Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары (Б, В әріпі бойынша)

0
1451
Freepik.com

Бағдарлау – жергілікті жерде көкжиек тұстарын ажырату.

Байқал қатпарлығы – протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталған ең ежелгі тау қатпарлығы. Байкал қатпарлығының  құрылымдары мен олардың ерекшеліктері алғаш рет Байкал көлі маңындағы тауларда анықталып, қатпарлық аты осымен байланысты қойылған.

Барқан – құмды шөлде жел үрлеп үйген, қолорақ немесе жарты
ай тәріздес құм төбе.

Барометр (грекше барос – салмақ, метр – өлшеу) – ауа қысымын өлшейтін құрал.

Бас масштаб – картада эллипсоид немесе шар бетіндегі ұзындық өлшемдерінің неше есе қысқартылғанын көрсететін сандық өлшем.

Бастапқы меридиан (латынша меридиан – талтүстік) – Жер шарындағы бойлық есебі басталатын меридиан. «Нөлдік меридиан» деп те аталады.

Бастау – өзеннің басталатын жері. Өзендер бастауын тау мұздақтарынан, жер асты суларынан, батпақтардан және көлдерден алады.

Батискаф – мұхиттарды зерттеуге арналған өте тереңге өз бетінше
жүзетін аппарат.

Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузифтіжыныс.

Батпақ – құрлықтың ұзақ уақыт артық ылғалданатын, шымтезекбасатын және ерекше ылғалсүйгіш өсімдіктер өсетін алқабы.

Батыс желдер – тропиктегі жоғарғы қысым белдеулерінен (300с.е., 300 о.е.) қоңыржай ендіктердегі төмен қысым белдеулеріне (650 с.е. пен 650 о.е.) қарай соғатын желдер.

Баурай – таудың, төбелер мен жота, қыраттардың етегі, бөктері, бауыр жағы.

Бау (бақ) –адам отырғызған ағашты, бұталы гүлдер учаскесі.

Базальт – негізгі эффузивті өте ауыр, тығыз ұсақ кристалл құрылымды тау жынысы.

Бедерлі карта – белгілі бір жердің үш өлшемді, көлемді бейнесі. Мұндай карталар көбінесе оқу-әдістемелік мақсатта, мәселен, жолдар мен көпірлер салу, су бөгендері мен бөгеттерді жобалау барысында қолданады.

Бедленд (ағылшын тілінде – жаман жер) – тау бөктеріндегі өзендердің жер бедерін өте күшті тілімдеуі нәтижесінде жарамсыз жерге айналуы.

Белдеулік уақыт – бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт. Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 ж., ал КСРО-да (оның ішінде Қазақстанда) 1919 ж. 1 шілдеде енгізілген.

Бентос – мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Бергштрих (немісше берг – тау, штрих – сызық) – ылдидың бағытын көрсету үшін горизонтальдарға қосымша берілетін кесекөлденең сызықша.

Беткейлер – 1) су аралық тегіс құрлықтың өзен жайылмасына жанама жері тіктігіне қарай С. А. Захаров ылдилау (50 -ке дейін), құламалы (5-200 ) және тік (25-400
) беткейлер түрін бөлген; 2) таулық жер беткейлері – олар тіктігіне және бағытына (оңтүстік, солтүстік, күн шығыс, күн батыс) қарай бөлінеді.

Беткі ағыстар – дүниежүзілік мұхиттағы су массасының горизонталь бағытта үлкен қашықтыққа тасымалдануы.

Биогеография – өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Биогенді кешен – территориялық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Биологиялық масса – өсімдіктер әлеміндегі органикалық заттардың жалпы мөлшері.
Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі.

Биология – тіршілікті зерттейтін ғылыми пәндер жинағы және өмір туралы білімдер кешені.

Биологиялық бұзылу – ағзалар мен олардың қалдықтары тигізетін әсерінен тау жыныстары құрамындағы минералдық механикалық бұзылуы мен химиялық (өсімдік тамырларынан) өзгерілу процесі.

Биологиялық процестер – тірі ағзалар ( бактериялар, балдырлар, қыналар, саңырауқұлақтар) қатысумен топырақта өтетін процестер.

Топырақ құралу процесі мен құнарлылығы – осы процестер нәтижесі.

Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым.

Биосфера (грекше био – тіршілік, сфера – шар) – тірі ағзалар таралған жер қабығы.

Биосфералық ілім – биосфераның (жанды табиғат) дамуын,  құрылысын және функциясын зерттейтін білім облысы. Биосфералық  ілімнің негізін академик В. И. Вернадский салған.

Биотикалық фактор –ландшафтылардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.

Биохимиялық процесс – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңірунен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.

Биоценоз (грекше био – тіршілік, ценоз – ортақ) – тіршілік жағдайлары бірсыдырғы келетін аумақты алып жатқан өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы.

Биіктік белдеу – тауларда биіктік бойынша бөлінетін табиғат кешенінің бірлігі.

Биік таулар – биіктігі 2000 м-ден асатын таулар.

Бифуркация – кейде бір өзеннің өзі екі алапқа бағытталған бөліктерге ажырап кету құбылысы. Мәселен, Ориноко жоғары ағысында екіге айырылады; бір бөлігі Ориноко атауын сақтап, Атлант мұхитына құйса, екіншісі (Касильера өзені) Амазонканың саласы – Риу-Негру өзеніне барып қосылады.

Богара (парсыша – тәлімді жер, көктемдік) – суармалы егіншілік аймағында ауыл шаруашылық дақылдарын суармай өсіретін жерлер.

Бойлық – Гринвич меридианынан батысқа немесе шығысқа қарай градуспен есептейтін қашықтық.

Болжам (гипотеза) – ғылым негізінде күрделі құбылыстардың себептерін пайда болуын жорамалдау.

Болжау – қандай да болмасын бір территорияның болашақ  шаруашылығы мен табиғат жағдайының қандай болатын 15-20 жыл бұрын алдын-ала болжау.

Боксит – алюминий металы алынатын негізгі кен.

Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер.

Бофорт шкаласы – желдің жылдамдығын метр секундпен өлшенетін өлшем.

Бөген көлдер – тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастауынан
пайда болған көлдер.

Браконьерлік – жануарларды қорғау заңдарына қарсы немесе ережені бұза отырып аң аулаушылар.

Бриз (французша бриз – самал жел) – теңіздердің, ірі көлдердің жағасында күндіз құрлықтан суға, түнде судан құрлыққа қарай соғатын желдер.

Булану және буланушылық. Булану – судың сұйық күйден газ күйіне, яғни буға айналып, атмосфераға таралуы. Буланушылық – су қоры шексіз болған жағдайларда булану мүмкіншілігі.

Бумеранг – ағаштан әдейі иіліп жасалған аңшылық қару.

Будақ бұлттар – әдетте 800-1000 м. биіктікте түзіледі де жоғары қарай 2 км биіктікке дейін таралатын бұлттар.

Бурлар (африконерлер) – Нидерландыдан Африкаға көшіп барғандардың ұрпақтары.

Буссоль – жергілікті жерде магниттік азимуттарды немесе румбтарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап.

Бұғаз – мұхиттар мен теңіздердің жеке бөліктерін бір-бірімен қосатын құрлық-аралық жіңішке су алабы.

Бұзылу – атмосфера (температура, ауа), гидросфера (су, тұз) және биосфера (өсімдік, жануарлар) әсерінен әртүрлі күрделі физикалық, химиялық, биологиялық процестер арқылы қатты тау жыныстары және оларды құраушы минералдардың санды және сапалық өзгеруі.

Бұлт – жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.

Бұлттылық – аспанды бұлттың торлау дәрежесі.

Бұршақ – жоғары биіктіктен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері.

«Бэр» – Каспий теңізі жағалауында Жем өзенінен батысқа қарай ендік бағытта созылып жатқан төбешіктер. ХХІ ғасырда ең алғаш рет орыс ғалымы К.М. Бэр зерттегендіктен, соның есімімен аталған.

Вакуум – арасында ешқандай да қатты, сұйық, газ сияқты заттар болмайтын бос кеңестік.

Вегетациялық кезең (латынша вегетация – ояну, тірілу) – өсімдіктің өсіп-өну кезеңі. Көктемгі соңғы үсіктен күзгі алғашқы үсікке дейінгі уақытта сәйкес келеді.

Вегенер гипотезасы (жорамалы) – континенттердің пайда болуы
жөніндегі жорамал.

Вили-вили – Үнді мұхитында Аустралияның солтүстік-батыс жағалауы мен Кокос аралдары маңайында пайда болатын циклондар.

Витасфера –тіршілік таралған сфера.

Воейков белдеуі – Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай шамамен 50 ° солтүстік ендік бойымен жоғарғы қысым кесіп өтетін белдеу.

Вольфрам — ашық сұр түсті, қиын балқитын, ауыр металл. Вольфрамды 1781 жылы швед химигі К.Шилс тапқан. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады.

Вомбат — кең пейілді томпиған жануар.Бүкіл қалталардың ішінде тек соның екі өткір тісі бар,олар кеміргіштерге ұқсатып кетеді. Аяқтарында күрекке ұқсастырнақтары болады,онымен ұзын дәліздері  бар 40 м жететін інді қазады.

Дереккөз:  Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары (Анықтамалық көмекші құрал), Жанәділ Орынбасар Басарұлы

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ