Физикадан глоссарий

0
3471
Freepik.com

Тепе-теңдік күйі – дененің оған әсер ететін барлық күштердің теңәсерлі күші нөлге тең болатын күйі.

Фазалар ығысуы – бірдей тригонометриялық функциямен өрнектелген, жиіліктері бірдей гармоникалық тербелістердің фазаларының айырымы.

Тербеліс фазасы – берілген уақыт мезетіндегі тербелісті сипаттайтын жә­не периодтың үлесімен өрнектелген уақыттың бұрыштық өлшемі.

Ерік­сіз тер­бе­ліс­тер – пе­ри­од­ты түр­де әсер ете­тін сырт­қы күш­тің әсе­рі­нен бо­ла­тын тер­беліс­тер.

Идеал тер­бел­ме­лі кон­тур – ак­тив­ті ке­дер­гі­сі нөл­ге тең, кон­ден­са­тор­да өт­кіз­гіш ток жә­не энер­гия шы­ғы­ны­на алып ке­ле­тін бас­қа құ­бы­лыс­тар жоқ тер­бел­ме­лі кон­тур.

Ав­то­тер­бел­ме­лі жүйе­лер – жүйе­ге энер­гияның бе­рі­луі ар­қы­лы өш­пейт­ін тер­бе­ліс­тер жа­сала­тын жүйе­лер.

Ер­кін элект­рмаг­нит­тік тер­бе­ліс­тер – шар­ғы­да­ғы ток кү­ші­нің жә­не кон­ден­са­тор астар­ла­ры ара­сын­да­ғы кер­неу­дің сырт­тан энер­гия ал­май пе­ри­од­ты түр­де қай­тала­на­тын өз­ге­рі­сі.

Элект­рмаг­нит­тік тер­бе­ліс­тер – за­ряд­тың, ток кү­ші мен кер­неу­дің пе­ри­од­ты түр­де өз­ге­руі.

Қуат коэф­фи­циен­ті − айны­ма­лы ток тіз­бе­гін­де­гі энер­гия­ның қан­ша бө­лі­гі бас­қа эне­ргия тү­рі­не айна­ла­ты­нын көр­се­те­тін ша­ма.

Та­сы­мал­дау коэф­фи­циен­ті − транс­фор­ма­тор­дың бі­рін­ші рет­тік ора­ма­сын­да­ғы орам­дар са­ны­ның екін­ші рет­тік ора­ма­сында­ғы орам­дар са­ны­на қа­ты­на­сы­на тең ша­ма.

Айны­ма­лы ток − өт­кіз­гіш­те­гі за­ряд­тал­ған бөл­шек­тер­дің пе­ри­од­ты түр­де өз­ге­ріп оты­ра­тын сырт­қы электр қоз­ғаушы күш әсе­рі­нен бо­ла­тын ерік­сіз тер­бе­ліс­те­рі.

Фазалық ығысу − бір тригонометриялық функциямен өрнектелген жиіліктері бірдей тербелістердің фазалар айырымы.

Толқындық бет − берілген уақыт мезетінде кеңістіктің бірдей фазада тербелетін нүктелерінің геометриялық орны.

Дифракция − толқындардың кедергілерді орағытып өту құбылысы.

Толқындардың интерференциясы ‒ екі немесе бірнеше когерентті толқынның абаттасуы кезінде олардың қорытқы амплитудаларының артуы немесе кемуі.

Когерентті толқындар − фазалық ығысулары мен жиіліктері бірдей тербелістер.

Механикалық толқын − тербелістердің серпімді ортада таралу құбылысы.

Толқын шебі − берілген t уақыт мезетінде кеңістіктің тербеліс жеткен нүктелерінің геометриялық орны.

Тол­қын қар­қын­ды­лы­ғы − бірлік уа­қыт ішін­де тол­қын­дар­дың та­ра­лу ба­ғы­ты­на пер­пен­дику­ляр ор­на­лас­қан бір­лік бет ар­қы­лы та­сы­мал­дайт­ын энер­гия­сы­на тең фи­зи­ка­лық ша­ма.

Мо­ду­ля­ция − ды­быс жиі­лі­гін­де­гі тер­бе­ліс­тер­ді жо­ға­ры жиі­лік­ті сиг­нал­мен қа­бат­тас­ты­ру.

Та­сы­мал­дау­шы жиі­лік − жо­ға­ры жиі­лік­ті ге­не­ра­тор ту­дыр­ған тер­бе­ліс жиі­лі­гі.

Жиі­лік­ті ра­диобай­ла­ныс ка­на­лы − ра­диотол­қын­дар­дың нақ­ты тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да­ғы ра­диобай­ла­ныс үшін қол­да­ны­ла­тын жә­не ерек­ше­лен­ген жиі­лі­гі.

Дис­пер­сия − зат­тың сы­ну көр­сет­кі­ші­нің жа­рық­тың жиі­лі­гі­не тәу­ел­ді­лі­гі.

Диф­рак­ция − жа­рық­тың өл­шем­де­рі кіш­кен­тай де­не­лер­ді орағытып өтіп, оның гео­мет­рия­лық кө­лең­ке ай­ма­ғы­на өтуі.

Жа­рық­тың ин­тер­фе­рен­ция­сы − жа­рық тол­қын­да­рын қа­бат­тас­тырған­да жа­рық­тың кү­шеюі не­ме­се әл­сі­реуі.

Ко­ге­ре­нт­ті тол­қын­дар − фа­за­лық ығы­су­ла­ры тұ­рақ­ты, жиі­лік­те­рі бір­дей тол­қын­дар.

Ал­ғаш­қы түс­тер − бас­қа түс­тер­дің үй­ле­суі ар­қы­лы алын­бай­тын түс­тер.

Қо­сым­ша түс­тер − қабаттасу ке­зін­де ақ түс­ті бе­ре­тін жа­рық түс­те­рі.

Аб­со­лют сы­ну көр­сет­кі­ші – жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы берілген ортада таралу жылдамдығынан неше есе артық екенін көрсететін физикалық шама.

Лин­за­ның бас оп­ти­ка­лық өсі – линза беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзу.

Лин­за­ның оп­ти­ка­лық цент­рі – бас оптикалық өстің линза жазықтығымен қиылысу нүктесі.

Мик­рос­коп ту­бу­сы­ның оп­ти­ка­лық ұзын­ды­ғы – объектив пен окуляр фокустарының қашықтығы.

Са­лыс­тыр­ма­лы сы­ну көр­сет­кі­ші – жарықтың бірінші ортадағы таралу жылдамдығы екінші ортадағы таралу жылдамдығынан неше есе артық екенін көрсететін физикалық шама.

Лин­за­ның қо­сым­ша оп­ти­ка­лық өсі – линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін кез келген түзу.

Те­лес­коп – аспан денелерін бақылауға арналған көру түтігі.

Сы­зық­тық ұл­ғайту – кескін биіктігінің дене биіктігіне қатынасына тең физикалық шама.

Оп­ти­ка­лық ас­пап­тың бұ­рыш­тық ұл­ғайтуы – денені оптикалық аспаппен қарағандағы көру бұрышының тангенсінің жақсы көру қашықтығынан қарағандағы көру бұрышының тангенсіне қатынасы.

Абсолют қара дене – кез келген температурадағы барлық жиілік диапазонында жұтылу қабілеттілігі an = 1 болатын дене.

Голография – когерентті сәулелену көмегімен толқынды өрістерді жазудың, қайта шығарудың және түрлендірудің фотосуреттік әдісі.

Фотоэффектінің қызыл шекарасы – түсірілген жарықтың фотоэффект құбылысы мүмкін болатын n0 минимал жиілік .

Лазерлер – оптикалық диапазондағы когерентті сәулеленудің генераторлары мен күшейткіштері, олардың жұмыс істеуі кванттық жүйелердің: атомдардың, иондардың, молекулалардың индукцияланған сәулеленуіне негізделген.

Сызықтық спектрлер – жеке спектрлік сызықтардан тұратын атомдардың ұшып шығуы мен жұтылуының оптикалық спектрлері.

Сызықты емес оптика – қуатты жарық шоқтарының қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда таралуын және олардың затпен өзара әрекеттесуін қарастыратын физикалық оптика бөлімі.

Дененің жұтылу қабілетілігі – ∆n жиіліктер интервалында дененің жұтқан ∆Ф сәулелену ағынының осы интервалда денеге түскен ∆Ф’ сәулелену ағынына қатынасына тең физикалық шама.

Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе температурасы Т дененің сәулелену қабілеттілігі – ∆n жиіліктер интервалында алынған ергетикалық жарқыраудың осы жиіліктер интервалы шамасына қатынасына тең физикалық шама.

Спектрограф – күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді суретке түсіруге арналған аспап.

Спектроскоп – күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді бақылауға арналған аспап.

Жылулық сәулелену – қыздырылған денелердің ішкі энергияларының есебінен шығарылатын электрмагниттік сәулелену.

Фотоэффект – жарық немесе басқа кез келген электрмагниттік сәулелену әсерінен заттан электрондардың ұшып шығуы.

Дененің энергетикалық жарқырауы – температурасы Т дене бетінің бірлік ауданы арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама.

Комптон эффектісі – сәулелену жиілігінің азаюымен қатар жүретін бос электронда электрмагниттік сәулеленудің шашырауы.

Ра­диоак­тив­ті эле­ме­нт­тің бел­сен­ді­лі­гі – оның ядроларының ыдырау жылдамдығы.

Жұ­тыл­ған сәу­ле­ле­ну до­за­сы – сәулеленетін дене массасының бірлігінде жұтылған сәуле шығару энергиясына тең шама.

Та­би­ғи ра­диоак­тив­ті­лік – радиоактивті сәуле шығару арқылы бір ядролардың өздігінен басқа ядроларға айналуы.

Изо­топ­тар – ядросы протондардың бірдей санынан, бірақ нейтрондардың әртүрлі санынан тұратын атомдар.

Жар­ты­лай ыды­рау пе­ри­оды – бастапқы элемент атомдарының саны екі есе кему уақыты.

Тер­мояд­ро­лық реак­ция – жүздеген миллион кельвин температурада жеңіл ядролардың бірігу реакциясы.

То­ка­мак (маг­нит­ті шарғы­ла­ры бар то­ртәрізді ка­ме­ра) – басқарылатын термоядролық синтездеу өтуі үшін қажетті жағдайларға жету мақсатында плазманы магнит өрісінде ұстап тұруға арналған тортәрізді (тороидалды) қондырғы.

Мен­шік­ті бай­ла­ныс энер­гия­сы – бір нуклонға сәйкес келетін ядроның байланыс энергиясы.

Яд­ро­ның бай­ла­ныс энер­гия­сы – ядроны нуклонға ыдырату үшін қажетті энергия.

Яд­ро­лық реак­ция – шапшаң элементар бөлшектердің немесе ядроларының әсеріне негізделген атом ядроларының басқа ядроларға айналу процесі.

Яд­ро­лық реак­тор – тізбекті ядролық реакция жүзеге асырылатын ауыр ядролардың бөлінуін басқаратын қондырғы.

Гра­фен – кө­мір­те­гі атом­да­ры­нан жа­сал­ған өте жұ­қа қа­бат, қа­лың­ды­ғы бір атом.

На­но­тех­но­ло­гия­лар (НТ) – зат­тар­дан бел­гі­лі бір қа­си­ет­тер­ді алу мақ­са­тын­да атом­дық не­ме­се мо­ле­ку­ла­лық дең­гей­де өте­тін ма­ни­пу­ля­ция­лау әдіс­те­рі­нің жи­ын­ты­ғы.

На­но­ма­те­ри­ал­дар – гео­мет­рия­лық өл­шем­де­рі бір өлшеуде де 100 нм ас­пайт­ын, на­но­өл­шемдер­дің сал­да­ры­нан са­па­лы жа­ңа қа­си­ет­тер­ге ие бо­ла­тын ма­те­ри­ал­дар.

Бірөл­шем­ді на­но­ма­те­ри­ал­дар – кө­мір­тек­ті на­но­тү­тік­ше­лер жә­не на­но­тал­шық­тар, на­ноөзек­тер, на­но­өткізгіштер.

Бірөл­шем­ді нысандар – диа­мет­рі бір­не­ше нанометр­ге тең бо­ла­тын, ұзын­ды­ғы бірнеше микрон ци­ли­ндр­лер.

Екіөл­шем­ді наноматериалдар – тө­се­ніш­тің бе­тін­дегі қа­лың­ды­ғы бір­не­ше на­но­ме­тр­қа­бат не­ме­се пленка­.

Дереккөз: Физика: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық./ Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов

Ұқсас материал:

  1. Физикадан есептер жинағы

  2. Молекулалық физика. Термодинамика тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
  3. «Білімділер керуені» атты физикалық кеш
  4. Физика ғылымының атасы Никола Тесланың өмірінен қызықты деректер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ