География: Еуропа елдері және ҰБТ сұрақтары

0
10592
Еуропа — Ескі дүние бөлігі. Еуропа Еуразияның батысын алып жатыр. Жер көлемі аралдармен қоса есептегенде 10 млн шаршы шақырымды құрайды.Еуропаның ең биік нүктесі Альпі тауындағы биіктігі 4807м болатын Монблан шыңы. Батыс Еуропадағы халқының саны жөнінен бірінші орындағы ел- Германия. Германия халқының саны 82,6 млн адам.

Германияда ең ірі көмір кен орны Рур алабы орналасқан.Рур алабына бағдарланып қара металлургия дамыған. Германия химия өнеркәсібінің даму жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алады. Химия өнеркәсібінің өте жоғары деңгейде дамуына байланысты Германияны «химиялық держава» деп атайды.

Жер шарындағы ең көне монархия — Ұлыбритания.Ұлыбританияны королева басқарады. Ұлыбританияның солтүстік батысы мен солтүстігі таулы болып келеді. Ұлыбританияның ең биік нүктесі Бен-Невис тауы, оның биіктігі 1343 м құрайды. Ұлыбритания бокс, футбол, регби, крикет ойындарының шыққан жері болып саналады.Ұлыбритания халқы спортты ерекше жақсы көреді 2012 жылы үшінші рет жазғы олимпиада ойындары өтеді.

Жер шарындағы табиғатты қорғау туралы ең алғашқы заң 1273 жылы Ұлыбританияда шықты. Сол кездегі мемлекетті басқарушы корольдардың бірі қоршаған ортаны ластамау үшін көмір жағуға тыйым салған.
Франция халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болып саналады. Парижде БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымының штаб — пәтері орналасқан. Франция Одағының құрамына бес шалғай департамент пен Тынық мұхитындағы шалғай аумақтар кіреді. Франция Одағының құрамына Оңтүстік Америкадағы Гвиана елі бес шалғай деапртаменттің бірі ретінде кіреді.

Қазіргі кезде Франция мемлекеті халықаралық туризм орталығы болып саналады.Франция жылына 75 млн туристерді қабылдайды. Мамандардың есептеуі бойынша әрбір французға бір туристен келеді. Францияның ең ұзын өзені Луара өзені. Луара өзенінің ұзындығы 1012 шақырым. Италия — Оңтүстік Еуропада орналасқан. Мемлекет парламенттік республика болғандықтан, президент тағайындаған премьер-министр басқарады. Италияның ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы басым дамыған. Италиядағы дәстүрлі шаруашылық саласы болып жүзім өсіру болып саналады. Италия жүзім жинаудан үнемі Франциямен бәсекелеседі.

Италия жүзім жинаудан дүниежүзінде алдыңғы орындардың бірін алады.Италия жылына 61 млн литр шарап өндіреді. Оңтүстік Еуропадағы ең ірі ел — Испания. Испанияның жер көлемі- 504 мың шаршы шақырым. Астанасы — Мадрид қаласы. Испанияның мемлекеттік құрылымы- парламенттік монархия.

Солтүстік Еуропа елдеріне Норвегия, Швеция,Финлядия, Исландия, Дания кіреді. Солтүстік Еуропа елдері түбектер мен аралдарда орналасқан. Солтүстік Еуропа елдері Еуропа жерінің 17 пайызын алып жатыр.
Нидерланд — Орта Еуропадағы ерекше көзге түсетін ел. Себебі жерінің шағын болуына қарамастан Еуропадағы саяси жағдайларды шешуде өзіндік орны бар НАТО- ның және де басқада халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болып саналады. Роттердам жүк айналымы жөнінен бірінші орын алатын порт.Роттердам порты арқылы жылына 310 млн т жүк тасымалданады.Роттердам порты Нидерландыда орналасқан.
Люксембург жан басына шаққанда жылына 10 т болат өндіреді. Сондықтан Люксембургты «болат герцогтігі» деп атайды.

Еуропадағы бейтарап елдерге Аустрия мен Швейцария жатады.Бейтарап елдер басқа елдердің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерге ешқашан араласпайды. Шығыс еуропадағы жетекші көлік болып теміржол көлігі саналады.Теміржолдың жүк айналымындағы үлесі өте жоғары, теміржолмен негізінен металл мен темір кендері тасымалданады.

Шығыс Еуропадағы Кох –и- нор қарындашын Чехия елі шығарады. Чехия сонымен қатар көркемдік шыны мен әшекей заттар шығарудан көзге түседі.
Венгрия машина жасау өнеркәсібінің Икарус автобусын жасау, электротехникалық, есептеуіш машина жасау сияқты түрлеріне маманданған.

ҰБТ — Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

1273 жылы табиғатты қорғау туралы заң шыққан ел
«Болат герцогтігі» деп аталатын ел
Германиядағы ірі көмір кен орны:
Дүниежүзіндегі ең ірі порт
Еуропадағы бейтарап елдер:
Еуропадағы халқының саны жөнінен көзге түсетін ел:
Еуропаның «химиялық держава» деп аталатын елі:
Еуропаның ең биік нүктесі:
Еуропаның жер көлемі:
Жер шарындағы ең көне конституциялық монархиялы ел
Икарус автобусын шығаратын ел:
Италияның мемлекеттік құрылымы:
Италияға тән дәстүрлі шаруашылық саласы
Луара өзені………..территориясынан ағып өтеді.
Орта Еуропаның ерекше көзге түсетін елі:
Оңтүстік Еуропадағы ауданы жөнінен ең ірі ел:
Солтүстік Еуропа елдері:
Туристерді қабылдаудан бірінші орын алатын Еуропа мемлекеті:
Франция Одағының құрамына енетін ел:
Футбол, гольф, регби, крикет ойындарының Отаны:
Шарап өндіруден алғашқы орындарды алатын ел
Шығыс Еуропадағы жетекші көлік
Шығыс Еуропадағы Кох-и-нор қарындашын шығаратын ел
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан қала
Ұлыбританияның ең биік нүктесі :3


ПІКІР ҚАЛДЫРУ