Ертең сынып жетекшілер олимпиадасының соңғы күні

0
1863

Құрметті педагог мамандар!

 Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасы мен І Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадаларының жалғасып жатқанын хабарлаймыз. 

Ертең толық күн бойы тест тапсыруға болады. Одан кейін де олимпиада бірден сайттан алынбайды. Төлем жасап, тесттен өтіп үлгірмеген қатысушылар үшін қосымша 1-2 күн беріледі. Ал стипендия иегерлері 22 күні сағат түнгі 24:00-ге дейін өткендердің нәтижесі алынады.

ІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасы 22 ақпан күні аяқталса, І Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасы 28 ақпанда өз мәресені жетеді. Қатысып үлгіріңіздер!

Олимпиада ережесімен танысу үшін сілтемені басыңыз

1. ІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасы

2. І Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасы 

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Сайт олимпиадалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен 40 маманға (әр олимпиадаға 20-дан) қаржылай стипендия тағайындалады. 

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 4 наурыз  күні сайтта жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Дипломдар сертификатпен бірге қатысушының электронды почтасына жіберіледі және жеке парақшасындағы «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Орын ұпайлары

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған 20 педагогке 10 000 теңгелік бір реттік стипендиятағайындалады (Егер бір мекемеден бірнеше педагогтың көрсеткіші жоғары болған жағдайда ұжымда  2 ғана қатысушы стипендия алады).

Олимпиадаға қатысу бағасы: бір реттік мүмкіндік – 700 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1200 теңге, үш реттік мүмкіндік –1500 теңге.

Олимпиадаға қатысу арқылы жақсы іске ұйытқы бола аласыз. Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.

 

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ