1. Каньон — беткейлері тік болатын, өте терең және тар аңғар. Қазақстанда ірі Шарын каньоны орналасқан.
2. Каппилярлық су — топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілетін су.
3. Карбонатты шөгінді — құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.
4. Киммериялық тектогенез — мезозой арасындағы катпарлық. Маңғыстау таулары түзілген.
5. Климат — белгілі бір аумақта жылма-жыл қайталанып отыратын ауа райының көп жылдық орташа жиынтығы.
6. Консервативті ландшафт — барлық кешендері динамикалық тепе-теңдік тапқан ландшафтылар.
7. Күн радиациясының интенсивтілігі — күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см2 бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.
8. Күннің тік радиациясы — күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.
9. Қалқанды жазық — тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған.
10. Қатқыл — беткі қабаты қабыршақтанып қатып жататын сор.
11. Ландшаф — құрамындағы табиғат компоненттері мен морфологиялық бөліктері өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар аймақтық табиғат кешені.
12. Магма — жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, балқыған, құрамында газ болатын масса. Суынғаннан кейін магмалық (жанартаулық) жыныстар түзеді.
13. Магмалық тау жыныстары — суынған лавадан түзіледі. Жер қыртысында қатып қалған магмалық тау жыныстары интрузивтік, ал жер бетіне ағып шыққандары эффузивтік деп аталады. Құрамындағы кремнезем мөлшеріне байланысты магмалық тау жыныстары қышқыл (алтын, хром, платина кендері), негізгі (темір мен титан кендері) және ультранегізді (никель, хром, платина кендері) болып бөлінеді.
14. Метаморфтық тау жыныстары — агмалық немесе шөгінді тау жыныстарына жоғары қысым немесе температура әсер еткенде қалыптасады. Магмалық жыныс гранит гнейске, ал шөгінді жыныстар мәрмәр, кварцит, тақтасқа айналуы мүмкін.
15. Минерал — минерал тау жыныстары құрамына енеді, олардың тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, кварц, слюда магмалық тау жыныстарға, ал доломит шөгінді жыныстарға тән.
16. Моласса — тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған үгінділі үйінділер.
17. Мортмасса — өсімдіктер мен жануарлардың құрап қалған қалдықтары.
18. Морфоқұрылым — ішкі және сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.
19. Морфомүсін — сыртқы кұштер (сұ, жел, мұздық, т. б.) әрекеттен түзілетін жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.)
20. Нарықтық қатынастар – нарықтың жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар
21. Неоген дәуірі — жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.
22. Неотектоникалық қозғалыс — неоген, антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы қозғалысы.
23. Нивальды белдеу — таудағы мәңгі қар басқан белдеу.
24. Оазис (жазира) — шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгектарлды алқап.
25. Оргектарногенді шөгінді — оргектарникалық жолмен тараған тау жынысы.
26. Орқаш тау — жер қыртысының жарықтары арасынан көтеріл¬ген бөлігі.
27. Палеоген дәуірі — жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.
28. Палеозой эрасы — жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі. Қазіргі кезеңнен 570 млн жыл бұрын басталып, 340-350 млн жылға созылған. Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі-ірі орман ағаштарына дейін дамыған. Жануарлар дүниесі омыртқасыздардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін дамыған.
29. Перьм дәуірі — палеозой эрасының ең соңғы дөуірі, 55 млн жылға созылған. Орал — Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.
30. Платформа жазығы — іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.
31. Плиталы жазық — шөгінді жамылғысы қалың жазық.
32. Радиациялық жылу — күн сәулесінің жылуы.
33. Регрессия — теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафтының құ-нарсыздану бағытындағы өзгерісі.
34. Рекреациялық жүйе — көрікті, саялы жерлер.
35. Реликтілі ұсақ шоқы — қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтық үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық (мысалы, Сарыарқа).
36. Сапрофаг — шіріп ыдыраған оргектарникалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.
37. Сахель – (араб. «жағалау», «шекара» немесе «жаға») – Солтүстік Африкадағы Сахара шөлінен саваннаға өтетіін өтпелі өңір. Ені 300-500 км, табиғи ландшафтысы тропиктік шөлейтке жатады. Климаты өте құрғақ
38. Саяси глобалистика – жаһандану үдерісінің саяси аспектілерін зерттеу. Саяси глобалистиканың ерекшелігіне сәйкес ғылым жаһандақ мәселелерді тек сипаттаумен шектелмейді, ол ядролық, азық-түліктік, энергетикалық, т.б жаһандық мәселелерді шешудің саяси құралдары мен әдістерін ұсынады
39. Сейсмикалық белдеулер — литосфералық плиталардың шекараларындағы қозғалмалы аймақтар, мұнда тау жасалулар жүреді, жер сілкінулер жиі қайталанады.
40. Синеклиза — жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ (мысалы, Каспий маңы ойпаты).
41. Сортаңданған топырақтар — құрамында едәуір тереңдікке дейін еріген күйдегі тұздар болатын топырақтар. Мұндай топырақтардың беткі бөлігі құрылымсыз, тығыз келеді. Сортаңданған топырақтар дала зонасының оңтүстігінде, шөлейт пен шөлде кездеседі.
42. Су буынып сублимациялануы — ауадағы су буынып төмен температуралық ортала мұз кристалдарына айналуы.
43. Тақыр — шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.
44. Тақырлар — шөлдердің өсімдіксіз бөліктері, негізінен сазды шөлдерге тән. Суды нашар өткізетіндіктен бетіндегі ылғал тез буланып кетеді. Біртіндеп жер беті жарылып, тақырлар қалыптасады. Тақырлар көбінесе Батыс Қазақстанда таралған.
45. Тамада — тасты шөлдердің араб тілінде аталуы.
46. Тартпа сор — шөл, шөлейт жөне дала зоналарының ащы (тұзды — лығы 1%-дан жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.
47. Тау беткейінің айналымдық әрекеті — тау беткейінің ауа ағысын тосыл қалу әрекеті.
48. Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті — тау беткейінің күн сөулесін тосыл қалу әрекеті.
49. Тау жотасы — созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері. Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды, мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады. Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйіндері деп атайды. Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.
50. Тау жыныстары — жер қыртысын құрайтын табиғи күйдегі минералдар. Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфтық деп бөлінеді.
51. Тектоника (грек. іекіопікоз — құрылыс) — геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құрылымдарын ғаламшардың (Жердің) уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.
52. Тектоникалық жарық — жердің ішкі күшіне байланысты жер кыртысының жарылуынан пайда болған жарық.
53. Тектоникалық қозғалыс — жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.
54. Теңіз трансгрессиясы — теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.
55. Триас дәуірі — мезозой эрасының юрадан кейінгі бордай бұрын¬ғы өткен дәуір. 35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.
56. Үгілу — тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен бұзылу процесі. Физикалық үгілу тау жыныстарының температураның күрт өзгерістері нәтижесінде бұзылуы болса, аяздық үгілу кезінде жыныстар саңылаулар мен капиллярларда судың қатып қалуы әсерінен бұзылады. Химиялық үгілу — әртүрлі қосылыстар әсерінен жыныстардың тотығып, үгілуі, ал органикалық немесе биологиялық үгілу тірі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде жүреді.
57. Хемосинтез — кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар бейоргектарникалық заттардан оргектарникалық зат түзе алады).
58. Циклон — ауа массаларының құйын тәрізді қозғалатын аймағы, орталығында төмен қысым байқалады. Қысымның таралуына байланысты желдер шеттерінен орталыққа қарай соғады. Жер шарының өз осінен айналуына байланысты желдер солтүстік шарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта, оңтүстік шарты шарда сағат тілі бағытына сәйкес соғады.
59. Циркті ойыс — аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мүздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.
60. Шашыранды радиация — күн сәулесінің ауа қабатынан өткен- де ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.
61. Шөгінді тау жыныстары — минералды бөлшектердің, тірі организмдердің қалдықтарының жиналуынан түзілетін жыныстар. Құрамындағы бөлшектерінің мөлшеріне қарай саз (0,001 мм-ден аз), лесс (0,1 мм-ге дейін), қиыршық тастар (1-10 мм) және т.б. деп бөлінеді. Тіршілігін тоқтатқан организмдердің қалдықтарынан әктас, мұнай сияқты шөгінді тау жыныстары түзіледі.
62. Шық нүктесі — ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.
63. Ылғалдану коэффициенті — нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.
64. Экзогендік геоморфологиялық процесс — сыртқы күштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.
65. Экология — тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым-қаты- насы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
66. Экологиялық жағдай — айналадағы ландшафт ортасының жаратылыс жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).
67. Экологиялық фактор — айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күн қызуы мен жел, су, өсімдіктер, жануарлар, адам әрекеті).
68. Эндемик — таралу ауданы өте шектеулі өсімдіктер мен жануарлардың түрі, туысы, тұқымдасы.
69. Эол (грек. аіolos — жер әміршісі), Аккумуляция (лат. accumulatio — жиналу). Жел ұзақ уақыт айдал көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий теңізінен Қызылқұмға дейінгі аймақтағы эолдық құмдар) болады.
70. Эффузия (лат. effusio — төгілу) — жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (маг¬ма, вулкандық тау жыныстары).
71. Эффузиялық тау жыныстары — лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат-қабаттары арасында суынуынан түзілген атпа магмалық тау жыныстары.
Ұқсас материалдар:
- Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары (А әріпі бойынша)
- Материктер мен мұхиттар географиясы туралы тест жауабымен (І нұсқа)
- Материктер мен мұхиттар географиясы туралы тест жауабымен (ІІ нұсқа)
- Географиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
- Географиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
- «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
- Географиядан аттестация сұрақтары жауабымен
- Жер-күн жүйесінің ғаламшары
- Географиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
- Жердің ең сыртқы қатты қабаты. Литосфера туралы түсінік
- Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
- Географиядан ҰБТ сұрақтары