Географиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)

0
1741
Иллюстрация: Freepik.com

1. Қазақтың тұңғыш географ — ғалымы:

A) Қ.Сатпаев B) Әл-Бируни C) Ш.Уәлиханов D) Ұлықбек E) Әл-Фараби

2. Азимутты … өлшейді

A) Километрмен.

B) Градуспен.

C) Сағатпен.

D) Пайызбен.

E) Сантиметрмен.

3. Қазақстан тәуелсіздік алған жыл:

A) 02.03.1992

B) 10.12.1993

C) 29.12.1992

D) 16.12.1991

E) 26.08.1936

4. Қазақстанның астанасы орналасқан өзен.

A) Іле.

B) Ертіс.

C) Есіл.

D) Нұра.

E) Жайық.

5. Бурабай курорты орналасқан тау.

A) Баянауыл.

B) Көкшетау.

C) Мұғалжар.

D) Маңғыстау.

E) Қарқаралы.

6. Қазақстандағы миллионер қала.

A) Астана.

B) Қарағанды.

C) Алматы.

D) Тараз.

E) Орал.

7. Мұхитты ең көп ластайтын зат

A) Кемелер

B) Ағзалар

C) Минералдар

D) Мұнай

E) Тұз

8. Табиғи күйінде ағаш өсімдігі негізгі орын алатын табиғат зона:

A) Дала B) Шөл C) Шөлейт D) Тундра E) Орман

9. Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділіктің жоғары ауданы

A) Түрлі қаситеттегі судың араласуы

B) Жылы және салқын сулардың түйісу аймақтары

C) Батыс желдердің қуаттылығы

D) Беткі ағыстардың жылу мен ылғалды тасымалдауы

E) Жылы суларды полюстерге қарай бағыттауы

10. Африкадағы кофенің отаны атанған мемлекет.

A) Алжир.

B) Эфиопия.

C) Сенегал.

D) Того.

E) Ботсвана.

11. Қазақстанға тропиктік ауа массасы келеді

A) Күзде

B) Жыл бойы

C) Қыста

D) Жазда

E) Күзде

12. Екібастұз көмірінің … өзіндік құны төмен:

A) Орталықта орналасуына байланысты.

B) Көмірдің күлінің көп болуына байланысты.

C) Көмір қорының молдығына байланысты.

D) Географиялық орнына байланысты.

E) Жер бетіне жақын орналасуы және ашық әдіспен өндірілуіне

байланысты.

13. Түсті металлургияның алғашқы ірі кәсіпорындары

A) Риддер, Қарсақбай

B) Өскемен, Глубокое

C) Желоничка, Өскемен

D) Жуқарай, Балқаш

E) Қоңырат, Саяқ

14. Қазақстан Үндістан елінен алады.

A) түсті металлургия

B) ауыр өнеркәсіб өнімдерін

C) автомобиль бөлшектерін

D) дәрі-дәрмек, шай, тұрмыстық тауарлар

E) құрылыс материалдарын

15. Адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы.

A) Демография. B) Этнос. C) Еңбек ресурстары. D) Жастық құрамы. E) Миграция.

16. Әлемдегі ірі авиалайнер “Боинг-747” шығаратын компания орналасқан ел:

A) Жапония

B) АҚШ

C) Германия

D) Франция

E) Швейцария

17. Ресей халқының %-н орыстар құрайды

A) 60-62

B) 65-67

C) 70-72

D) 75-76

E) 80-82

18. Қытайдың негізгі басты астығы

A) Бидай.

B) Тары.

C) Күріш.

D) Арпа.

E) Жүгері.

19. Мұхит аралдарының сыртқа шығаратын басты өнімі

A) теңіз өнімдері

B) копра

C) табиғи каучук

D) дәнді дақылдар

E) жеміс-жидек

20. Жердің өз білігінен айналуы …себепші болады.

A) жыл ішіндегі ырғақтылықты

B) желдің қозғалуына

C) ауаның алмасуына

D) тәуліктік ырғақтылыққа

E) су айналымына

21. Тынық мұхиты жағалауындағы мемлекеттер:

A) Эквадор, Чили, Венесуэлла

B) Панама, Чили, Аргентина

C) Перу, Боливия, Чили, Эквадор

D) Чили, Перу, Эквадор

E) Колумбия, Бразилия, Эквадор

22. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар:

A) Тоғай B) Құмды шөл C) Тақыр D) Ну орман E) Тасты шөл

23. Сауыр-Тарбағатай Сарыарқаның қай жағында орналасқан.

A) Батыс.

B) Орталық.

C) Солтүстік-шығыс.

D) Оңтүстік-батыс.

E) Шығыс.

24. Орталық Қазақстанда қала халқының басым болу себебі:

A) Аса маңызды индустрия орталығы.

B) Қуатты жылу электр орталығының болуы.

C) Темір жол магистральдары өтеді.

D) Географиялық орны қолайлы.

E) Жер көлемі үлкен.

25. Темір кен қоры мол мемлекет:

A) Перу.

B) Венесуэла.

C) Аргентина.

D) Мексика.

E) Бразилия


ПІКІР ҚАЛДЫРУ