Физикадан есептер жинағы

0
19303
  1. Шар амплитудасы 0,1 м гармоникалық тербеліс жасайды. Бастапқы уақыт
    мезетінде ол тепе-теңдік күйде болды. Шардың Т/12 периодқа тең уақыттағы тепе-теңдік күйден ығысуын анықтаңдар.
  2. Серіппеге ілінген жүк амплитудасы 0,1 м, периоды 1,57 с гармоникалық
    тербеліс жасайды. Жүктің қозғалыс кезіндегі максимал үдеуін анықтаңдар.
  3.  Аспап ішегінің өшпейтін тербелістерінің жиілігі 5 Гц. Ішектегі қандай да бір нүктенің тербеліс амплитудасы 1 мм. Осы нүкте 5 с ішінде қандай жол жүріп өтеді?
  4.  Массасы 80 кг адам суда қалқып жүрген мұз кесегін басады, кесек адаммен
    бірге 2 с периодпен тербеле бастады. Беткі қабатының ауданы 1 м2, тығыздығы 900 кг/м3 мұздың қалыңдығын анықтаңдар.
  5. Материялық нүкте x t = + 0 4, cos p( ) 2 1 2 заңы бойынша тербеліс жасайды.
    Нүкте координатасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.
  6.  Материялық нүкте x t = − 0 4, sin p( ) 2 1 2 заңы бойынша тербеліс жасайды.
    Материялық нүкте жылдамдығының уақытқа тәуелділігін жә­не t
    1 = 2 c уақыт мезетіндегі жылдамдығын анықтаңдар. Нүкте жылдамдығының
    уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.
  7. Тер­бел­ме­лі кон­тур­дың ин­дук­тив­ті­лі­гі 100 мкГн бол­ған­да, ер­кін элек­тр-­маг­нит­тік тер­бе­ліс­тер­дің жиі­лі­гі 2 МГц-ке тең. Электр­сый­ым­ды­лық өз­герме­се, кон­тур­да­ғы тер­бе­ліс­тер­дің жиі­лі­гі 4 МГц бо­луы үшін кон­тур­дың ин­дук­тив­ті­лі­гі қан­дай мән­ге ие бо­луы ке­рек?
  8. Тер­бел­ме­лі кон­тур ин­дук­тив­ті­лік шар­ғы­сымен па­рал­лель жал­ған­ған екі бір­дей кон­денса­тор­дан тұ­ра­ды. Егер кон­ден­са­тор­лар­ды тіз­бек­тей жал­ға­са, кон­тур­да­ғы ер­кін электр тер­бе­ліс­те­рі­нің жиі­лі­гі не­ше есе ар­та­ды?
  9. Тер­бе­ліс жиі­лі­гі екі есе ар­туы үшін кон­денса­тор плас­ти­на­ла­ры­ның ара­қа­шық­ты­ғын қа­лай өз­гер­ту ке­рек?ма
  10. 1. Мас­са­сы 0,1 кг жүк те­пе-тең­дік күйі­нен 0,03 м-ге ау­ыт­қы­ған кездегі серіппе­нің по­тен­циал­дық энер­гия­сын анық­таң­дар. Гар­мо­никалық тер­бе­ліс­тің
    цикл­дік жиі­лі­гі 20 рад/с.
  11. Электр­сый­ым­ды­лы­ғы 10 пФ кон­ден­са­то­ры бар тер­бел­ме­лі кон­тур­дың
    то­лық энер­гия­сын анық­таң­дар. Кон­ден­са­тор астарларындағы мак­си­мал
    кер­неу 100 В-қа же­те­ді.
  12.  Мас­са­сы 0,81 кг жү­гі бар се­ріп­пе­лі маят­ник те­пе-тең­дік күйі­нен шы­ғары­л­ды. Оның ығы­суы 0,314 с-тан кей­ін бірінші рет тер­бе­ліс амп­ли­тудасы­ның жар­ты­сы­на тең бол­са, се­ріп­пе­нің қа­таң­ды­ғы қандай?
  13.  Идеал тер­бел­ме­лі кон­тур­да ин­дук­тив­ті­лік шар­ғы­сын­да­ғы ток кү­ші­нің
    тер­бе­ліс амп­ли­ту­да­сы 5 мА, ал кон­ден­са­тор­да­ғы за­ряд­тың амп­ли­ту­да­сы
    2,5 нКл. Бір­ша­ма уа­қыт өт­кен соң кон­ден­са­тор­да­ғы за­ряд 1,5 нКл-ға тең
    бол­ды. Осы кез­де­гі шар­ғы­да­ғы ток кү­ші­нің мә­нін анық­таң­дар.
  14. Тер­бел­ме­лі кон­тур кон­ден­са­то­ры­ның сый­ым­ды­лы­ғы 0,4 мкФ, мен­шік­ті
    тер­бе­ліс жиі­лі­гі 50 кГц,за­ряд тер­бе­лі­сі­нің амп­ли­ту­да­сы 8 мкКл. Зарядтың,
    кернеудің, ток күшінің уақытқа тәуелділік q q = ( )t u, , = u t( ) i i = ( )t теңдеу­ле­рін жа­зың­дар. Кер­неу­дің тер­бе­ліс амп­ли­ту­да­сын, ток кү­ші­нің
    тер­бе­ліс амп­ли­ту­да­сын жә­не шар­ғы­ның ин­дук­тив­ті­лі­гін анық­таң­дар.
    Ша­ма­лар­дың тәу­ел­ді­лік гра­фик­те­рін тұрғызың­дар.
  15. Сый­ым­ды­лы­ғы 1 мкФ кон­ден­са­тор астарларындағы кер­неу u = 100cos500t
    за­ңы бой­ын­ша өз­ге­ре­ді: а) кон­ден­са­тор­да­ғы кер­неу­дің мак­си­мал мә­нін;
    ә) кон­тур­да­ғы тер­бе­ліс пе­риодын, жиі­лі­гін және цикл­дік жиі­лі­гін анықтаң­дар; б) кон­ден­са­тор­дың мак­си­мал за­ря­дын; в) кон­тур­дың ин­дук­тив­тілі­гін; г) кон­тур­да­ғы мак­си­мал ток кү­шін анық­таң­дар; ғ) кон­ден­са­тор­да­ғы
    за­ряд­тың уа­қыт­қа тәу­ел­ді­лік теңдеуін; д) ток кү­ші­нің және кернеудің
    уа­қыт­қа тәу­ел­ді­лік тең­деу­ін жа­зың­дар. u t() () () , , q t i t тәу­ел­ді­лік гра­фикте­рін са­лың­дар.
  16. 1. Ауда­ны S = 200 см2 ра­ма­ны ин­дук­циясы В = 0,2 Тл (30-су­рет) маг­нит өрі­сін­де n = 8 с−1  жиі­лік­пен ай­нал­ды­ра­ды. а) ра­ма­ны те­сіп өте­тін  маг­нит ағы­ны­ның өз­ге­ру за­ңын; ә) ра­ма­да пай­да бо­ла­тын ин­дук­циялық ЭҚК-ның өз­ге­ру за­ңын жа­зың­дар. Бас­тап­қы уа­қыт ме­зе­тін­де ра­ма магнит өрі­сі­не пер­пен­ди­ку­ляр ор­на­лас­қан.
  17.  Гра­фик бой­ын­ша (31-су­рет) айны­ма­лы  ЭҚК-ның амп­ли­ту­да­лық мә­нін, пе­риодын
    жә­не жиілі­гін анық­таң­дар. ЭҚК-ның уа­қыт  өте келе өз­ге­ру за­ңын жа­зың­дар.
  18.  Айны­ма­лы ток ге­не­ра­то­ры­ның ро­то­ры по­люс­­  тері­нің се­гізжұ­бы бар, n = 8. Ге­не­ра­тор n = 50 Гц  стан­дарт­ты жиі­лік­ті ток өн­ді­ре­тін бол­са, ро­тор­дың айна­лу жиілі­гі қан­дай бо­луы ке­рек?
  19.  Тіз­бек­те­гі ток кү­ші мы­на заң бой­ын­ша өз­ге­ре­ді: i = 8,5sin (314t + 0,661). Ток  кү­ші­нің амп­ли­ту­да­лық мә­нін, оның бас­тап­қы фа­за­сы мен жиілі­гін анықтаң­дар.
  20. Айны­ма­лы ток тіз­бе­гі бө­лі­гі­нің ұш­та­рын­да­ғы кер­неу си­ну­со­ида за­ңы бо­­йын­ша өз­ге­ре­ді. Бас­тап­қы фа­за ϕ π 0 3 = , тер­бе­ліс пе­ри­оды T = 0,02 c. t T = 24 уа­қыт ме­зе­тін­де­гі кер­неу u = 5 B. Кер­неу амп­ли­ту­да­сын, цикл­дік жиі­лік­ті,  ток жиілі­гін анық­таң­дар. Кер­неу­дің уа­қыт өте келе өз­ге­ру за­ңын жа­зың­дар.
  21.  Тіз­бек­те­гі ток кү­ші уа­қыт өте келе мы­на заң бой­ын­ша өз­ге­ре­ді
    i t = + 4 6 sin ) (314 p . Ток кү­ші­нің әсер­лік мә­нін, оның бас­тап­қы фа­за­сын
    жә­не ток тер­бе­лі­сі­нің пе­риодын анық­таң­дар. t 1 = 0,01 c, t 2 = 0,04 c уа­қыт
    ме­зет­те­рін­де ток кү­ші не­ге тең бо­ла­ды?
  22.  ҚР-дағы өн­ді­ріс­тік же­лі үшін кер­неу­дің уа­қыт өте ке­ле өз­ге­ру за­ңын жазың­дар. Өн­ді­ріс­тік ток жиілі­гі 60 Гц, мак­си­мал кер­неуі 127 В болатын
    елдер үшін осы заң қа­лай өз­ге­ре­ді?
  23. Тіз­бек­тің ак­тив­ті ке­дер­гі­сі 4 Ом бө­лі­гін­де­гі ток кү­ші i = 6,4sin314tза­ңы­мен
    өз­ге­ре­ді. Ток кү­ші­нің әсерлік мә­нін анық­таң­дар, кер­неу­дің уа­қыт­қа тәуелді­лі­к теңдеуін жа­зың­дар.
  24.  Стан­дарт­ты жиі­лік­ті ncm = 50 Гц кер­неуі U = 220 B айны­ма­лы ток же­лі­сі­не
    қо­сыл­ған кон­ден­са­тор­дың сый­ым­ды­лы­ғын анық­таң­дар. Тіз­бек­те­гі ток
    кү­ші I = 2 A.
  25. Индуктивтілігі L = 35 мГн шарғы айны­ма­лы ток же­лі­сі­не жалғанған. Ток
    жиілі­гі n = 50 Гц бол­ғандағы, шар­ғы­ның ке­дер­гі­сін анық­таң­дар.  Ин­дук­тив­ті­лі­гі L = 0,02 Гн шар­ғы жиілі­гі n = 50 Гц айны­ма­лы кер­неу  кө­зі­не қо­сыл­ған. Кер­неу­дің әсер­лік мә­ні U = 100 B. Ток кү­ші­нің лез­дік  мә­ні­нің уа­қыт­қа тәуел­ді­лі­гін жә­не ток пен кер­неу ара­сын­да­ғы фа­залық  ығысуды анық­таң­дар. Шар­ғы­ның ак­тив­ті ке­дер­гі­сін ес­кер­мең­дер.
  26. Жиілі­гі 100 Гц айны­ма­лы ток тіз­бе­гі­не алдымен сый­ым­ды­лы­ғы 10 мкФ  кон­ден­са­тор қо­сыла­ды, содан соң кон­ден­са­тор ор­ны­на ин­дук­тив­ті­лік  шар­ғы­сы қо­сыла­ды. Егер тіз­бек­тің ин­дук­тив­ті жә­не сый­ым­ды­лық ке­дергі­ле­рі тең бол­са, шар­ғы­ның ин­дук­тив­ті­лі­гі не­ге тең?
  27.  Айны­ма­лы ток­ тізбегінің тар­мақ­тал­ма­ған бө­лі­гі активті, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерден тұрады, олардың мәндері сәйкесінше R = 3 Ом, XL = 6 Ом, XC= 2 Ом. Тіз­бек­тің жал­пы ке­дер­гі­сін анық­таң­дар.
  28. 45-су­рет­те­гі сұл­ба­да ак­тив­ті ке­дер­гі R = 2 Ом, шар­ғы­ның ин­дук­тив­ті­лі­гі L = 50 мГн, конден­са­тор­дың сый­ым­ды­лы­ғы С = 25 мкФ. Тізбек­тің толық ке­дер­гі­сін жә­не 50 Гц айны­ма­лы ток жиілі­гін­де ток пен кер­неу ара­сын­да­ғы фа­за­лық ығы­су­ды анық­таң­дар.
  29.  Жиілігі 100 Гц айнымалы ток генераторына  индуктивтілігі 0,5 Гн шарғы, сыйымдылығы  4 мкФ конденсатор және кедергісі 54 Ом резис­тор қосылған. Тізбектегі ток күшінің амплитудалық мәні 0,5 А. Генератордағы кернеудің амплитудалық мәнін анықтаңдар. Жауапты бүтін санға дейін дөңгелектеңдер.
  30. Айны­ма­лы ток же­лі­сі­не ке­дер­гі­сі R = 40 Ом шәй­нек қо­сыл­ған. Егер же­ліде­гі кер­неу амп­ли­ту­да­сы Um = 311 B бол­са, қуатты және t = 3 мин ішін­де бө­лі­не­тін жы­лу мөл­ше­рін анық­таң­дар.
  31.  Тіз­бек­тей жал­ған­ған R, L, C эле­ме­нт­тері U = Um coswt айны­ма­лы кер­неу
    кө­зі­не қо­сыл­ған, мұн­да­ғы Um = 179 B. Жиілік n = 10 кГц болғанда, тіз­бекте­гі ток кү­ші мак­си­мал мән­ге ие.
    а) Ом за­ңы не­гі­зін­де қан­дай жағдайда тіз­бек­те­гі ток кү­ші мак­си­мал
    мән­ге ие болатынын тал­даң­дар.
    ә) С = 0,05 мкФ деп алып, тіз­бек­тің ин­дук­тив­ті­лі­гін анық­таң­дар.
    б) Кер­неу мен ток кү­ші­нің век­тор­лық диаг­рам­ма­сын тұр­ғы­зың­дар, қуат
    коэф­фи­циен­тін анық­таң­дар.
    в) R = 50 Ом ак­тив­ті ке­дер­гі­де бө­лі­не­тін қуат­ты анық­таң­дар.
  32.  Кер­неуі 220 В тіз­бек­ке ак­тив­ті ке­дер­гі­сі 10 Ом бо­ла­тын ре­зис­тор­жә­не
    ин­дук­тив­ті­лік шар­ғы­сы тіз­бек­тей жал­ға­нды. Егер ре­зис­тор­да­ғы жә­не
    шар­ғы­да­ғы кер­неу­дің әсер­лік мән­де­рі сәй­ке­сін­ше 50 В жә­не 160 В бол­са,
    он­да шар­ғы­да бө­лі­не­тін жы­лу қу­атын анық­таң­дар.
  33.  Кон­ден­са­тор мен шар­ғы тіз­бек­тей жал­ған­ған. Сый­ым­ды­лық ке­дер­гі
    XС = 5000 Ом. Егер жиі­лік­n = 20 кГц болғанда кер­неу ре­зо­нан­сы бай­қала­тын бол­са, тіз­бек­ке қо­сыл­ған шар­ғы­ның ин­дук­тив­ті­лі­гі қандай?
  34. Ак­тив­ті ке­дер­гі­сі R = 100 Ом реос­тат, ин­дук­тив­ті­лі­гі L = 5 мГн шар­ғы жә­не
    сый­ым­ды­лы­ғы С = 0,05 мкФ кон­ден­са­тор тіз­бек­тей жал­ған­ған. Ре­зо­на­н­с­тық
    жиі­лік­ті, ре­зо­нас­тық жиі­лік ке­зін­де­гі кон­ден­са­тор мен шар­ғы­да­ғы кер­неулер­дің мак­си­мал мән­де­рін анық­таң­дар. Тіз­бек­ке бе­ріл­ген кер­неу­дің әсер­лік
    мә­ні U = 10 В.
  35.  Ак­тив­ті ке­дер­гі­сі R = 2 Ом жә­не ин­дук­тив­ті­лі­гі L = 75 мГн шар­ғы  айны­ма­лы сый­ым­ды­лық­ты кон­ден­са­тор­мен бір­ге кер­неуі­нің әсер­лік  мә­ні U = 50 В, жиілі­гі n = 50 Гц же­лі­ге тіз­бек­тей жалғанған. Кер­неу­лер  ре­зо­нан­сы ке­зін­де кон­ден­са­тор­дың C сый­ым­ды­лы­ғын жә­не шар­ғы­да­ғы  UL кер­неу мә­нін, кон­ден­са­тор­да­ғы UC кер­неу мә­нін анық­таң­дар.
  36. Электр тіз­бе­гі өзара тіз­бек­тей жал­ға­н­ған ке­дер­гі­сі R = 10 Ом ре­зис­тор­дан,
    ин­дук­тив­ті­лі­гі L = 100 мкГн шар­ғы­дан жә­не сый­ым­ды­лы­ғы С = 100 пФ
    кон­ден­са­тор­дан тұ­ра­ды. Ре­зо­на­нс­тық жиі­лік пен тіз­бек­тің са­па­лы­лы­ғын
    анық­таң­дар. Егер жал­пы кер­неу U = 1 В бол­са, ток кү­ші I, ток қуаты P, ин­дуктив­ті­лік шар­ғы­сын­да­ғы кер­неу UL жә­не кон­ден­са­тор­да­ғы кер­неу UC не­ге тең?
  37.  N = 200 ора­мы бар транс­фор­ма­тор­дың екін­ші рет­тік ора­ма­сын уа­қыт
    бо­йын­ша Ф = 0,02cos100pt за­ңы­мен өз­ге­ре­тін маг­нит ағы­ны те­сіп өтеді. Екін­ші рет­тік ора­ма­да­ғы ЭҚК-ның уа­қыт­қа тәуел­ді­лі­гін өр­нек­тейт­ін
    фор­му­ла­ны жа­зың­дар, осы ЭКҚ-ның әсер­лік мә­нін анық­таң­дар.
  38.  Та­сы­мал­дау коэф­фи­циен­ті k = 20 тө­мен­дет­кіш транс­фор­ма­тор кер­неуі  U1 = 220 B же­лі­ге қо­сыл­ған. Егер екін­ші рет­тік ора­ма­ның ке­дер­гі­сі r2 = 0,1 Ом, жүк­те­ме­нің ке­дер­гі­сі R2 = 1 Ом бол­са, транс­фор­ма­тор шы­ғысын­да­ғы кер­неу қандай болуы керек?
  39.  Жо­ға­ры­лат­қыш транс­фор­ма­тор­дың та­сы­мал­дау коэф­фи­циен­ті k = 0,5. Екін­ші
    рет­тік ора­ма тіз­бе­гі­не қо­сыл­ған жүк­те­ме­нің кер­неуі U2 = 216 B. Жүк­те­ме­нің
    ке­дер­гі­сіR2 = 10,8Ом, екін­ші рет­тік ора­маның ке­дер­гі­сіr = 0,2 Ом.Бі­рін­ші реттік ора­ма­да­ғы кер­неу мен ток кү­шін, транс­фор­ма­тор­дың ПӘК-ін анық­таң­дар.
  40.  Pж = 1 МВт қуат тұ­ты­на­тынжүк­те­ме элект­рс­тан­сы­дан l = 75 км ­қа­шық­тық­та
    ор­на­лас­қан. Егер мыс сым­ның көл­де­нең ки­ма­сы­ның ауда­ны S = 16 мм2 болса, элект­рта­сы­мал­дау­шы же­лі кі­рі­сін­де­гі қуат қан­дай бо­луы ке­рек? Мыстың
    меншікті кедергісі r = 1,7 ⋅ 10–8 Ом ⋅ м, же­лі­де­гі кер­неу 40 кВ, cosj = 0,63.
  41. Көл­де­нең қи­ма­сы­ның ауда­ны S = 15 мм2 мыс сым ар­қы­лы энер­гия шы­ғы­ны
    10  %-тен ас­пайт­ын­дай қуаты P = 200 МВт энер­гияны қан­дай ­қа­шық­тық­қа
    та­сы­мал­дау­ға бо­ла­ды? Же­лі­де­гі кер­неу U = 350 кВ, cosj = 0,87.
  42. Толқындардың қабаттасуы нәтижесінде олардың максимал әлсіреулері  байқалатын серпімді ортада екі когерентті толқынның серпімді орта нүктелеріне дейінгі минимал таралу жолдарының айырымын анықтаңдар. Толқын көздері 0,4 кГц жиілікпен бірдей фазада тербеледі. Толқынның берілген ортада таралу жылдамдығы 240 м/
  43. Екі когерентті толқынның берілген ортаның бірінші толқын көзінен 16 м
    және екіншісінен 31 м қашықтықта орналасқан нүктесіндегі интерференциясы нәтижесін анықтаңдар. Толқын көздері 20 мс периодпен бірдей фазада тербеледі. Толқынның таралу жылдамдығы 1,5 км/с.
  44. Екі интерференцияланатын толқындардың фазалар айырымы p2. Осы толқындардың таралу жолдарының минимал айырымын анықтаңдар, оны толқын ұзындығы арқылы өрнектеңдер.
  45.  «Вос­ток» ға­рыш ке­ме­сі­нің бор­тын­да ор­на­лас­қан та­рат­қыш n = 20 МГц жиілік­те жұ­мыс жа­сай­ды. Та­рат­қыш шы­ға­ра­тын ра­диотол­қын­дар­дың периодын жә­не ұзындығын, та­рат­қыш ан­тен­на­ның ұзын­ды­ғын анық­таң­дар.
  46.  Ашық тер­бел­ме­лі кон­тур­да­ғы ток кү­ші I = 0,1 cos 6 · 105 p t за­ңы бой­ын­ша уа­қыт­қа тәу­ел­ді. Тарала­тын тол­қын ұзын­ды­ғын анық­таң­дар.
  47.  Элект­рмаг­нит­тік тол­қын қан­дай да бір ор­та­да 2 · 108 м/с жыл­дам­дық­пен та­ра­ла­ды. Егер ва­куум­да­ғы жиі­лік 1 МГц болса, онда элект­р­маг­нит­тік тер­бе­ліс­тердің осы ор­та­да ту­ды­ра­тын элект­рмаг­нит­тік тол­қын­дар­ының ұзын­ды­ғы қандай болады?
  48. Сәу­ле­ле­ну ағы­ны­ның ты­ғыз­ды­ғы тол­қын кө­зі­нен 100 м ­қа­шық­тық­та­ғы сәу­ле­ле­ну ағынының ты­ғыз­ды­ғы­мен са­лыс­тыр­ған­да 100 есе ке­ми­тін қашықтықты анықтаңдар.
  49. Бе­ріл­ген уа­қыт ме­зе­тін­де ке­ңіс­тік­тің бел­гі­лі бір нүк­те­сін­де элект­р­магнит­тік тол­қын энер­гия­сы­ның ты­ғыз­ды­ғы w = 5,2 мкДж/м3. Осы сәт­те­гі жә­не осы нүк­те­де­гі маг­нит­тік ин­дук­ция жә­не кер­неу­лік век­тор­ла­ры­ның мо­ду­лін анық­таң­дар. e0 = 8,85·10–12 Ф/м, m0 = 12,56·10–7 Н/А2
  50. Тә­жі­ри­бе жү­зін­де су­дың сы­ну көр­сет­кі­ші кө­рі­не­тін спектр­дің шет­кі қы­зыл сәу­ле­ле­рі үшін 1,329, ал шет­кі күл­гін сәу­ле­ле­рі үшін 1,344 еке­ні  анық­тал­ды. Қы­зыл жә­не күл­гін сәу­ле­лер­дің су­да та­ра­лу жыл­дам­ды­ғын анық­таң­дар. Қай­сы­сы­ның жыл­дам­ды­ғы ар­тық жә­не қан­шаға?
  51. 1. Тұ­рақ­ты­сы 0,004 мм диф­рак­ция­лық тор тол­қын ұзын­ды­ғы 687 нм жа­рық­пен жа­рық­тан­ды­ры­ла­ды. Екін­ші рет­ті спект­рді кө­ру үшін тор­ға  ба­қы­лау­ды қан­дай бұ­рыш­пен жүр­гі­зу ке­рек?
  52.  Эк­ран­ға па­рал­лель диф­рак­ция­лық тор одан 0,7 м қа­шық­тық­та ор­на­лас­қан.
    Осы диф­рак­ция­лық тор­үшін 1 мм-дегі шт­рих­тар са­нын анық­таң­дар. Толқын ұзын­ды­ғы 430 нм жа­рық шо­ғы­ның қа­лып­ты тү­суі ке­зін­де бі­рін­ші ретті диф­рак­ция­лық мак­си­мум центр­лік жо­лақ­тан 3 см ­қа­шық­тық­та ор­нала­са­ды. sinj ≈ tgj деп алың­дар.
  53.  Төр­тін­ші рет­ті мак­си­мум­ға сәй­кес ке­ле­тін сы­зы­ғы тол­қын ұзын­ды­ғы λ2 = 440 нм жа­рық үшін бе­сін­ші рет­ті мак­си­мум сы­зы­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін  жа­рық то­ры­на қа­лып­ты тү­се­тін λ1 тол­қын ұзын­ды­ғын анық­таң­дар.
  54.  Егер диф­рак­ция­лық тор тұ­рақ­ты­сы 2 мкм бол­са, тол­қын ұзын­ды­ғы 589 нм
    са­ры түсті жарық спек­т­р­інің ең үл­кен ре­тін k анық­таң­дар.
  55.  Пе­ри­оды d = 0,01 мм диф­рак­ция­лық тор кө­ме­гі­мен алын­ған бі­рін­ші рет­ті
    спектр­дің ені не­ге тең? Тол­қын ұзын­дық­та­ры­ның диапа­зо­ны 0,38 мкм-ден
    0,76 мкм ара­лы­ғын­да. Дифракциялық тордан экранға дейінгі қашықтық
    L = 0,5 м.
  56. Қисықтық радиусы R = 0,9 м ойыс сфералық айнадан d = 2,8 м қашықтықта бас оптикалық өсте нүктелік жарық көзі орналасқан. Айнадан осы жарық көзінің кескініне дейінгі қашықтықты анықтаңдар.
  57.  Қисықтық радиусы R = 80 см ойыс сфералық айна беретін шын кескін
    одан f = 80 см қашықтықта орналасқан. Зат пен айнаның арақашықтығын
    анықтаңдар.
  58.  Зат ойыс сфералық айнаның алдында оның бас оптикалық өсіне шын
    кескінінің сызықтық өлшемдерінің қатынасы Г1= 1,5-ке тең болатындай
    перпендикуляр орналасқан. Затты айнадан l = 16 см қашықтыққа жылжытқаннан кейін зат пен кескін өлшемдерінің қатынасы Г2= 0,5 болды. Айнаның қисықтық радиусын анықтаңдар.
  59. Шыны бетіне түскен жарық сәулесінің түсу бұрышын анықтаңдар. Сыну
    бұрышы түсу бұрышынан j = 17,2°-қа кіші. Шынының сыну көрсеткіші
    n = 1,7.
  60.  Шағылған сәуле сынған сәулеге перпендикуляр болуы үшін жарық сәулесі шыныға қандай бұрышпен түсуі керек? (Сыну көрсеткішін 1,73-ке
    тең деп алыңдар.)
  61.  Өзен түбінде тас жатыр. Адам оны сырықпен итергісі келеді. Ол тасты
    көздеп, сырықты көкжиекке j = 20° бұрыш жасай ұстайды. Егер өзен
    тереңдігі h = 50 см болса, сырық тастан қандай қашықтықта өзен түбіне
    қадалады?
  62.  Егер сүңгуір өзінен S = 15 м және одан көп қашықтықта орналасқан
    өзеннің горизонталь түбінің су бетінен шағылған бөліктерін көре алатын
    болса, ол су астында қандай тереңдікте тұр? Сүңгуірдің бойы һ = 1,5 м.
  63. Бас оптикалық өсте жинағыш линза центрінен d > 2F қашықтықта орналасқан нүктелік жарық көзінің кескінін салыңдар.
  64.  Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы F = 10 см. Егер денені шексіздіктен жинағыш линзадан d = 2 см қашықтыққа жылжытса, оның кескінінің
    орын ауыстыруы қандай болатынын анықтаңдар. Дене бас оптикалық өске
    перпендикуляр орналасқан.
  65.  Шам жарығының биіктігі h = 5 см. Линза экранда осы шамның биіктігі H1 = 15 см шын кескінін береді. Линзаны қозғамай, шамды линзадан ары  ∆d = 1,5 см қашықтыққа жылжытып, экранды қозғалтып, тағы да биіктігі H2 = 10 см кескін алды. Линзаның фокустық қашықтығын анықтаңдар.
  66. Линзаның көмегімен жазық заттың Г1 = 2 есе үлкейтілген шын кескінін алады. Егер затты линзаға қарай ∆d = 1,5 см-ге жылжытса, онда кескін Г1 = 3 есе  үлкейтілген болады. Линзаның фокустық қашықтығын анықтаңдар.
  67. Жұқа шашыратқыш линзаға бас оптикалық өске параллель цилиндрлі жарық шоғы түзіледі. Шоқ диамері d = 5 см. Линзаның артында l = 20 см  қашықтықта оның бас оптикалық өсіне перпендикуляр экран орналасқан. Экрандағы жарық шоғының диаметрі D = 15 см. Линзаның фокустық қашықтығын анықтаңдар.
  68. Микроскоп объективінің фокустық қашықтығы Fоб = 0,5 см, ал микроскоп объективі мен окуляры арасындағы қашықтық L = 16 см. Микроскоптың ұлғайтуы Г = 200. Окулярдың ұлғайтуын анықтаңдар.
  69.  Көру қабілеті қалыпты адам оптикалық күші +5 дптр көзілдірік арқылы  терезеге қарап тұр. Егер адам нысанды анық көретін болса, нысан қандай
    қашықтықта орналасқан?
  70.  Егде жастағы адам үшін жақсы көру қашықтығы 60 см. Осы қашықтықтың  20 см-ге дейін қысқаруын қамтамасыз ететін линзаның оптикалық күшін  анықтаңдар. Жауапты ХБЖ-да өрнектеп, ондық үлеске дейін дөңгелектеңдер. Бұл жағдайда қандай линза қолданылады: жинағыш па әлде шашыратқыш па?
  71. Оптикалық жүйе фокустық қашықтықтары 20 см және 10 см болатын екі жинағыш линзадан тұрады. Линзалардың арақашықтығы 30 см. Дене  бірінші линзадан 30 см қашықтықта орналасқан. Дененің кескіні екінші  линзадан қандай қашықтықта орналасқанын анықтаңдар. Сәулелердің линзалар жүйесіндегі жолын салыңдар.
  72. 1. Егер Жер­ге қа­тыс­ты u = 0,99с жыл­дам­дық­пен қоз­ға­ла­тын ға­рыш ке­месін­де ∆t = 20 жыл өт­се, Жер­де қан­ша уа­қыт өте­ді?
  73.  Өзектің мен­шік­ті ұзын­ды­ғы l 0 = 1 м. Егер ол ба­қы­лау­шы­ға қа­тыс­ты өзек бойы­мен ба­ғыт­тал­ған u = 0,6с жыл­дам­дық­пен орын ау­ыс­тыр­са, ба­қылау­шы үшін өзектің ұзын­ды­ғы қандай болатынын анық­таң­дар.
  74.  Жер­ге қа­тыс­ты 225 000 км/с жыл­дам­дық­пен ұша­тын фо­тон зы­мы­ран­да элект­рон­дар­дың жыл­дам­ды­ғын зымы­ран­ның қоз­ға­лыс ба­ғы­ты­на қа­тыс­ты 240 000 км/с-қа де­йін арт­ты­ра­тын үдет­кіш ор­на­тыл­ған. Осы элек­трон­дар Жер­ге қа­тыс­ты қан­дай жыл­дам­дық­пен қоз­ға­ла­ды?
  75.  Мас­са­сы m0 = 5m ға­рыш ке­ме­сі траек­то­рия­ның бі­рін­ші бө­лі­гін­де u1 = 8 км/с жыл­дам­дық­пен, екін­ші бө­лі­гін­де u2 = 2,9 ⋅ 108 м/с жыл­дамдық­пен қоз­ға­ла­ды. Әр­бір жыл­дам­дық үшін ға­рыш ке­ме­сі­нің ре­ля­ти­вис­тік мас­са­сын анық­таң­дар.
  76.  Күн қу­аты P = 3,9 ⋅ 1026 Вт жа­рық ағы­нын шы­ға­ра­ды. Күн мас­са­сы 3 есе
    азая­тын уа­қыт ара­лы­ғын анық­таң­дар. Күн­нің сәу­ле­ле­нуін тұ­рақ­ты, Күн
    массасын 2 · 1030 кг-ға тең деп алыңдар.
  77.  u = 0,75с жыл­дам­дық­пен қоз­ға­ла­тын элект­рон­ның ки­не­ти­ка­лық энергия­сын клас­си­ка­лық жә­не ре­ля­ти­вис­тік ме­ха­ни­ка фор­му­ла­ла­ры бой­ын­ша
    анық­таң­дар. Электронның тыныштық массасы 9,1 · 10–31 кг.
  78. Ки­не­ти­ка­лық энер­гия­сы: а) E1 = 1 МэВ; ә) E2 = 1 ГэВ про­тон­ның жыл­дамды­ғын анық­таң­дар. Протонның массасы 1,67 · 10–27 кг, 1 эВ = 1,6 · 10–19 Дж.
    5. Жыл­дам­ды­ғы u1 = 0,75с элект­рон­ның им­пуль­сін клас­си­ка­лық жә­не ре­ляти­вис­тік ме­ха­ни­ка фор­му­ла­ла­ры бой­ын­ша анық­таң­дар. Электронның тыныштық массасы 9,1 · 10–31 кг.
  79.  Рентгендік түтікше электродтары арасындағы 2 кВ және 20 кВ кернеулер
    үшін рентгендік сәулеленудің толқын ұзындығының минимал мәндерін анықтаңдар. Электрон зарядының модулі |e| = 1,6 · 10–19 Кл, Планктұрақтысы h = 6,626 · 10–34 Дж · c, жарық жылдамдығы c = 3 · 108 м/с.
  80. Тежегіш сәулелену спектрінде толқын ұзындығы 0,015 нм сәулелер пайда
    болатын минимал кернеуді анықтаңдар.
  81.  Үздіксіз әрекет ететін лазер монохроматты сәулеленуді тудырады. Лазер қуаты Р = 2 Вт. Сәулеге перпендикуляр орналасқан ауданы S = 1 см2 пластинаға түсірілген жарықтың қысымын анықтаңдар. Пластина беті сәулеленуді толығымен жұтады.
  82.  Жиілігі n = 1014 c-1 кванттардың параллель шоғы қабырға бетіне a = 30°
    бұрышпен түседі. Егер шоқтың көлденең қимасының бірлік ауданы
    арқылы 1 секунд ішінде N0 = 1015 кванттар өтетін болса және пластина беті
    сәулеленуді толықтай жұтып алса, жарықтың қабырғаға түсіретін қысымы
    қандай болатынын анықтаңдар. Планк тұрақтысы h = 6,626 · 10-34Дж · с.
  83.  Толқын ұзындығы l = 660 нм болатын монохроматты жарық шоғы шағылу
    коэффиценті r = 0,8 бетке бірқалыпты түседі. S = 1 см2беттің секунд сайын
    жұтатын фотондар санын анықтаңдар. Бетке түсірілген жарық қысымы
    p = 1 мкПа.
  84.  Шар тәріздес Жер серігі Күн сәулесінің атмосферамен жұтылуын ескермеуге болатын биіктікте Жерді айнала қозғалады. Жер серігінің диаметрі  d = 40 м. Күн сәулесінің Жер серігіне түсіретін қысым күшін анықтаңдар, Күн тұрақтысы 1,4 кДж/(м2· с) (бұл Күн бетіндегі 1 м2 ауданнан 1 с ішінде бөлінетін энергия). Жер серігінің беті жарықты толығымен шағылдырадыдеп алыңдар.
  85.  Қуаты Р = 60 Вт электр шамының қабырғаларына түсірілетін жарық
    қысымын анықтаңдар. Шам колбасы радиусы R = 5 см сфералық ыдыс
    болып табылады, оның қабырғаларынан түсірілген жарықтың 9  %-і шағылады. Шам қуатының барлығы сәулеленуге жұмсалады деп алыңдар.
  86.  Магнит өрісінің магнит индукциясының минимал мәні 0,1 Тл, Жердің
    магнит өрісінің магнит индукциясының максимал мәні 65 мкТл.
    а) МРТ-ның магнит өрісі Жердің магнит өрісінен неше есе көп?
    ә) Күшті магнит өрісінің ұзақ әрекеті адам ағзасына қалай әсер ететінін
    анықтаңдар.
  87.  Индукциясы 0,1 Тл өрісті МРТ-да тудыру үшін ток күші мен қуаттың болжамды мәндерін бағалаңдар. Оңайлату үшін магнит ұзындығы 1,5 м,  диаметрі 1 м соленоид түрінде жасалған деп есептеңдер. Мыс сымның қимасын 100 мм2  , қимадағы токтың тығыздығын j = 2 A/мм2 деп алыңдар. Мыстың меншікті кедергісі 0,056 Ом · м/мм2.
  88. Графитті рентгендік сәулелермен сәулелендіргенде 45º бұрышпен шашыраған сәулелену толқынының ұзындығы l′ = 10,7 нм болды. Түсірілген сәулелердің толқын ұзындығын анықтаңдар.
  89.  Рентгендік сәулелердің толқын ұзындығы комптон шашырауынан кейін
    l1 = 2 пм-ден l2 = 2,4 пм-ге дейін ұзарды. Электрондардың берген энергиясын анықтаңдар.
  90.  l = 380 нм толқын ұзындығы сәйкес келетін фотонның энергиясын, массасын, импульсін анықтаңдар. Планк тұрақтысы h = 6,626 · 10-34 Дж · c,
    жарық жылдамдығы c = 3 · 108 м/с.
  91.  Энергиясы 1 МэВ фотонның толқын ұзындығын, массасын, импульсін
    анықтаңдар. Осы фотонның массасын электронның тыныштық массасымен салыстырыңдар.
  92.  Массасы 1) электронның; 2) протонның тыныштық массасына тең
    фотонның толқын ұзындығын анықтаңдар.
  93.  Сынап буларын электрондармен сәулелендіру кезінде сынап атомының
    энергиясы 4,9 эВ-қа артады. Қозбаған күйге өту кезіндегі сынап атомдары
    шығаратын сәулеленудің толқын ұзындығын анықтаңдар.
  94.  Сутек атомы төртінші энергетикалық деңгейден біріншіге өтеді. Осы атомның сәулелену спектрінде қанша сызықты анықтауға болады? Спектр
    сызықтарына сәйкес келетін толқын ұзындықтарын анықтаңдар.
  95. 3. Электрон индукциясы 8 мТл біртекті магнит өрісінде радиусы 0,5 см шеңбер бойымен қозғалады. Бройль толқынының ұзындығын анықтаңдар.
  96.  Ені 1 мкм кішкене саңылауға жылдамдығы 3,65 Мм/с электрондар шоғыры жіберілді. Электрондардың толқындық қасиеттерін ескеріп, экрандағы саңылаудан
    10 см қашықтықта орналасқан дифракциялық көріністен қарқындылықтың
    алғашқы екі максимумы арасындағы қашықтықты анықтаңдар.
  97.  Рентген қондырғысымен жұмыс істейтін қызметкердің 1 сағ ішінде жұтатын сәулелену дозасының орташа мөлшері 7 мкГр. Егер сәулеленудің  шекті рұқсат етілген мөлшері жылына 50 мГр-ге тең болса, онда қызметкердің жылына 200 күн бойы күніне 6 сағат жұмыс істеуі қауіпті ме?
  98.  Массасы 60 кг адамның жұтқан радиоактивті сәулелену энергиясы 1 Дж-ге тең. Жұтылған сәулелену дозасын анықтаңдар. Егер сәулеленудің эквивалентті дозасы 0,051 Зв болса, онда адам сәулеленудің қандай түріне ұшырағанын анықтаңдар.
  99.  Зақымдалу аймағындағы радиоактивті изотоптардың гамма-сәулелену дозасының қуаты 200 мкГр/сағ. Егер апаттық жағдайда рұқсат етілген  доза 25 мЗв болса, адам апат аймағында денсаулығына зиян келтірмей неше сағат жұмыс жасай алады?
  100. Бірінші жұлдыздың сәулелену қарқындылығы екінші жұлдыздың сәулелену қарқындылығынан 16 есе артық. Олардың жұлдыздық шамаларының айырымы неге тең?

Дереккөз: Физика: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық./ Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов

Ұқсас материал:

  1. Молекулалық физика. Термодинамика тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
  2. «Білімділер керуені» атты физикалық кеш
  3. Физика ғылымының атасы Никола Тесланың өмірінен қызықты деректер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ