Еске алу кешіне арналған волейбол турнирі

0
5437
Иллюстрация: Freepik.com

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар,  ұстаздар!

Ұстаз едің,  жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректерде түлеткен.

Сенің биік рухыңа бас иіп,

Еске аламыз сағынышты жүрекпен, — дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған Тайгуллин Аманкел ағамызды еске алуда үшінші жыл қатарынан  өткізіліп отырған, қала мектептерінің ұстаздары арасындағы волейбол турнирлік  кешіне қош келдіңіздер!

(фанфар)

Жүргізуші:

Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,

Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.

Арамызда жұлдызды адам  жоқ бүгін ,

Еске алу тірілерден ізет тек,

(слайд жүріп отырады)

(күй-фанфар)

Жүргізуші:     Аманкел аға, 1943 жылдың 4- желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді,  1963-1970 жылдары Семей қаласының Крупский атындағы педогогикалық институтын тарих мамандығы бойынша  тамамданды. Өзінің еңбек жолын 1970 жылы Семей обылысы Шұбартау ауданы  Алғабас орта мектебіне тарих мұғалімі болып  бастап, 1973 жылы аталған ауданның Горный орта мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып ауысты. 1976 жылы семей обл.

Шұбартау ауданы  Калинин орта мектебіне директор болып тағайындалады. 1982 жылы Шұбартау аудандық партия комитетінің үгіт насихат бөліміне инспектор болады.  1990-1997 жылдары осы Семей облысының  Шұбартау ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде директор болып қызмет атқарды. 1998 жылы Павлодар қаласына көшіп Абай атындағы лицей мектебіне тарих мұғалімі ретінде қабылданды. 2000-2009  жыл аралығында Павлодар қаласының №22 мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын аяқтады.

Жүргізуші:

Есімің әлі талай аталар

Ұмытпайтын бала-шаға ,досың бар,

Артыңда ізіңді басқан бауырларын

Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.

Жүргізуші:     1 минуттық  үнсіздік  жариялансын. Рахмет!

(фанфар)

Аманкел ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам.40 жылдан астам мұғалімдік қызметте табысты еңбек етті. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәлімгер ұстаз атанды. Тайгулиндер отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Аманкел ағамызды біз мәңгілік есте сақтаймыз

Жүргізуші:Келесі сөз кезегі мектеп директоры Майра Кабиденқызына беріледі .

(Әріптесі Н.Мұқатайұлының еске алу сөзі, 11 сынып оқушыларының еске алу сөзі )

(кішкене фанфар)

Жүргізуші:

Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

(Сөз кезегі Аманкел ағамыздың туыстары Алматы қаласынан келген құдасы (Исабаев) Тұрсынбай аға мен балдызы Базарбек Жомарт Бекділдаұлына беріледі.)

Ән: Ұстазым менің ұстазым

Жүргізуші: Баршаның мәңгі жадында,

Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.

Жаралған асыл задында,

Асқардай биік тұлғаңыз,

Жүргізуші: Сөз кезегі  жарыстың бас төрешісі­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Исабаева Асем Малгождаровнаға   беріледі.             (фанфар)                                                                      

Жүргізуші: Осымен кешіміздің  1- ші бөлімі аяқталды. Екінші бөлім мектеп спорт залында жалғасын табады. Сәттілік тілейміз!

 Аманкелді еске алуға байланысты ұйымдастырылған  кештің әзірлемесі.

Жүргізуші:     Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар,  ұстаздар!

Өкінбе, аға, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған Тайгуллин Аманкел ағамызды еске алуда өткізіліп отырған, волейбол турнирлік  кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Турнир ашық деп жариялансын! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!

(Әнұран ойналады.)

Жүргізуші: Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,

Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.

Арамызда жұлдызды адам  жоқ бүгін ,

Еске алу тірілерден ізет тек.

(слайд жүріп отырады)

Жүргізуші:     Аманкел аға, 1943 жылдың 4- желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді,  1963-1970 жылдары Семей қаласының Крупский атындағы педогогикалық институтын тарих мамандығы бойынша  тамамдады.

Аманкел ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам.40 жылдан астам мұғалімдік қызметте табысты еңбек етті. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәлімгер ұстаз атанды. Ұрпақтары,туыстары үшін сол өнеге қастерлі болып қала берді. Өмірінің соңғы жылдары №22 орта мектебінде өтті.

Қандай қызмет атқарса да, кез келген адаммен ортақ тіл таба білетін. «Әке білек, саусағы балалары.Қан тамырмен жалғасқан аралары» — демекші, Аманкел ағамыздың балалары да әке жолында. Тайгулиндер отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Аманкел ағамызды мәңгілік есте сақтаймыз.

Жүргізуші:     Есімің әлі талай аталар

Ұмытпайтын бала-шаға ,досың бар,

Артыңда ізіңді басқан бауырларын

Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.

Жүргізуші:     Келесі сөз кезегі мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызына беріледі .

Жүргізуші:     Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өмірінді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным! деп ортаға Аманкел ағаның ұлы Дәулет Аманкелұлын шақырамыз.

Жүргізуші:    Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

Сөз кезегі Аманкел ағамыздың туыстарына береміз.

Алдарыңызда  әнімен, қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:       Аралатқан ғалымдардың мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

Жүргізуші: Ал енді турнирға қатысатын командалармен таныстырып өтейік.

Осымен кешіміздің  1- ші бөлімі аяқталды.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  2. «Денсаулық басты байлық»
  3. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  4. «Дарабоз» (Сыныптан тыс спорттық шара)
  5. Спорт бойынша біліміңді тексер (Тест)
  6. «Спорт-өмір серігі» спорттық сайыс

ПІКІР ҚАЛДЫРУ