Фармакэкономика

0
2428
Әбіш Кекілбаев

Фармакоэкономика-профилактиканың, диагностикалаудың, дәрілік және дәрілік емес емдеудің екі және одан да көп әдістерінің сапасын салыстыру методикасын ұсынатын, бір мезетте өзара байланысты жүргізілетін медициналық араласулардың клиникалық нәтижелері мен оны орындауға жұмсалған шығындарды салыстыратын қазіргі заманға сай қолданбалы ғылым.

Фармакоэкономиканың мақсаты — әрбір нақты жағдайда кез келген медициналық көмектің (диагностикалық процедуралар, дәрімен емдеу, операция жасау, санаторлық курорттық емдеу) тиімділігі мен қауіпсіздігі негізіндегі ақпарат, әрбір нақты жағдайда шешім қабылдау үшін шығын тиімділігі мен тиімді медициналық технологияны таңдауға талдау жасау.

Фармакоэкономиканың мақсаттары:

  • Дәрілік терапияны тиімді ету;
  • Жекеленген азаматтарға көрсетілетін медициналық көмекке жұмсалатын мемлекеттік шығындарды оптимизациялау;
  • Жаңа дәрілік қалыптарды жасау мен өндірудің перспиктивалығын негіздеу;
  • Интегралды фармакоэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде нормативтік құжаттар құрастыруға қажет болатын емдеу тиімділігі мен шығынды біріктіретін оптималды дәрілік заттарды таңдауды негіздеу;
  • Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен оларға жұмсалатын шығындар туралы объективті және нақты ақпарат жинақтау.

Фармакоэкономиканың пәні:

Түрлі медициналық технологияларды және осы технологияларды салыстыру негізінде және олардың көмегімен алынған нәтижелер арқылы тиімділікті бағалау (тиімділік пен қауіпсіздік).

Фармакоэкономиканың оқу объектілері:

  • жаңа дәрілік заттарды рандомизациялау арқылы клиникалық зерттеулерді қамтитын құжаттар;
  • клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылатын жекеленген дәрілік препараттарды қолданудың нәтижелері;
  • фармацевтикалық нарықтағы дәрілік препараттардың қауіпсіздігі мен жиі тудыратын жанама әсерлері туралы фармакоэпидемиологиялық статистика көрсеткіштері;
  • фармацевтикалық нарықтағы дәрілік препараттардың клиникалық тиімділігін фармакоэпидемиологиялық зерттеу нәтижелері;
  • пациенттердің «өмір сүру сапасы» көрсеткіштеріне дәрімен емдеудің көрсететін әсерлерін зерттеу нәтижелері;
  • жаңа және фармацевтикалық нарықта бұрыннан белгілі дәрілік препараттарды қоданудағы экономикалық шығындарды қамтитын құжаттар.

Фармакоэкономика:

  • Бұл адамдардың, компаниалардың, және фармакоцептикалық өнімдерді қолданатын нарықтың ерекшелігін бағалайтын медициналық қызметтің, бағдарламалардың құнын анықтайтын (щығындарды) және салдырын (нәтижесін), қолдауын зерттейтін сала.
  • Фармакоэкономикалық тапсырма: ерекше ғылымый әдістерді ойлап табу және нәтижелерді қалыптастыру.
  • Фармакоэкономикалық анализдің әдісі мен емдеу шаралары соңғы 50 жылда қалыптасқан және беделді жетекші фармакоэкономикалық (ISPOR) әлемдік ұйымдармен заңдастырылған.
  • Фармакоэкономиканың соңғы мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық эффективтілігін жоғарылату.

Фармакоэкономиканың қызығушлық тудыратын аймағы:

Емдік заттардың экономикалық эффективтілігін бағалау. Бірақ бұл ғылымның көп ідістері әмбебап оларды заттарды бағалауға да қолдануға болады және де кез келген емдік әдістерді бағлауға (хирургиялық араласу, медикаментозды емдеу және т,б), ауруды профилактикалық шарасына немесе диагностикалық емдеу шараларына да.

фармакоэкономикалық анализдің нәтижелері инвестицикалық саясатты құруда, емдеудің стандарттарын құрастыруда және емдеу заттарын қалптастыруда сақтандыру компанияларының және медициналық мекемелердің соңғы мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің экономикалықэффективтілігін медициналық қызмет нарығының барлық қатысушыларының қызығушылығыга сай көтеру

Шығынды бағалау:

  • Медициналық шығындар – медициналық қызмет көрсетумен байланысты шығындар(емдеу заттарының бағасы, емделушінің стацианарда болуының бағасы және т.б).

Шығындардың келесідей жіктелуі емнің бағасын азайтады:

Тура – емдік заттардың бағасы, зерттеу, консультация, медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы, ауруларды емдеушінің;

Жанама – аурудың стационарды болуның бағасы, медициналық трансаорттың шығыны, тамақтану, администрациялық шығыны;

Медициналық емес шығындар – емделушінің шығыны немесе емделу барысына байланысы бар шығындар (жұмысқа жарамсыз күиінің шығыны, тұыстарының қарауы, әлеуметтік саланың жәнеде басқаларының қызметінің ақысы).

Зерттеудің перспективасы:

«пациент». Егерде пациент мемлекеттік шығынды тұтастай және жартылай төлейтін болса, бұл перспектива өте тиімді. Фармакоэкономикалық анализ есебінде ауру адам тек өз шығынын қарастырады.

«Емдік мекемелер». Бұл аурудың стационарда немесе поликлиникалық жағдайда қолданылады.

«төлеуші». Мемелекеттік мекемелердің жұмыс берушімен немесе сақтандыру компаниямен келісім шарт жасағанда қолданылады. Ол жерде шығындардың барлық жағы қарастырылады.

Әлеуметтік перспектив қоғамның шығыны және пайдасын тұтастай бағалау.

Клиникалық нәтижелердің бағасы:

Фармакоэкономикалық шығындармен қоса емдеудің тимділігін және қаупсіздігін анықтайтын параметірлерде есептеледі. Бұл сандық көрсеткіштер, тимсіз дәрілік заттардың реациясының жиілігі патциенттің емделу және профилактикалық жұмыстар арқсында өмір жасын ұзартқан көрсеткіштер. Мүгедектіктің дамуына байланысты ауруларды айтқан кезеде мүгедектіктің емделу және бақылау топтарындағы жиілікті салыстыру өте маңызды.

Созылмалы ауруларды бағалауды өмір сапасын пайдалану қалыптасқын. Егер емдеу өмір сапасымен оның ұзақтығына әсер ететін болса сапалы өмірдің жылдары көрсеткен арнайы көрсеткіш қолданылады.

Фармакоэкономикалық анализдің түрлері:

Оның 4 түрі бар:

«минималды шығын» анализі.

«пайда шығын» анализі

«шығын -ерекшелік» анлизі

«шығын – тимділіг» анализі.

Минимлды шығын:

Бұл өте қарапайым әдіс. Бұл әдіс көбіне әр түрлі бағадағы препараттарды зерттеу кезінде қолданылады. Мысалы: емдеу мекемесінде сатып алу саясатын жоспарлаған кезде керек. Бұл әдістің мақсаты зерттеліп жатқан заттардың құндылығын салыстыру немесе дәрілік заттардың қымбаттылығын анықтау.

Шығын есебінде бұл жерде барлық шығындар қолданылады(мысылы: шприц..).

Минимальды шығынды төмендегі формула бойынша есетейді:

СМА =DC1 — DC2 или СМА = (DC1+ IC1) — (DC2 + IC2)

СМА — шығындардың айрмашылығы

DC1 — тікелей шығындар

IC1 — жанама шығындар

DC2 и IC2 — тікелей жән жанама шығындар при применении 2-го метода

Тимді шығын

Бұл жерде тимділігініңде, сығынныңда айырмашылығы қарастырылады. Экономикалық тексерудің көрсеткіші /шығын коэффиценті.

Тимді құндылық анализін есептеу формуласы:

СЕА= (DC+IC)/Ef

СЕА — «шығын/тиімділік» байланысы

DC — тікелей шығын

IC — жанама шығын

Ef — емдеудің тимділігі (еделіп шыққан науқастардың саны бойынша).

«шығын -ерекшелік» анализі

Зерттелетін дәрілердің терапиясының емдеудің шығынын салыстыруға арналған. Зерттеліп жатқан заттың ерекшелігін және шығынды есептейді. Екі көрсеткіште ақшаның эквивалентте көрсетіледі.

Шығын — ерекшелік анлизі төмендегі формула бойынша есептейді:

CUA =((DC1 + IC1) — (DC2 + IC2))/(Ut1 — Ut2)

Немесе CUA = (DC + IС)/Ut

CUA — шығын мен пайданың көрсеткіші

DC1 и IC1 — 1- реттік емдегі ,тікелей және қосымша шығын

DC2 и IC2  2-реттік емдегі тікелей және жанама шығын,

Ut1 и Ut2 — утилитарность при 1-м и 2-м методах лечения.

«шығын – тимділік» анализі.

Егер аурудың ерекше көрсеткіші болса немесе емнің нәтижесіне қарап қолданылады. Мысалы:эстрогендермен орын басу терапиясы климакс симтомын төмендетеді, остеопароздар мен сүйек сынығын азайтады, бірақ эндометридің ісігінің даму қаупін жоғарлатады. Бұл құндылықты есептеу өте қыйын.

Фармакоэкономикалық анализ сатылары:

Барлық экономикалық әдістерде келесі міндетті этаптарды көрсетеді:

Тексерілетін мәселелердің формулировкасы

Салыстырмалы альтернативті технологиялық таңдау

Эффективтілігі немесе тиімділігі

Шығындарды санау

Фармакоэкономикалық көрсеткіштерді санау және анализдеу

Фармакоэкономикалық анализ қай жағдайда керек?

Жиі фармакоэкономикалық анализ:

Екі ДЗ немесе ем жоғары әсері мен жоғары эффективтілігімен көрінеді;

Бірнеше ДЗ эффективтілігі тең, бірақ бағасымен немесе препараттар әртүрлі дозада қолданылады және/немесе енгізу жолдары әртүрлі болады. 

Қолданылған әдебиеттер:

Машковский М.Д. — Лекарственные средства, 14 изд., М., Медицина, 2000.

Харкевич Д.А. — Фармакология, 8 изд., М., Медицина, 2004 г.

Кукес В. Г. Клиническая фармакология,2008г, «Гоэтар-Медиа»

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ