Үңгірлер туралы

0
2048

Үңгір дегеніміз — ерігіш тау жыныстарының бұзылуы, мүжілуі салдарынан пайда болатын жер қыртысындағы қуыстар. Ерігіш тау жыныстарына көбіне әстас, гипс, доломит, т.б жатады. 

Үңгірлердің ұзындығы ондаған, жүздеген метрден, кейде бірнеше ондаған километрге дейін жетеді. Жер асты және тау беткейлеріндегі үңгірлердің бір немесе бірнеше ауыздары жер бетіне шығып жатады.

Қазақстанда қазір 140-тан астам үңгір белгілі болды. Қаратау жотасында — 80, Талас Алатауы мен Өгем жотасында -20, Үстірт пен Маңғыстауда — 11, Каспий ойпаты мен Солтүстік Аралда -4, Сарыарқада — 12, Алтай, Қолба, Тарбағатайда — 5, Жетісу Алатауында — 2, Іле Алатауында — 6 үңгір бар. Олардың ішінде Октябрь үңгірі, Ақмешіт әулие үңгірі, Ащысай үңгірі, Баянауыл үңгірі, Мақпал үңгірі, Маңғыстау үңгірлері, Кенесары үңгірі, Үстірт үңгірлері елімізде танымал. Бұл үңгірлер туристік маңызы бар орындарға жатады. 

Қазақстандағы ең ұзын үңгір Іле Алатауында орналасқан. Ол Іле Алатауының солтүстік  беткейінде, теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте. Үңгірдің ұзындығы 1390 метрге жетеді. Шымбұлақ спорт базасынан 3 шақырым жерде орналасқан бұл үңгір — Октябрь үңгірі деп аталады.

Үңгірлерді зерттеумен спелеология (үңгіртану) деген ғылым саласы айналысады. 

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ