Ақпараттарды құқықтық қорғау

0
4127
Freepik.com

Дербес деректер құпия ақпарат санатына жатады. Тұлғаның жеке өмірі туралы ақпаратты (сот шешімі болмаса) оның келісімінсіз жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді.

Дербес деректер азаматтарға мүліктік және моральдық зиян келтіру мақсатында пайдаланылмайды. Өз өкілеттіктеріне сәйкес азаматтар
туралы ақпаратты иеленетін, пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады (Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қолжеткізу туралы», 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электронды  құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Заңдары).

Коммерциялық ақпарат – коммерциялық құпияны құрайтын төмендегі ақпараттар жиынтығы:

• оның үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты нақты
немесе әлеуетті коммерциялық
құндылығы бар;
• оған заңды негізде еркін қолжетімдік жоқ;
• ақпарат иесі оның құпиялылығын қорғау шараларын қолданады.

Ақпаратты қорғау – пайдаланушыға ақпарат беру тәртібін белгілеу (орнын, уақытын, жауапты лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ пайдаланушылардың ақпаратқа қолжеткізу шарттарын қамтамасыз ететін қажетті рәсімдерді көрсету).

Коммерциялық құпия – рұқсаты шектеулі құпия ақпараттың бір түрі.

Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат – жалпы мағынада коммерциялық сипаттағы деректер.

Зияткерлік меншік – бірінші кезекте, шығармашылық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ нақты тізбесі заңнамамен белгіленетін, оларға теңестірілген кейбір өзге де объектілерге жеке, мүліктік сипаттағы айрықша құқықтардың жиынтығы.

ҚР Конституциясы зияткерлік меншікті қорғау құқығына кепілдік береді. Қазіргі жағдайда ғылыми қызмет нәтижелеріне зияткерлік меншікті құқықтық қорғауды күшейту – өте өзекті мәселе.

Айрықша құқықты бұзушыдан оның кінәсі болған жағдайда залалдарды өндіріп алу және оған басқа да жауапкершілік шараларын қолдану жүргізіледі (1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары).

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жасанды интеллект деген не?

  2. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  3. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  4. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  5. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  6. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  7. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ