Мұздықтар туралы ақпарат

0
4149
Freepik.com

Мұздықтарды кейде мұзарттар деп те атайды. Олар жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы.

Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерде пайда болады.

Әдетте, тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде шоғырланады. Қазақстандағы биік тау өңірлеріндегі мұздықтардың жалпы саны 2700-ден асады. Ал жалпы ауданы — 2033,0 км (2).

Корженевский мұздығы. Еліміздегі ең ірі әрі көлемді мұздыққа Корженевский мұздығы жатады. Ол Іле Алатауындағы Есік өзені алабында жатыр. Оның ұзындығы — 11,7 км, жалпы ауданы — 38,0 км(2), көлемі — 6,3 км(3). Мұздыққа қарма-қарсы Іле Алатауының ең биік жері — Талғар шыңы (5017 м) орналасқан.

Берг мұздығы.  Берг мұздығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында 4247 м биіктікте орналасқан. Мұздықтың жалпы ауданы — 14,4 км(2), орташа қалыңдығы — 80 м, көлемі — 1,5 км (3). Мұздықтан Лепсі өзеніне келіп құятын Балақора өзені бастау алады.

Бұл мұздықтардан басқа Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз, Талас Алатауларында да мұздықтар жиі кездеседі.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Тау асулары дегеніміз не?

  2. Алатау мен Алтай тауы

  3. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  4. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  5. Сыр бойы туралы ақпарат

  6. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  7. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ