«EXTREME» көше билері байқауына шақырамыз!

0
1202

ПРЕСС-АНОНС 

Күні: 28.05.2017

Уақыты: 17.00

Орны: Байқоңыр қаласы

2017 жылы 28 мамыр күні Байқоңыр қаласында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «EXTREME» көше билері байқауы өткізіледі.

            Субмәдениет өкілдерінің бірі «Break dance», «Hip Hop»    бағытындағы шығармашылықпен шұғылданушы жастар болып табылады. «Break dance», «Hip Hop» би түрлерімен шұғылданатын жастар саны еуропа елдеріндегі жастармен салыстырмалы түрде көрсеткіш төмен екендігі байқалады. Аталған байқау аясында Байқоңыр қаласындағы субмәдениет өкілдерін басын біріктіру, достық  қарым-қатынастарды нығайту және база жасақтау басты мақсат.

Күрделі акробатикалық және гимнастикалық экстрималды элементтерді орындау арқылы топтар сайысқа түседі. Сайыс барысында топтардың икемділік, мағыналылық, техникалық орындалу шеберліктері бағаланады. Байқау топтық сайыс, жекпе-жек (BATTLE)  кезеңдері бойынша жүргізіледі.

Сайыста үздік шыққан жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Ұйымдастырушылар:  Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қоры

Байланыс: +7 747 530 85 79

sabirzhan.kenshilik@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ