиыншылыққа бола қыршын кете салуға әсте болмайды ғой.\r\n\r\nАлла Тағала адамға жанын — аманат етіп тапсырған соң, ғұмырлық уақытын игілікке, жақсы көретін адамдарына жұмсағаны — ғанибет қой, шіркін! Жылдар аунап, айлар зымыраған сайын адамзаттың психологиясы құлдырап бара жатқаны — әлем қасіреті. Титтей ғана бірдеңе болса, өмірінен баз кешіп, өле салуға дайын тұру — адамдық қасиеттен жұрдай болу деген сөз.\r\n\r\nҮрерге иті, сығарға биті жоқ жағдайы төмен жандардың, қос жанары, не аяқ-қолы жоқ мүмкіндігі шектеулілердің, ертең өледі деп отырған науқастардың өзі үміттерін үзбей отырғанда, он екі мүшесі сау адамның өздігінен ажалға беттегені — ақылға қонымсыздық. Мейлі, көрген қиындығы бір күн, бір апта, бір ай, бір жыл болсын, бірақ ол — өмір бойы болмайды. Ол — ақиқат. Бүгін, түнек болғанымен, ертең-ақ таң атады.\r\n\r\nАвтор: Астана қаласы №71 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Мәуленұлы Азамат


ПІКІР ҚАЛДЫРУ