Георгрфия: Антарктида туралы мәліметтер

0
7799
Антарктика — ең соңғы ашылған материк.

Белгісіз оңтүстік жердің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден ақ белгілі болған. Еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған саяхаттары сәтсіздікке ұшырап, мақстатына жетпеген. Антарктиданың ашылуы мен зерттелуіне Ресей ғалымдарының үлесі зор.

1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П. Лазарев басқарған «Восток» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып,көптеген аралдарды аштыЭкспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады.

Антарктика Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік материк.Материктің мұз жамылғысымен қосылғандағы орташа биіктігі 2040 м құрайды.
Антарктиканың ең биік нүктесі Винсон тауы, оның биіктігі 5140 м. Антарктикада таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатады, ал қалған бөлігі қалың мұз қабатының астында жатыр.

Антарктикадағы Росс теңізінің жағалауында сөнбеген жанартау Эребус орналасқан.Бұл тау түзілісінің әлі де жүріп жатқанын көрсетеді. Антарктида материгіндегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%- ын құрайды.

Антарктика материгінің орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске норвег саяхатшысы Руаль Амундсен 1911 жылы желтоқсан айында жетті. Антарктиканың қатал табиғаты жағдайында полюске жету мен кері қайту саяхатшыларға оңайға түскен жоқ. Ит жеккен шанамен жүрген Р.Амундсен экспедициясы 99 күннен кейін аман сау қайта оралды. Антарктида материгін жүйелі зерттеулер 1957-1958 жылдардың Халықаралық геофизикалық жыл деп жариялануына байланысты зерттеле бастады.

Халықаралық геофизикалық жылдар шеңберінде, яғни 1957-1958 жылдары Ресей мен басқа 11 мемлекет Антарктика жағалауларындағы аралдарда 57 база құрып, зерттеулер жүргізе бастады. Антарктиканы жаппай мұз басу Аустралиядан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжыған кезде басталған.Мұздың орташа қалыңдығы1720 м, ал ең қалың жері 4300 м ден асады.

Жер шарындағы ең төменгі температура Антарктиканың «Восток» стансасында тіркелген. Бұл станса жер шарының суықтық полюсі болып саналады. Мұнда — 89°С температура тіркелген. Мұндай өте төмен температура жағдайында металл шыны сияқты сынады, адамның өкпесі мен көзінің жұқа қабығы үсиді, тістің жылтыр қабаты шытынайды. Мұндай температура жағдайында зерттеулер жүргізу үшін арнай киімдер киюге тура келеді. Жер шарындағы ең төмен температураны тіркегендіктен осы станса Жер шарының суықтық полюсі деп аталады.

Антарктида табиғатының қаталдығына байланысты Антарктика материгінде өсімдіктер мен жануарлар жоқ десе де болады. Материктің мұздан босаған жағалық бөліктері мен аралдардан мүк, қына, ұсақ балдырлар өседі.
Антарктика жағалауында құстардың ерекше түрі пингвиндер көп таралған.
Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны Адели деп аталатын кішкене пингвин.

Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант,Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізігі мұхит айдындарынан Батыс Желдері суық ағысы арқылы бөлініп жатыр.Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан басқа мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сол себепті Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ